Мен кімге сенім арта аламын? Осының бәрі ЖҚТБ-ға шалдыққан адамның басында рак ауруымен ауыратындардың барлық мәселесі және бұған қосымша ажалы жасына жетпей аурудан келетінін білу қайғысы түседі.
Мен бұны екі аурудың түрімен де етене таныс дәрігер ретінде айтып отырмын. Бірақ ең сорақысы — айналадағы адамдардың реакциясы. Келесі кездестіретін адамым мені аяй ма, (ал ең жек көретінім — жұрттың мені аяғаны), әлде ол менің тезірек өлуімді тілеп, барлығына да өзімнің кінәлі екенімді бетіме баса ма? Досым кім, дұшпаным кім? Егер мен өзімнің ауруым туралы досыма айтсам, ол бұл құпиямды сақтар ма екен? Ал ол бұл туралы тағы біреуге тіс жарғанша қанша уақыт өтер екен?
Осы бір шыңыраудан шығатын жол көпшілік үшін өзіне-өзі қол жұмсау екендігі таңғаларлық жайт емес. Күтпеген жерден көптеген туған-туыстары мен достарынан айырылу, ашу-ыза мен қайғы-мұң адамның күйін қашырып, ішкі жан дүниесін күйзелтеді.