Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет293/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Сарысулық 
ауру
адамға 
жылқының 
емдік 
сарысуын 
қайталап, кейде көп мөлшерде бір рет, енгізгенде 
байқалады. 
Дерт 
жіберілген 
бөтен 
антигенге 
қарсы 
антиденелер түзілгеннен кейін біртіндеп дамиды. Сондықтан 
емдік сарысуды бірінші жібергеннен кейін 7-12 күн өткен 
соң сырқат адамның лимфалық түйіндері ұлғаяды, есекжем, 
теріде қышитын бөртпелер пайда болады, көз қабағы, бет 
және буындар ісінеді. Кейде олар ауырып, дене қызуы 
көтеріледі. Бұл белгілердің пайда болуы организмде 
жылқының қан сарысуына арнайы антиденелер өндірілуімен 
байланысты. Өндірілген антиденелер қанда бос күйінде 
айналып жүрген жылқының қан сарысуымен (аллергенмен) 
байланысып, иммундық кешен құрады. Олар қылтамырлардың 
эндотелий жасушаларына, тері, бүйрек т. б. тіндердің 
жасушаларына, 
лимфоциттерге 
жабысады. 
Осыдан 
қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлайды
ісіну, есекжем, лимфалық түйіндердің шошуы, бүйрек 
шумақтарының, жүректің қабынулары т.с.с. бұзылыстар 
дамиды. 
11-сурет. Дереу дамитын жоғары сезімталдықтың 
иммундық кешендік (Ш-түрі) түрі (I. С. Е. 
ІІпйепуоой)
эндот
елий 
жасуш
алары


352
Аллергиялық серпілістердің жасушалардың 
қатысуымен дамитын IV-ші түрі немесе баяу дамитын 
жоғары сезімталдық (БДЖС).
БДЖС-ты алғаш 1890 жылы Р. Кох ашты. Ол туберкулезбен 
ауыратын адамның тері астына туберкулин енгізгенде 24-48 
сағаттан кейін сол жерде қызару, домбығу пайда болатынын 
көрсетті. 
Демек, 
туберкулездің 
микобактерияларымен 
организмнің 
түйісуі 
нәтижесінде 
оның 
сезімталдығы 
жоғарылайды, 
сенсибилизация 
дамиды. 
Осыған 
Пирке 
реакциясын қою негізделген. 
БДЖС тек XX ғасырдың 40 -50 жылдары зерттеушілердің 
назарын аударды. Өйткені ағзалардың басқа организмге 
ауыстырылып отырғызылуына байланысты тін үйлесімсіздігін 
зерттеу кездеріеде трансплантациялық иммунитет деген 
түсінік қалыптасты. Бөтен қондырымды тойтарудың негізгі 
жолы жасушалардың қатысуымен болатыны белгілі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет