3. Жақсы жыныстық қарым-қатынастағы өмір Жыныстық қатынас, яғни, секс дегеніміз — тәндік әрекеттен де көп нәрсені білдіреді. Мен медицинада адамдарға жөндеуге не жеке бөлшектерін ауыстыруға болатын машиналарға қарағандай қарағаннан мүлдем аулақ кеткенімізге қуанамын. Себебі адам машина емес адам ғой. Жалпы медицина тұрғысынан қарайтын болсақ, біз адамның бүйректегі тастан не аппендициттен маңызды екенін мойындаймыз. Оның адамдық болмысын құрайтын жеке мұқтаждықтары, сезімдері, үміті мен үрейі бар екенін және осының бәрі шын мәнінде аурудан әлдеқайда маңызды екенін де білеміз. Ауру — қолайсыздық. Ол сенің шынында кім екеніңдей болуыңа кедергі жасайды.
Беттері жылтыраған журналдар сексті керемет шипа немесе сәндік әшекей секілді көрсетеді. Күнделікті секс барлық мәселені шешіп, ақыр соңында дәрігерлерді бізге қажетсіз етеді деген әсерде қалдырады. Егер сіз жүйелі түрде жыныстық қатынас жасап тұрмасаңыз, онда ол сізді жетілмеген, жыныстық қатынасқа салқын не қабілетсіз немесе кәдімгі ақымақ деп ойлауға мәжбүр етеді. Бірақ мен бұл жерден ерекше рақатқа бөлену мен толымдылықты байқамаймын. Дәл сол журналдар төсек қатынасында бағы жанбаған адамдардың әңгімелеріне толы. Олар бұл жайлы біреуге айтудан қорқады, сондықтан оны қағаз бетіне түсіруге мәжбүр.
Секс дегеніміз — театр қойылымы емес. Бұл, мүмкін, адамзатқа тән тығыз қарым-қатынас пен терең сезімді білдіру жолы шығар. Бірақ егер әңгімеңіз жараспаса, ол сіз үшін ләззәт бермейтін келеңсіз әрі бос дүние, тіпті ақыр аяғы еш пайдасы жоқ кез келген өткінші сезімге айналады.
Колледжде оқып жүрген кезімде бір қыз бен жігіттің менің бөлмеме келгені есімде. Сол түні олар бір-бірімен бірнеше рет төсектес болды, бұл екеуінің де алғашқы жыныстық қатынас тәжірибесі еді, бірақ олар осылай істегеніне кейін қатты өкінді. Олар сенуші емес еді және олардың адамгершілік қасиеттеріне бұның еш қатысы болмады. Олар сексті суға ерімейтін кофе деп түсінген: яғни, екі адамның махаббаттың тілін тауып, бірін-бірі рақатқа бөлеуді үйренулері үшін уақыт керек. Алайда олар бұны тым ерте бастаған.
Мен әйеліммен жақындасқанда оған ешқашан одан өзге ешкіммен төсектес болмағанымды айта алатыныма қуанамын. Менің тәнім тек қана онікі және менің өзім де онікімін. Бұнда бір үлкен күш бар. Егер басыма қиындық түссе — бұндай уақыт кез келген қарым-қатынаста болады — мейлі ол ұзаққа созылмаса да, басқа әйелмен жыныстық қатынасқа түсуге азғырылудан арашалайтын кедергі мен үшін «кім көрінгенмен төсектес бол» деген бұрынғы әдетке оралудан әлдеқайда жоғары.