98
Сонымен қатар сыртқы ортаның иондағыш сәулелермен,
химиялық
улы
заттармен
ластанулары
организм
реактивтілігіне
үлкен
әсер
етеді.
Автокөліктердің
шығаратын улы газдарының зардабынан адамдардың вирустар
мен микробтарга қарсы төзімділігі азаяды.
Осыдан ірі
қала тұрғындарының арасында тыныс жолдары мен өкпе, жүрек
аурулары жиі кездеседі.
Әлемде жылына 1 миллионнан астам тонна пестицидтер
өндіріледі. Хлорорганикалық пестицидтер сыртқы ортада 10
жылдан астам ыдырамай сақталып қалады. Адам денесіне
түсіп олар барлық ағзалардың қызметтерін бұзады. Адам
денсаулығына
тигізетін
олардың
зияндары,
кейбір
ғалымдардың
пікірлері бойынша, радийбелсенді заттардың
зардабынан бірде-бір кем түспейді.
Даралық реактивтілік адамның
жасына
байланысты болады.
Осыдан: ерте балалық жастағы реактивтіліктің төмен болуы,
организмнің
кемелденуіне
байланысты
реактивтіліктің
жоғарылауы және қартайған
организмнің реактивтілігі
қайтадан төмендеуі байқалады.
Ерте балалық шақтағы реактивтіліктің төмен болуы мына
жағдайларга байланысты:
● сыртқы және ішкі биологиялық тосқауылдардың толық
жетілмеуіне;
● жүйке және эндокриндік жүйелердің жетілмеуіне;
● иммундық жүйенің толық дамымауына.
Достарыңызбен бөлісу: