349
Бұл антиденелер аутоаллергендері бар жасушаларға F
ab
-
бөлшектерімен
барып
жабысады.
Содан
п
атохимиялық
өзгерістер сатысы
дамиды, аллергияның дәнекерлері пайда
болады.
Бұл дәнекерлерге комплементтің құрамбөлшектері
(С
3а
, С
3в
, С
5-9
), лизосомалық ферменттер (катепсиндер,
ДНКаза, РНКаза, эластаза т.б.), оттегінің бос радикалдары
(супероксиданионрадикал, гидроксил тобы, сутегінің асқын
тотығы), калликреин - кинин жүйесінің өнімдері жатады.
Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында
аллергені бар
жасушалардың ыдырауы байқалады. Ол
комплементке-тәуелді
және
комплементке-тәуелсіз
делінетін екі түрлі жолмен
болады. Комплементке-тәуелді жолында комплементтің С
3а
құрамбөлшегі қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін
көтереді, С
3в
құрамбөлшегі фагоцитозды әсерлендіреді, С
5а
нейтрофилдерге
хемотаксистік
әсер
етеді,
С
5-9
құрамбөлшектері жасушалардың қабықтарының өткізгіштігін
арттырып, оларда су мен электролиттер алмасуын бұзады.
Достарыңызбен бөлісу: