371
Бактериялардың
антигендік
анықтағыш
топтары
(эпитоптары) адам тіні жасушаларының антигендерімен ұқсас
болғанда
бактерияларға иммундық жауап тін жасушаларына
қарсы аутоиммундақ бүліністер дамуын туындатады. Ол
әсіресе тін үйлесімділігінің үлкен
кешенінің бұзылыстары
кездерінде
байқалады.
Мәселен,
гемолиздік
стрептококктардың антигендік қасиеті адам бүйрегіндегі
тіректік мембрананың, буын т.б. ағзалары тіндерінің
антигендерімен ұқсас болады.
Содан осы жұқпаға қарсы
өндірілген
антиденелер
көрсетілген
тіндердің
антигендерімен
байланысуларынан
олардың
аутоиммундық
бүліністері дамиды.
Майда саңырауқұлақтар.
Олардың орналасқан жерлеріне
қарай, сонымен қатар аллергия туындататын,
әрі уыттылық
қасиеттеріне қарай аурулардың бірнеше түрлерін ажыратады.
Майда
саңырауқұлақтардың
иммуногендік
қасиеті
төмен
болғандықтан
организмде
оларға
қарсы
антиденелер
өндірілмейді.
Бұл
кезде
иммунитет
жасушалардың
(әсерленген макрофагтардың, Т-жендет лимфоциттердің және
жасушалардың) қатысуымен нысана-жасушаларға антиденелерге-
тәуелді уыттылықпен қамтамасыз
етіледі және организмде
аллергия дамуына жиі әкеледі.
Тыныс
алу
және
несеп-жыныс
жолдарының
шырышты
қабықтары майда саңырауқұлақтармен бүлінгенде аллергиялық
серпілістердің I-түрінің даму мүмкіншіліктері болады.
Терінің терең қабаттары майда саңырауқұлақтармен
бүлінгенде
аллергиялық
серпілістердің
жасушалардың
қатысуымен дамитын IV-түрі жиі байқалады.
Теріде және ішкі ағзалардың (әсіресе кеңірдекшелер мен
өкпенің) шырышты қабықтарында
майда саңырақұлақтар ұзақ
мерзім сақталғанда аллергиялық серпілістердің иммундық
кешендік III-түрі даму мүмкіншілігі болады.
Осылармен
қатар,
майда
саңырауқұлақтарға
қарсы
иммунитеттің
әлсіреуі
аутоиммундық
аурулар
дамуымен
қабаттасады. Керісінше, аутоиммундық
аурулар кездерінде
майда саңырауқұлақтармен тіндердің бүліністері жиілейді.
Осыдан кандидомикоздар мен аутоиммундық эндокринопатиялар
қабаттасып кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: