Мүшеқап қолданылса да туған балалар Ондаған жылдар бұрын әрбір ана өз қызына кім көрінгенмен жақындасатын болса, нәтижесінде баласымен жалғыз қалатынын ескертетін. Бірақ мүшеқаптар баяғыдан, тіпті, біздің заманымызға дейінгі 1850-жылдан бері белгілі болған. Ежелгі қытайлар мен римдіктер мүшеқап жайлы жақсы білген, әрі сол кезде оның пайдасы қазіргіден жоғары болған емес.
Тіпті бүгінгі күні мүшеқаптар көптеген адамдардың ойлайтынындай жүктіліктен еш шүбәсіз сақтай алмайды. Егер мен дәрігер-гинеколог болсам және менің қарамағымда жүктіліктен сақтану үшін мүшеқапты таңдап алған жүз жас келіншек бар болса, мен жыл сайын олардың он төрті айлықтары тоқтап қалғандықтан, зәрелері ұшып ұялып кабинетіме келетінін күмәнсіз айта аламын. Олар өздерінің жүкті екеніне сене алмайды, олардың серіктері әрдайым мүшеқапты пайдаланған сияқты еді ғой!