Патогенді коктар және ішекті инфекциялар бойынша коллоквиумның сұрақтары



бет2/3
Дата29.11.2022
өлшемі23,33 Kb.
#160343
1   2   3
Байланысты:
Аралық бақылау 2

Антропозоонозды, ауаөтамшылық, жыныс жолымен таралатын және қанды аурулар бойынша коллоквиумның сұрақтары:

  1. Дифтерия қоздырғышының жіктелуі. Оның қасиеттері. Дифтерия коринебактерияларының биоварлары мен сероварлары. Экологиясы.

  2. Дифтерия коринебактерияларының дифтероидтардан айырмашылығы. Дифтерия экзотоксины. Дифтерияның патогенезі.

  3. Дифтерияның зертханалық диагностикасы. Волютин дәндерін Нейссер әдісімен бояу. Токсигендікті анықтау.

  4. Иммунитет. Шик реакциясы. Дифтерияны емдеу үшін қолданылатын сарысулар.

  5. Көкжөтел қоздырғышының қасиеттері. Бронхисептика, паракөкжөтел және көкжөтел бордетеллаларының айырмашылықтары. Зертханалық диагностикасы. Көкжөтелден ерекше сақтандыру.

  6. Микобактериялардың жалпы сипаттамасы. Микобактериоздар қоздырғыштары. Циль-Нильсен әдісімен бояу.

  7. Туберкулез қоздырғышының сипаттамасы. Жұқпалы процестегі аллергияның ролі. Туберкулин. Иммунитет.

  8. Туберкулездің зертханалық диагностикасы. Туберкулездің химиотерапиясы және ерекшелікті алдын алу.

  9. Аалапестің қоздырғышы. Морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері. Алапестің зертханалық диагностикасы. Лепраны емдеу және оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  10. Қандай аурулар антропозооноздарға жатады? Бруцеллалардың жіктелуі, олардың сипаттамасы. Экологиясы. Бруцеллездін патогенезі, иммунитетінің ерекшеліктері.

  11. Бруцелездің зертханалық диагностикасы. Бруцеллезді зерттеу үшін алынатын материал. Бруцеллезді емдеу, анықтау және оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  12. Түйнеме қоздырғышының сипаттамасы. Патогендік факторлары. Экологиясы. Түйнеменің патогенезі. Иммунитет.

  13. Түйнеменің зертханалық диагностикасы. Түйнемені зерттеу үшін материал. Ожешко бойынша спораларды бояу.

  14. Асколи реакциясы, оның маңызы, қою техникасы. Түйнемені емдеу, анықтау, оның алдын алу үшін қажетті препараттар.

  15. Аса қауіпті инфекцияларды зерттеген кездегі зертхана тәртібі. Иерсиния туыстығының бактериялары. Адам патологиясындағы ролі.

  16. Обаның қоздырғышы. Жіктелуі. Қоздырғыштың төзімділігі, морфологиялық, дақылдық, биохимиялық қасиеттері. Жануарларға патогендігі, экологиясы.

  17. Обаның зертханалық диагностикасы. Жедел диагностика әдістері. Обаның ерекшелікті алдын алуы.

  18. Туляремия қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы. Туляремияның патогенезі, иммунитет.

  19. Туляремияның зертханалық диагностикасы. Емдеу, анықтау және алдын алу үшін қажетті препараттар.

  20. Сіреспеніңқоздырғышы. Морфологиялық, дақылдық белгілері. Токсині және оныңәсері. Экологиясы.

  21. Сіреспеніңзертханалық диагностикасы.

  22. Сіреспеге қарсы иммунитет. Сіреспені ерекше емдеу және алдын алу.

  23. Анаэробты газды инфекцияныңқоздырғыштары. Сипаттамасы. Газды анаэробты инфекцияның даму шарттары.

  24. Газды анаэробты инфекцияның зертханалық диагностикасы. Ерекше емдеу және алдын алу.

  25. Ботулизм қоздырғышы. Сипаттамасы.

  26. Ботулизмніңзертханалық диагностикасы. Ерекше емдеу және алдын алу.

  27. Спирохетаға жалпы сипаттама. Мерездің қоздырғышы. Жіктелуі, морфологиясы, өсіру, сыртқы ортаға тұрақтылығы.

  28. Инфекцияныңберілужолы. Мерезденкейінгі иммунитет. Мерезденсақтандыру. Зертханалық диагностика әдістері. Зерттелетін материал. Вассерманреакциясыныңқұрамы, қою және бағалау. Вассерманреакциясыныңерекшелігі.

  29. Лептоспироздың қоздырғышы. Табиғаттағы резервуары. Лептоспирозбен зақымдалу жолы. Зерттелетін материал. Диагностика әдістері.

  30. Риккетсиялардың жіктелуі және олардың негізгі биологиялық белгілері. Здродовский әдәсімен бояу. Өсіру әдістері.

  31. Эпидемиялық бөртпе сүзектің қоздырғыштарына сипаттама. Қоздырғыштың экологиясы. Зерттелетін жадығаттар және зертханалық диагностика әдістері.

  32. Эндемиялық бөртпе сүзек. Қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, зақымдау механизмі. Патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностикасы.

  33. Ку-безгек қоздырғышының сипаттамасы. Экологиясы, жұғу жолдары, патогенезі және клиникасы. Зерттелетін жадығаты, зертханалық диагностика әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет