Жалаң сөздерге сенбеңіз Қандай мақаланы оқымасаңыз да есіңізде болсын: тіпті оның пішіні дәл сондай болса да, шын мәнінде адамға тән АҚТҚ-ға қарсы тұратын бірде-бір антидене әлі күнге дейін табылған емес. Ауру жұқтырғандардың барлығы дерлік антиденелерді жасап шығарады, бірақ бұған қарамастан, адамдар ауырады және өледі. АҚТҚ-ның антиденелерге қарсы иммунитеті бар.
Сондықтан келесі рет өзі тапқан вакцинасының әсерлі екенін дәлелдеу үшін, өз еркімен өзіне ЖҚТБ-ға қарсы вакцина еккен керемет ғалым туралы естісеңіз де, сақ болыңыз. Вакцинаның әсерлі екенін тексерудің жалғыз жолы — ЖҚТБ-ға шалдыққан адамның қанынан — ғалымның тамырына жіберіп, не болатынын байқау. Бірақ сол адамда ЖҚТБ дамымай тоқтап қалғанын анық-қанығымен білу үшін қанша уақыт керек болады деп ойлайсыз? Мүмкін, он шақты жыл керек болар. Ал оған дейін оның балалары мен жұбайы ол өліп кетер деген үреймен өмір сүреді және ол инфекцияны тасымалдаушы болуы мүмкін.