Табиғи өлім адам әбден қартайып, ағза қызметтерінің бірте-бірте әлсіреп барып тоқтауының, тозуымен байланысты. Адам өлімінің ұзақтығы ғалымдардығ болжауы бойынша 160-180 жас, бірақ көптеген себептерге байланысты бұл жасқа осы күндері жекелеген адамдар ғана жетіп отыр.

Зорлық-зомбылық нәтидесінде өлімді сот медицинасы зерттейді. Ауру асқынып кеткенде, мысалы, миға қан құйылғанда, жүрек инфарктында, өкпе артериясының тромбо-эмболиясында адам кенеттен, кейде бірнеше минуттар ішінде өліп кетуі мүмкін.
Биологиялық өлімнен кейін біршама уақыттан соң өлімнің морфологиялық белгілері және өлімнен кейінгі өзгерістер дамиды. Бұл өзгерістерді анық білу және зерттеу, кейбір жағдайда ұшырайтын жалған өлімді анықтауда аса қажет.
Өлімнің алғашқы белгілері
Өліктің сууы
Өліктің сіресіп қалуы
Өліктің кебуі
Қанның қайта бөлінуі
Өлік дақтары
Өліктің сіресіп қалуы дене бұлшықеттерінің қатайып, тартылып қалуына байланысты. Бұл өзгерістердің негізінде биохимиялық процестер жатады. Тірі организмдегі бұлшықеттердің белгілі бір тонуста тұруы аденозин-3-фосфат қышқылының бұлшықеттерімен байланысты болуымен түсіндіріледі.

Өліктің кебуі өлгеннен кейін денедегі сұйықтықтардың құрғап және буланып кетуінің нәтижесі. Бұл процесс өлгеннен соң бірнеше сағаттан соң басталып терінің, шырышты қабықтардығ кеуіп қалуына алып келеді. Көздің мөлдір қабығы күңгірттеніп, ақшыл қабығы өзінің реңін жоғалтып сарғыш түсті болады. Еріннің шырышты қабығы, терінің жұқа жерлері қатып, бүрісіп қоңыр-қызыл түс алады.