Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет292/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Патофизиологиялық 
бұзылыстар 
немесе 
клиникалық 
көріністер сатысы. 
Комплементтің С

құрамбөлшектері
қан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігін көтереді, С

құрамбөлшектері 
нейтрофилдерге 
және 
макрофагтарға 
хемотаксистік әсер етеді. Осыдан нейтрофилдер аллерген - 
антидене кешенін фагоциттейді және коллагеннен тұратын 
серпімді 
талшықтарын 
ыдырататын, 
қан 
тамырларының 
өткізгіштігін жоғарылататын лизосомалық ферменттерді, 
оттегінің бос радикалдарын бөліп шығарады. Бұлар 
тіндердің ыдырауына, жасуша аралық сұйықта К
+
және Са
2+ 
иондарының мөлшері көбеюіне әкеледі. Осыдан тіндердің 
жүйкелік-еттік 
қозымдылығы 
көтеріледі. 
Протеолиздік 
ферменттердің әсерленуіне байланысты тіндердің және 
тамыр қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, ісіну 
пайда болады (11-сурет). 
Иммундық кешендер (преципитаттар) тромбоциттердің 
сыртына жабысып, оларды ыдыратады; қан ұюына қажетті 
тромбоциттік, фосфолипидтік фактор 3 босайды, тамыр 
ішінде қан ұюы болады, тромб құрылады, кейде қан кетулер 
болады. 
Аллергиялық 
серпілістердің 
бұл 
түрі 
Артюс 
феноменінде, сарысулық ауру, анафилаксиялық сілейме 
(шок), құздама, гломерулонефрит, қанағыштық васкулит, 
жүйелі қызыл жегі аурулары кездерінде байқалады. 
Артюс-Сахаровтың феноменін
қояндарда алуға болады. Ол 
үшін қоянға 0,5-1 мл жылқы қан сарысуын әрбір 5-6 
тәуліктен кейін тері астына енгізу керек. Біртіндеп 
енгізілген сарысудың сіңірілуі азайып, гиперемия, ісіну 
мен лейкоциттердің тамыр сыртына шығуларымен сипатталатын 
қабыну пайда болады. 4-5 екпеден кейін сарысу енгізілген 
жердің тері астында және теріде қарқынды некроздық қабыну 
байқалады. Бұл кезде қанда тұндырғыш (преципитиндер) 
антиденелердің мөлшері қатты көтеріледі. Бұл преципитин-
дердің аллергендермен байланысуы иммундық кешендердің 
(преципитаттардың) 
құрылуына 
әкеледі. 
Олар 
тері 


351
қылтамырларының эндотелий жасушаларын бүліндіріп, тамыр 
ішінде қан қатпаларының пайда болуына әкеліп, некроздық 
қабынуды 
дамытады. 
Осындай 
жергілікті 
бүліністер 
адамдарда да кездесуі мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет