Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі



Pdf көрінісі
бет290/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Аллергиялық серпілістердің цитотоксиндік II-ші түрі. 
Аллергияның бұл түрінде аллерген болып организмнің 
өзінің сау немесе өзгерген меншік жасушалары мен тіректік 
мембраналары есептеледі. Олар мына жағдайларда: 
● жарақат, қабыну, қанайналымының бұзылысгары т.с.с. 
жағдайларда кейбір тіндерде (ми құрылымдары, қалқанша 
без, көз бұршағы, атабез) биологиялық тосқауылдардың 
бұзылыстарынан табиғи аутоантигендер қанға түскенде; 
● ыстық немесе суық темпуратуралардың, химиялық 
заттардың, дәрі-дәрмектердің, микробтар мен олардың 
уыттарының, вирустардың т. б. ықпалдардың әсерлерінен 
бүлінген жасушалар мен тіндер - аутоаллерген болуы 
ықтимал. 
Иммундық 
серпілістер 
сатысында 
аутоаллергеннің 
танылуы макрофагтардың қатысуымен болады да, Т- және В-
лимфоциттерінің өзара әрекетесулерінен, В-лимфоциттері 
плазмалық жасушаларға айналып, IgG
1 - 3
және IgM өндіреді. 


349
Бұл антиденелер аутоаллергендері бар жасушаларға F
ab

бөлшектерімен 
барып 
жабысады. 
Содан 
п
атохимиялық 
өзгерістер сатысы 
дамиды, аллергияның дәнекерлері пайда 
болады.
 
Бұл дәнекерлерге комплементтің құрамбөлшектері 


, С

, С
5-9
), лизосомалық ферменттер (катепсиндер, 
ДНКаза, РНКаза, эластаза т.б.), оттегінің бос радикалдары 
(супероксиданионрадикал, гидроксил тобы, сутегінің асқын 
тотығы), калликреин - кинин жүйесінің өнімдері жатады. 
Патофизиологиялық бұзылыстар сатысында 
аллергені бар
жасушалардың ыдырауы байқалады. Ол 
комплементке-тәуелді
және 
комплементке-тәуелсіз
делінетін екі түрлі жолмен 
болады. Комплементке-тәуелді жолында комплементтің С
3а 
құрамбөлшегі қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін 
көтереді, С
3в 
құрамбөлшегі фагоцитозды әсерлендіреді, С
5а 
нейтрофилдерге 
хемотаксистік 
әсер 
етеді, 
С
5-9 
құрамбөлшектері жасушалардың қабықтарының өткізгіштігін 
арттырып, оларда су мен электролиттер алмасуын бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет