Патологиялық анатомия


Дистрофияның түрлері (В. В. Серов бойынша)



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата06.02.2022
өлшемі299,9 Kb.
#81841
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Патанатомия и патофизиология

 
Дистрофияның түрлері (В. В. Серов бойынша): 
1) Морфологиялық өзгерістердің стромада немесе паренхимада дамуына байланысты
дистрофиялардың: паренхималық
(паренхимада өтетін), стромалық - қан - тамырлық жəне
аралас түрлерін; 
2)


Зат алмасуының түріне қарап: белоктық, майлы, көмірсулы жəне минералдық; 
3) Тұқым қуалаушылық жағдайына тəуелділігіне қарап: туа пайда болған
жəне 
тұқым қуалау жолымен пайда болған түрлерін; 
4) Таралуына қарап: жалпы жəне жергілікті түрлерін ажыратады. 

ПАРЕНХИМАЛЫҚ ДИСТРОФИЯЛАР 
Паренхималық дистрофия деп зат алмасу процесінің тек клетка ішінде бұзылуын айтады.
Бұлар:
1) белоктық (диспротеиноздар); 2) майлы; 3) көмірсулы паренхималық дистрофиялар деп
бөлінеді.
 
Белоктық паренхималық дистрофиялар 
Клетка ішіндегі белоктар
əдетте
майлармен қоспа түрінде (липопротеинді комплекс)
кездеседі. Тек ферменттер ғана таза химиялық зат түрінде болады. 
Паренхималық дистрофияға байланысты цитоплазмадағы белоктар өздерінің физикалық
жəне химиялық қасиеттерін өзгертіп, бір-біріне жабысып, ұйып, тамшылар мен түйіршіктер
түрінде көрінеді.Клеткада белок алмасуының бұзылуымен қатар су-электролит алмасуы
да өзгеріп, цитоплазмада су мөлшері өте көбейеді. Белоктық парен хималық дистрофияларға:
түйіршікті дистрофия, гиалин-тамшылы дистрофия, гидропиялық (сулы) дистрофиялар жəне
түлеу жатады.
Түйіршікті дистрофияда
клетка цитоплазмасында белокты түйіршіктер
пайда болуымен
 
сипатталып, ол негізінен паренхимасы жақсы
жетілген ағзаларда (бауыр, бүйрек, жүрек)
кездеседі 


Түйіршікті дистрофияда осы ағзалар көзге көрінерлік дəрежеде үлкейіп, божырап, кесіп
қарағанда көмескіленіп қалады. Бұны осы ағзалардың 

көмескі дистрофиясы

дейді. 
Түйіршікті дистрофия улану нəтижесінде, инфекциядан кейін қан жəне лимфа айналымы
бұзылғанда, ферментопатияларда дамиды. Осы дистрофияның негізінде органеллалар
деструкциясы, көбінесе митохондрийлер өзгерістері жатады. Электрондық микроскоппен
қарағанда митохондрийлердің ісініп, вакуольденіп, аралық перделерінің, (кристаларының)
жойылып кеткенін көреміз. Бірақ бұл өзгерістер осы патологияны тудырушы себептер
жойылғанда қайта қалпына келуі мүмкін. 
Клетка цитоплазмасында белок түйіршіктері көптеген жағдайларда пайда болады, сол үшін
оларды əрдайым дистрофия деп қарауға болмайды. Мысалы, Лангерганс аралшарындағы
В

-клеткалар инсулинді, «семіз» клеткалар гепаринді, гипофиздің базофилді клеткалары
АҚТГ-ні синтездегенде осы заттар əуелі клетка цитоплазмасында майда түйіршіктер түрінде
жиналады, кейін керек кезінде ғана қанға өтеді. Демек клетка цитоплазмасындағы бұл
өзгерістер
дистрофияның
емес,
секрет
пайда
болу
процесінің
көрінісі
болып
есептелінеді.Сонымен түйіршікті дистрофия негізінде қайтымды өзгерістер жатады, ал ағзалар
қызметінің төмендеуі уақытша құбылыс. 

Гиалин-тамшылы дистрофия клетка
цитоплазмасында гиалин белогіне ұқсас ірі-ірі белок
 
 
тамшыларының (коагуляттардың) пайда болуымен сипатталады. Бұл өзгерістер клетка ішіндегі
ультрақұрылымдардың
(органеллалардың)
жойылуына
байланысты.
Гиалин-тамшылы
дистрофия негізінен бүйрек өзекшелерінің эпителиінде ұшырап, бүйрек шумағы сүзгісінің,
өткізгіштігінің күшейгенінен жəне белоктардың қайта сорылуының бұзылғандығынан хабар
береді. Бұл өзгерістер гломерулонефритке байланысты дамыған нефроздық синдромда, бүйрек
амилоидозында, диабетте айқын көрінеді. Бүйректің сыртқы көрінісі осы дистрофияның қай
науқасқа орай шыққанына байланысты. Əдетте бұл қайтымсыз, клетканың коагуляциялық
некрозына соқтыратын, процесс болып бүйрек қызметінің біраз төмендеуімен, егер осы
дистрофия ұзаққа созылса, бүтіндей бұзылуымен сипатталады. 
Гиалинге ұқсас заттар бауыр клеткаларында алкогольдік гепатит кезінде де түзіледі.
Алкогольдік гиалин (Маллори денешіктері) бауыр клеткаларындағы патологиялық синтез
нəтижесінде пайда болады. 
Гидропиялық (сулы, вакуольді) дистрофия клетка цитоплазмасында 
сұйықтықпен толған вакуольдердің пайда болуымен сипатталады. Кейде 
цитоплазманың
ультрақұрылымдары толығымен деструкцияланып клетка сұйық - тықпен толған 
баллонға ұқсап қалады, оның ішінде тек жүзіп жүрген
ядросы ғана көрінеді (9-сурет). 
Бұл өзгерістерді баллондық дистро-фия немесе клетканың фокальды 
колликвациялық некрозы деп атайды. Электрондық микроскопта митохондрийдің 
ісінгені, цитоплазмалық торөзектерінің кеңігендігі жəне клеткада сұйықтық жиналып 
қалғандығы көрінеді. Ағзаның cыртқы көрінісі гидропиялық дистрофияда көп 
өзгермейді. Бірақ та ағза қызметі едəуір бұзылады.


Гидропиялық дистрофия гипоксия нəтижесінде, əр түрлі инфекция, улану, ыстық 
немесе суық температура əсерінде келіп шығады Клеткада вакуольдердің, пайда 
болуы екі түрлі себепке тəуелді: 1) онкотикалық жəне осмостық қысымның 
жоғарылауына байланысты судың қоршаған ортадан клетка ішіне өтуі; 
 
2) клетка ішіндегі судың, тасылып кету (транспорт) механизмінің бұзылуы 
нəтижесінде жиналып
қалуы. Гидропиялық дистрофияда тек қана белок алмасуы емес, су-электролит алмасуы 
да бұзылған. 
Гидропиялық дистрофияда клеткадағы ауыр өзгерістер нəтижесінде клетка өз
тіршілігін жояды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет