Патогенді коктар және ішекті инфекциялар бойынша коллоквиумның сұрақтары



бет1/3
Дата29.11.2022
өлшемі23,33 Kb.
#160343
  1   2   3
Байланысты:
Аралық бақылау 2
3. тапсырма, 10 апта ТС-10, 10 апта ЗЖ-5, Үй тапсырмасы 16.09.2022

Тақырыбы:Аралық бақылау: «Бактериялық инфекциялар» бөлімі бойынша коллоквиум.

Мақсаты:«Бактериялық инфекциялар» бөлімі бойыншастуденттердің білімін тексеру.


Патогенді коктар және ішекті инфекциялар бойынша коллоквиумның сұрақтары

  1. Стафилококтар. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялық қасиеттері. Стафилококтардың түрлері, айырмашылықтары. Экологиясы. Сыртқы орта факторларыныңәсеріне тұрақтылығы.

  2. Іріңді-қабыну үрдістегі стафилококтардың этиологиялық ролі. Госпитальды стафилококты инфекция. Стафилококты инфекциялардыңзертханалық диагностикасы. Материал, әдістер.

  3. Стафилококтардыңпатогенді факторлары. Анықтау әдістері.

  4. Стафилококты инфекциялардағы иммунитет. Емдеу және ерекше алдын алу.

  5. Стрептококтар. Патогенді стрептококтардың түрлері. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық және антигендік белгілері. Гемолитикалыққасиеттерінің және антигендікқұрылысының айырмашылықтары.

  6. Стрептококтардың патогенді факторлары. Патологиядағы ролі.

  7. Стрептококтардың ревматизм патогенезіндегі ролі. Стрептококтардың скарлатинаның этиологиясындағы ролі. Дик реакциясы.

  8. Стрептококты инфекцияларды анықтау, емдеу және алдын алу әдістері.

  9. Кокты сепсистіңзертханалық диагностикасы.

  10. Пневмонияның стрептококтары. Морфологиялық, дақылдық және биохимиялыққасиеттері. Патогендік факторлары.

  11. Пневмококты инфекциялардыңзертханалық диагностикасы.

  12. Менингококтар. Биологиялыққасиеттерінің сипаттамасы. Инфекцияның түрлері.

  13. Менингококты инфекциялардың зертханалық диагностикасы. Ерекше сақтандыру.

  14. Гонококтар. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялыққасиеттері. Сыртқы ортада тұрақтылығы. Таралу жолдары.

  15. Жедел және созылмалы гонококты инфекциялардыңзертханалық диагностикасы. Гоновакцина.

  16. Энтеробактериялардың жалпы сипаттамасы және жіктелуі. Морфологиялық, дақылдық, биохимиялық белгілері. Оларды өсіру үшін қажеттіқоректік орталар.

  17. Энтеробактериялардың экологиясы. Тұрақтылығы. Антигендері. Патогендік факторлары. Адам патологиясындағы ролі.

  18. Эшерихиялар. Экологиясы, адам ішегіндегі физиологиялық ролі және санитарлы-көрсеткіштік маңызы. Колибактерин.

  19. Эшерихиялар. Морфологиясы. Дақылдық және биохимиялық белгілері. Эндо, Левин, Плоскирев орталарында өсуінің сипаттамасы. Антигендік құрылысы.

  20. Адам патологиясындағы эшерихиялардың ролі. Иммунитет.

  21. ЭПІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Энтериттердегі этиопатогенетикалық ролі. Балаларды ішекті коли-инфекциялардан сақтандырудағы иммундыглобулиндердің ролі.

  22. ЭПІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Тырысқаққа ұқсас іштіңөтуіндегі олардың этиопатогенетикалық ролі.

  23. ЭПІТ. Серотоптары. Патогендік факторлары. Дизентерияға ұқсас колиттердегі этиопатогенетикалық ролі.

  24. Ішекті коли-инфекцияныңзертханалық диагностикасы.

  25. Шигеллалар. Жіктелуі. Морфологиялық, биохимиялық және дақылдық белгілері. Эндо, Левин, Плоскирев орталарында өсуінің сипаттамасы. Патогендік факторлары. Антигендік құрылысы.

  26. Қоздырғыштың экологиясы. Дезинтериядағы иммунитет. Дизентерияныңзертханалық диагностикасы. Бактериялық препараттары.

  27. Сальмонеллалар. Жалпы сипаттамасы.

  28. Сальмонеллалардың антигендік құрылысы. Кауфман-Уайт жіктеуі.

  29. Іш сүзегі мен паратифтердіңқоздырғыштары, олардың сипаттамасы. Іш сүзегі мен паратифтердің патогенезі, иммунитет.

  30. Іш сүзегі мен паратифтердіңзертханалық диагностикасы. Ерекше алдын алу.

  31. Іш сүзекті тасымалдаушылықтыңзертханалық диагностикасы.

  32. Сальмонеллалар – тағамдық токсикоинфекциялардыңқоздырғыштары. Патогенезі. Зертханалық диагностикасы.

  33. Тырысқақ вибриондарының жіктелуі. Морфологиясы, дақылдық және биохимиялыққасиеттері. Антигендік құрылысы.

  34. Холероген. Тырысқақтыңпатогенезі.

  35. Зертханалық диагностика әдістері. Тырысқақтың жедел диагностикаәдістері.

  36. Тырысқақты емдеудің негізгі принциптері. Тырысқақтан ерекше сақтандыр.



Дағдылықтар бөлімі:

  1. Менингококк, стафилококк, стрептококк, эшерихия таза дақылдарынан жасалған, Грам әдісімен боялған жағындылар.

  2. Соз кезіндегі аяқталмаған фагоцитозы бар жағынды.

  3. Стафилококтыңплазмокоагуляция реакциясы.

  4. Стафилококты фаготиптеу.

  5. Қан қосылған және СТА орталарында стафилококтыңөсуі.

  6. Видаль реакциясы (6 нұсқа).

  7. Рессель ортасында энтеробактериялардың өсуі.

  8. Ішек инфекцияларында қолданылатын дифференциалды-диагностикалық орталар.

  9. Стафилококтардың ала қатары.

  10. Эшерихиялардыңалақатары.

  11. Іш сүзегі мен паратифтер сальмонеллаларыныңалақатары.

  12. Ішек таяқшасының тірі және қыздырылған дақылдарымен жасалған агглютинация реакциясы.

  13. Нәжіс экстрактымен және тырысқақтық антиденелі эритроцитарлы диагностикумымен қойылған ПГАР.

  14. Ермольева әдісі.

  15. Нәжіс экстрактымен және дизентериялық антиденелі эритроцитарлы Флекснермен Зонне диагностикумдарымен қойылған ПГАР.

  16. Тасымалдаушыныңқан сарысуымен және іш сүзектіVi – антигендіэритроцитарлыдиагностикумыменқойылған ПГАР.

  17. Ситуациялықесептер.

  18. Талдау нәтижелері бар қағаздар.

  19. Бактериялықпрепараттар.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет