Патологиялық анатомия



Pdf көрінісі
бет2/14
Дата06.02.2022
өлшемі299,9 Kb.
#81841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Патанатомия и патофизиология

ҚЫСҚАША ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР 
Патологиялық анатомияның басты əдісі мəйітті жарып көру деп есептесек, тарихи деректерге
қарағанда, осыдан 4, 5 мың жыл бұрын Қытайда, Египетте өлікті бальзамдау үшін осы əдістің
қолданылғаны белгілі. Бірақ та алғашында мəйітті жарып көру адам денесінің құрылысын жете
білу үшін суретшілер тарапынан ғана пайдаланылған болатын. Діни көзқарастарға байланысты
адам мəйітін жарып көрген кісілердің өлім жазасына кесілу қаупі болғандықтан, негізгі
анатомиялық өзгерістер əр түрлі жануарларды тексеру нəтижесінде анықталды. Ол кездегі
студенттер анатомияны түн жамылып, көмілген өліктерді қазып алып үйренуге мəжбүр болды
немесе сол заманда өлікті ұрлап сатуды кəсіп қылған адамдардың (рессурекционистердің)
қызметін пайдаланды. 
Дегенмен, XVIII ғасырдың басында-ақ кейбір ауруханаларда жарып көру əдісін ауру өлімінің
себептерін анықтау мақсатында кеңінен қолдана бастады. 
Россияда осы жұмыстар əскери ауруханада I Петрдің рұқсаты бойынша 1706 жылдан бастап
жүргізілді. Россия императоры анатомия музейіне тек өліктерді жарып көруді көзімен көру
үшін ғана келмей, өзі де осы іске ынта салып қатынасқаны жөнінде көптеген деректер бар. 
Осылайша жекелеген зерттеулер негізінде патологиялық анатомияның іргетасы қалана
бастады десек, оның өз алдына бөлініп,медицина саласының жеке бір пəні есебіндегі тарихи
Италия анатомы Джованни Батиста Морганьидің (1682—1771) «Аурулардың анатом анықтаған
даму орны мен себептері» деген еңбегінің (1761) жарық көруімен басталады. Морганьи өзінің
зерттеулері негізінде жəне басқа да мəліметтерді пайдалана отырып, мəйітті жарып көрудің
клиника үшін қаншалықты қажеттігін, патологиялық анатомияның клиникалық пəндер


арасындағы орнын бірінші болып анық көрсетті. Морганьидің басқа зерттеушілерден
өзгешелігі — ол өз жұмысында əрбір аурудың клиникалық белгілерін, жарып көру кезіндегі
табылған анатомиялық өзгерістермен салыстыра зерттеді, көптеген белгілі аурулардың (бауыр
циррозының, бүйрек тасы ауруының, қатерлі ісіктердің жəне т. б.) анатомиялық көріністерін
жазудың тамаша үлгілерін жасады. 
Патологиялық анатомияның тарихи дамуындағы екінші бір кезең Вена ғалымы Карл
Рокитанскийдің
(1804—1878)
атымен
байланысты.
Осы
ғалымның
«Патологиялық
анатомияның жеке бөлімі бойынша нұсқау» деген көлемді еңбегі 60 мыңнан астам мəйіттерді
жарып көру негізінде жазылған, онда қазіргі кезде белгілі көптеген патологиялық процестердің
көрініс-белгілері анықталған. Бұл еңбекті ғылыми-теориялық тұрғыдан сынауға болғанмен,
оның мол анатомиялық материалдары патологиялық анатомияны жеке пəн есебінде жəне бір
сатыға көтерді десек қателеспейміз. 
Медицинада микроскоптық тексерулердің кеңінен қолданылуы патологиялық анатомияның
да өте тез дамуына себеп болды. Осы жаңа дəуірдің ең белгілі ғалымы Рудольф Вирхов
(1821—1902) барлық аурудың негізінде клетка патологиясы жатады деген даналық пікірге
сүйеніп, өзінің «Целлюлалық (клеткалық) патология» деген ұлы еңбегін жазды (1858). Р.
Вирховтың бұл еңбегі тек патологиялық анатомияның ғана емес, тіпті бүкіл медицинаның
дамуында прогрессивті рөл атқарды. 
Осы кезеңде Россияда да патологиялық анатомия өз алдына отау тігіп шыға бастады. 
1849 жылы Москва университетінде бірінші рет патологиялық анатомия кафедрасы ашылды,
осы кафедраның меңгерушісі профессор А. И. Полунин (1820— 1888) мəскеулік
патологоанатомдар мектебінің іргетасын қалаушысы болып есептеледі. Кеңес дəуірінде осы
мектептен белгілі академиктер А. И. Абрикосов, И. В. Давыдовский, М. А. Скворцов, А. И.
Струков, Н. А. Краевский жəне басқалар шыққан. 
Петербургтің медициналық-хирургиялық академиясында патологиялық анатомия
кафедрасы 1859 жылы жеке бөлініп шықты. Петербург мектебінің негізін салушы проф. М. М.
Руднев (1837—1879) болатын. Осы мектептен шыққан белгілі ғалымдар қатарына Г. В. Шор,
Н. Н. Аничков, М. Ф. Глазунов, Ф. Я. Чистович, В. Г. Гаршин, В. Д. Цинзерлинг жəне басқалар
кіреді. Кейінірек патологиялық анатомия кафедралары Қазанда, Харьковте, Томскіде жəне де
басқа қалаларда ашыла бастады. 
Патологиялық анатомияның Қазақстанда дамуы кеңес дəуіріне тура келеді. Алматы
мемлекеттік медицина институтында патологиялық анатомия кафедрасы 1933 жылы ашылды.
1938 жылдан 1969 жылға дейін осы кафедраны, Харьков мектебінің түлегі, проф. П. П. Очкур
басқарды. Қазақстанда патологиялық анатомия мектебінің негізін салған осы кісі болатын. П.
П. Очкурдың оқушылары, профессорлар С. Ф. Серов, X. С. Нугманова, Н. И. Колычева, М. Л.
Ефимов, Л. П. Царевкий осы күні Қазақстандағы патологиялық анатомия кафедраларын,
лабораторияларын басқарып келеді. 
Патологиялық анатомия саласында медицина ғылымдарының докторы атағын алған өз
бауырларымыздың да қатары көбейіп келеді. Олар: А. С. Толыбеков, И. С. Иржанов, М.
Рысұлы, С. Г. Ахметқалиев. 


Патологиялық анатомияның Қазақстанда жеке ғылым есебінде əрі қарай дамуы медицина
жəне
ветеринария
институттарындағы
кафедралардың
жəне
ғылыми-зерттеу
институттарындағы ірі лабораториялардың жұмыстарына байланысты. 
Қалалық жəне аудандық ірі ауруханаларда орталық патолого-анатомиялық лабораториялар
ашылған, қазіргі уақытта қалалық жəне аудандық патологиялық анатомия
бөлімдері
біріктіріліп,
патологиялық
анатомия бюролары құрылуда. Бұл патологоанатомдардың
аурухана əкімшіліктеріне тəуелділігін біржола жойып, емдеу-диагноздау процесін дербес
бақылауға, олардың сапасын арттыруға, осымен қатар ғылыми жəне педагогикалық
жұмыстарды жүргізуде мүмкіндік беріп отыр. 
Республика бойынша патологиялық анатомия бөлімдерінің, кафедраларының, облыстық
қоғамдарының жұмысы патологоанатомдар ассоциациясы тарапынан басқарылып отырады.
Осы қоғамның конференция, пленум, съездерінде патологиялық анатомияға тиісті барлық
мəселелер жан-жақты қаралып, оның əрі қарай даму жолдары айқындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет