Ситуациялық есептер Есеп №1. Фолликулярлы ангинамен ауыратын науқаста (дене температурасы 39°
С), айқын тахикардия, несеп талдауында аздаған белок анықталды. Науқас сауыққан
соң жҥрек қызметі мен несеп талдауы қайта қалпына келді, несеп талдауы.
1. Миокард пен жҥректе қандай патологиялық ҥрдіс дамыды?
2. Бҧл ағзалардағы макроскопиялық ӛзгерістерді сипаттаңыз.
3. Бҧл ағзалардағы микроскопиялық ӛзгерістерді сипаттаңыз.
4. Бҥйрек пен миокардтағы патологиялық процесстердің дамуындағы
морфогенетикалық механизм қандай?
5. Науқас сауыққан соң не себепті миокард пен бҥйрек қызметі қалпына келді?
Есеп №2. Нефротикалық синдромды гломерулонефритпен ауыратын науқаста ҧзақ
мерзім бойында несеп талдауында тәулігіне 20 г дейін белок анықталды.
1. Айтылған науқаста бҥйрек тҥтікшелерінің проксимальды және дистальды
бӛліктерінің эпителиінде қандай белокты дистрофияларды анықтауға болады?
2. Бҧл дистрофия тҥрі айтымды ма?
3. Олардың микроскопиялық және ультрақҧрылымдық сипаттамасы қандай?
Есеп №3. Науқас айқын анемиялы созылмалы миелоидты лейкозбен ауырады (6 ай
бойы гемоглобин 50 г% дейін). Жҥрек тондары тҧйықталған, жҥрек шекарасы солға
ығысқан. Жҥрек жеткіліксіздігінен науқас қайтыс болды.
1. Жҥрек декомпенсациясының морфологиялық субстраты ретінде миокардта
қандай дистрофиялық ӛзгеріс дамыды?
2. Патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?
3. Аутопсия кезінде жҥректе қандай ӛзгерістер кқруге болады?
4. Миокард жасушаларының микроскопиялық ӛзгерістері қандай?
5. Бҧл ӛзгерістерді кӛру ҥшін қандай бояу тҥрін қолдану қажет?
Есеп №4. Аз қозғалысты ӛмір сҥру салты мен дҧрыс емес тамақтанудан (майлы,
кӛмірсулы) дамыған артық салмақтан зардап шегетін науқас әйел оң жақ қабырға
астындағы ауру сезіміне, кейде жҥрек айнуға, запыранға шағымданады. Пальпацияда
бауыры ҧлғайған.
1. Бауырда қандай патологиялық процесс дамыды?
2. Ол патологиялық процесстің морфогенетикалық механизмі қандай?
3. Берілген науқастың бауыр пунктатында қандай микроскопиялық ӛзгерістерді
кӛруге болады?
4. Бҧл ӛзгерістерді кӛру ҥшін қандай бояу тҥрін қолдану қажет?