Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет288/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

дамитын 
жоғары 
сезімталдық 
жағдай.
Ол 
жануарларда тәжірибеде жақсы зерттелген. Анафилаксиялық 
сілейме 
сезімталдығы 
көтерілген 
жануардың 
қанына 
антигеннің (бөтен қан сарысуының) қайталап шешуші өлшемін 
енгізгенде 
дамиды. 
Бұл 
елшем 
сенсибилизация 
үшін 
енгізілген өлшемнен 10 есе артық болуы керек. 
Анафилаксиялық сілейме әртүрлі жануарларда әртүрлі 
жолдармен дамиды. Теңіз доңыздарында ол бронхиолалардың 
тегіс салалы еттерінің қатты жиырылуымен сипатталады. 
Осыдан өкпе ұяшықтарының қатты керіліп созылуы (эмфизема) 
және, ауа алмасуы тоқтауынан, олардың солып қалуы 
(ателектаз) байқалады. Осыдан бұл жануарлар тұншығудан 
өледі. 
Иттерде анафилаксиялық сілейме іш қуысы ағзаларының 
(бауыр, ішек-қарын т. б.) қан тамырлары кеңуімен және 
оларда қанның іркіліп қалуымен сипатталады. Осыдан 
айналымдағы қан көлемі азаяды, артериялық қан қысымы 
төмендейді, жүрек соғуы әлсірейді. 
Қояндарда ол өкпе артериолаларының жиырылуымен, содан 
жүректің оң жақ қарыншасының қызметі нашарлауымен, қанның 
үлкен 
қан 
айналым 
шеңберінде 
іркілуімен, 
жүрек 
шығарымының 
азаюымен 
және 
артериалық 
қысымның 
темендеуімен сипатталады. Осы келтірілген тәжірибелік 
деректерге байланысты әртүрлі жануарларда анафилаксиялық 
сілейме дамуына жауапты ағзалар болады. Оларды 
сілеймелік 
(шоктық) ағза
– деп атайды. 
Адамда бұл сілейме ауыр түрде өтеді. Ол дәрі-
дәрмектердің (пенициллин, новокаин, аспирин, витамин В
1
т. б.) әсерлерінен оларды егулердің нәтижелерінде жиі 
байқалады. Сонымен қатар кейде аллергендердің ауыз 
арқылы, тыныс жолдарымен енгендерінде және ерекше 
сезімтал адамдарда, емдік май ретінде тіпті теріге 
жаққанда да дамуы мүмкін. Балаларда анафилаксиялық 
сілейме сыйыр сүтіне, жұмыртқаға, балыққа, жаңғаққа т. б. 
дамиды. Бұл сілейменің адамдағы көрінісгері әртүрлі болуы 


346
ықтимал. Жиі жүрек-тамыр қызметінің жеткіліксіздігі 
(коллапс) байқалады, тамыр соғуы әлсіреп, жиілейді. Тыныс 
алу өзгереді, қатты жөтел, бронхоспазм, ауа жетіспеушілік 
сезімі, тұншығу дамиды.
Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары, кейде естен тану 
болады. Бұл кезде қорқыныш сезімі, қобалжу, бас ауыруы, 
құлақ шуылдауы, қатты терлеу, кейде есекжем және Квинке 
ісінуімен қабаттасатын, тері қышуы байқалады. 
Ас қорыту жолдарының қызметі бұзылады. Осыдан жүрек 
айну, құсу, іштің ауыруы, іш кебу, іш өту, кейде еріксіз 
дәрет бұзылуы байқалады. 
Осы 
келтірілген 
аллергиялық 
серпілістердің 
анафилаксиялық (реагиндік) түрімен атопиялық (грек. 
atopia – оғаш) ауруларда дамиды. Бұл ауруларға поллиноз, 
атопиялық бронхиалық демікпе, есекжем, Квинке ісінуі 
т.с.с жатады. Олардың аллергендері болып эпидермис 
жасушаларының антигендері, өсімдік тозаңдары, дәрілер, 
тағамдық т. б. заттар есептеледі. Бұл аллергендер 
организмге тыныс алу, ас қорыту жолдары, тері арқылы 
түседі. 
Поллиноз 
(грек. pollen - өсімдіктер тозаңы) - 
өсімдіктер гүлдеп тұрғанда олардың тозаңдары тыныс 
жолдарына және көзге түсуіне байланысты мезгіл-мезгіл 
пайда 
болатын 
ауру. 
Өсімдік 
тозаңдарына 
сезімтал 
организмге олардың қайталап түсуі мұрынның шырышты 
қабығын, көзді қоздырып, ринит, коньюнктивит дамытады. 
Содан мұрыннан көп шырыш, көзден жас бөлінеді, көз 
қабағының қышуы, түшкіру болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет