Патологиялық анатомия
– адамдар мен жануарлар организмінде
ауруға байланысты дамитын патологиялық процестердің
морфологиялық негіздерін зерттейтін ғылым;
Қазіргі кезде
Патологиялық анатомия ауру морфологиясын организмдік,
органдық (ағзалық), тіндік, клеткалық жəне клеткаішілік деңгейлерде
зерттей алады.
Патологиялық анатомияның зерттеу əдісіне:
аутопсия (мəйіт)
,
биопсия
жəне
тəжірибелік əдіс
жатады. Соңғы əдіс Патологиялық
анатомияда жиі қолданылады. Мысалы, қатерлі ісік тудырушы
(канцерогендік) заттардың, аса улы химикалық қоспалардың,
қоршаған ортаның зиянды əсерлерін осы əдіспен
анықтайды.
[1]
.
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯ ПƏНІНІҢ
МІНДЕТТЕРІ
Патологиялық анатомия əр түрлі аурулар кезіндегі организмде болатын морфологиялық
өзгерістерді зерттейтін пəн. Патология
раtһоs
«ауру сырқат» жəне
Іоgos
«ілім» деген грек сөзі,
яғни патология —
ауру жөніндегі
ілім деген мағынаны береді. Патологиялық анатомия
морфология ғылымдары қатарына жатады. Ол əр түрлі морфологиялық əдістер арқылы ауру
дамуының барлық кезеңдерін, осы аурудан өлгеннен кейінгі денедегі бүкіл өзгерістерін
тексереді.
Патологиялық анатомия ағзалардағы, тканьдердегі морфологиялық өзгерістерді ізбе-із
тексере отырып, белгілі бір аурудың морфогенезін, ауру барысындағы кездесетін əр түрлі
ауытқуларды, оның асқыну белгілерін, организм үшін қандай нəтижелерге алып келу
мүмкіншіліктерін де анықтай алады.
Сонымен қатар патологиялық анатомия аурулардың шығу себептерін
(этиология)
, даму
механизмін
(патогенез)
, өлу процесін жəне оның себептерін де
(танатогенез)
жан-жақты
зерттейді.
Патологиялық анатомияның казіргі даму кезеңінде ауру морфологиясы тек организмдік,
ағзалық, тканьдік, клеткалық деңгейге ғана емес, клеткаішілік (органоидтық) жəне
молекулалық деңгейде де зерттеледі. Осы зерттеулердің нəтижесінде клиникада айтылып
келген функциональдық (қызметтік) жəне құрылымдық (структуралық) өзгерістердің
диалектикалық бірлігі яғни құрылымдық өзгеріссіз кызметтік өзгерістердің болмайтындығы
айқын дəлелденді.
Патологиялық анатомия тек қана теориялық ғылым емес, оның денсаулық сақтау жүйесінде
де аса зор маңызы бар. Осы ғылым мамандары биопсиялық тексерулер мен жарып көру
нəтижесінде табылған морфологиялық өзгерістерді аурудың клиникалық көріністерімен
салыстыра тексеріп, əр түрлі патологиялық процестерді,əсіресе қатерлі ісіктерді дер кезінде
анықтауға да тікелей қатыса алады.