500
- сызбанұсқа
Коронарлық артериялардың атеросклероздық өзгерістері
мен олардың қатты жиырылып қалуы эндотелий жасушаларының
атқаратын
қызметтерінің
бұзылыстарына
әкеледі
(-
сызбанұсқа). Бұл кезде әртүрлі себептерден пайда болатын
биологиялық белсенді заттардың (серотонин, гистамин,
лейкотриендер, брадикинин, аденозин, АДФ т.с.с.), асқын
тотықтардың босап шығуынан майда қан тамырлардың эндотелий
жасушаларында нәзік құрылымдық, дистрофиялық өзгерістер
дамиды. Сонымен бірге эндотелий жасушаларының бүлінуінен
тіндік тромбопластиннің босап шығуы, тромбоциттердің
адгезиясы мен агрегациясы күшеюімен біргө, X – фактордың
әсерленуі арқылы қан үю үрдістері артады. Осыдан майда
тамырларда тромбоздар дамиды.
Сонымен
бірге
эндотелий
жасушаларының
қызметтері
бұзылғанда тромбоциттердің агрегациясынан серотонин босап
шығады, тромбиннің, ангиотензин II-нің, норадреналин мен
вазопрессиннің әсерлерінен эндотелин өндірілуі артады.
Достарыңызбен бөлісу: