Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Патофизиологиялық бұзылыстар



Pdf көрінісі
бет285/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Патофизиологиялық бұзылыстар 
сатысы осы көрсетілген 
аллергияның біріншілік және екіншілік дәнекерлерінің 
нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осыдан: 
● 
артериалық 
қысымның, 
майда 
қан 
айналымның 
өзгерістеріне әкелетін қан тамырларының жергілікті және 
жүйелік өзгерістері (терінің қызаруы, артериалық қан 
қысымының төмендеуі т.с.с.) байқалады; 
● 
қан 
тамырлары 
қабырғаларының 
өткізгіштігі 
жоғарылайды, содан ісіну дамиды
● тегіс ет жасушаларының қатты жиырылып қалуынан 
бронхоспазм, ішектердің бұрап ауыруы, іш өту т.с.с. 
құбылыстар пайда болады
● қан ұю және ұюға қарсы, фибринолиздік жүйелердің 
бұзылыстарынан тамыр ішінде қан қатпалары пайда болуы 
немесе қан ұйымауынан қанағыштық синдром дамуы байқалады
● эпителий жасушаларының шырыш шығару қабілеті 
көтерілуінен кеңірдекшелерде тұтқыр қақырық өндіріледі; 
● сезімтал жүйке аяқшалары қоздырылудан ауырусыну, 
қызу, қышыну сезімдері болады
● тіндерде жасушалардың сіңбелерімен көрінетін қабыну 
дамиды; 
● аллергені бар нысана жасушалардың ыдырауы (цитолизі) 
байқалады. 
Цитолиз үш түрлі жолмен болуы мүмкін: 
♣ жасуша сыртындағы цитолиз, мәселен, эозинофилдердің 
пероксидазалары 
мен 
катиондық 
нәруыздары 
сыртына 
шығарылып, антигені бар жасушаларды (құрттарды) ерітіп 
жібереді; 
♣ жасуша ішіндегі цитолиз, мәселен, фагоцитоз кезінде 
фагоциттердің ішінде ыдыратылып кету
♣ жанасулық цитолиз, мәселен, Т-жендет жасушалары 
аллергені бар жасушамен жанасудан перфорин атты нәруыз 
өндіріп, нысана - жасуша қабықтарында көптеген тесіктердің 
пайда болуына әкеледі және эндонуклеаза ферменттерін 
әсерлендіріп, 
апоптозды 
әсерлендіреді. 
Макрофагтар 
цитокиндер 
шығарып 
және 
лизосомалық 
ферменттерінің 
қатысуымен жасушаларды ерітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет