жұқпалы аурулар кездерінде инкубациялық, химиялық заттармен уланулар, сəулелік
ауру ж. б. кездерінде латенттік, өспелер дамуында - өспе алды немесе обыралды
делінеді. Бұл сатының ұзақтығы бірнеше секундтан (ұланулар кездерінде) бірнеше
жылдарға дейін (өспелер дамуы кездерінде) созылуы мүмкін жəне бұл кезде аурудың
ешқандай көріністері болмайды.
Артынан аурудың алғашқы хабаршы, бейнақты, белгілері: əлсіздік, көңіл-күйдің
бей-жайлығы, ұйқының бұзылуы, тəбеттің болмауы, бас ауыруы т. с. с. пайда болады.
Бұл аурудың басталу сатысын хабаршы (продромалық) сатысы дейді.
Осыдан кейін аурудың екінші айқындалу кезеңі басталады, оның барлық клиникалық
əйгіленімдері (симптомдары) айқын байқалады. Олар дамыған ауруға ғана тəн арнайы
(спецификалық) жəне көптеген ауруларға жалпылама бейнақты (бейспецификалық)
болып ажыратылады. Сонымен бірге, аурудың əйгіленімдері (симптомдары) тұлғалық
(субъективтік) жəне дəлелімді (объективтік) болады.
Аурудың аяқталуы мен салдарлары көпшілік жағдайда ауру адамның сауығуымен
аяқталады.
Сауығу - науқас адамның бұзылған ағзалары мен тіндерінің құрылымы мен
əрекеттерінің жəне қоршаған ортаның ықпалдарына сəйкес оның бейімделу
мүмкіншіліктерінің қалпына келуі. Ересек адам үшін сауығудың белгісі болып, оның
еңбекке оралуы есептеледі. Бұл жағынан оны реабилитация (лат. Re - қайтадан, abilitas
- жарамдық) - қайтадан еңбекке жарамдық дейді.
Сауығу толық немесе жартылай болуы мүмкін. Көрсетілген сауығу механизімдері
жеткіліксіз болғанда, дұрыс ем тəсілдері қолданылмағанда ж. б. жағдайларда сауығу
жартылай дамиды. Мысалы, ревмокардиттен кейін жүрек қақпақшаларында ақау
қалыптасуы мүмкін. Қабынудан кейін ағзаның қызметін бұзатын көрнекті тыртықтар
қалуы ықтимал. Кейде ауру туындататын əсер немесе оның даму жолдарында пайда
болған өзгерістер тоқталмаған жағдайларда ауру созылмалы түрге ауысады. Дерттің
созылмалы түрге өтуінің белгілері: ремиссия, рецидив (қайталану), асқыну.
Достарыңызбен бөлісу: