«Ақылдырақ болулары керек еді» Адамдар кінә тағуға асығатын басқа бір ауқымды аймақ — ол белгілі бір топтар мен жеке тұлғалардың ауру жұқтыру себептері. Біреулер бұған кінәлі тек қана АҚТҚ-ны жұқтырғандардың өздері деп есептейді. Егер осы адамдардың көзқарасын логикалық аяғына дейін жеткізсек, онда белгілі бір өмір салтын ұстанған кез келген адам автоматтты түрде өлім жазасына кесілуге лайық деген қорытынды шығады.
Ал басқалар АҚТҚ-ны жұқтырғандар жақсырақ білгендері жөн болар еді дейді. Бірақ олар бұл күндері, әсіресе, кедей елдерде ЖҚТБ-дан өліп жатқандардың көпшілігі бұл ауру жайлы бұқара халық хабардар болғаннан әлдеқайда ертерек ауруды жұқтырғанын ұмытып кетеді.
Үшінші біреулер кез келген гей немесе нашақор өзінің жүріс-тұрысының дұрыс еместігін және соның салдарының қандай екенін түсінуі тиіс дегенге сенеді. Бұл вирусты жұқтырып алғандарды одан да кінәлі сезіндіреді. Соған қоса олар білместен АҚТҚ-ны жұқтырған басқа адамдардың алдында өздерін одан бетер кінәлі сезінулері ықтимал.
Кінә тағу оңай Аурудың көпшілігі адамдардың өмір сүру салтымен біте қайнасатыны сондай, бұдан барып мынадай сұрақ туындайды: өмірінің соңғы қырық жылында күніне екі қорап темекі тартып, енді рак ауруынан тынысы тарылып, өлімге бет алған адамға жанымыз ашуы керек пе? Ал ішімдікті шектен тыс көп ішіп, жиналған кеште жығылып, аяғын сындырған жас қызға ше?
Ақыр аяғында адамның өзін кінәлап, оны жалғыз қалдырып, тастап кету жеңілірек. Бұл өзі үшін басқа біреудің мәселесін шешудің тез әрі таза жолы. Сіз оған қол ұшыңызды беремін деп өзіңізді кінәлауға міндетті емессіз, өйткені ол бәріне де өзі кінәлі ғой. Осындай көзқарасты ұстанған адамға ашығып жүргендерге де жәрдем берудің қажеті жоқ, өйткені олардың отбасыларының соншалықты үлкен болғанына өздері кінәлі ғой. (Әйтсе де, әлемнің тағы да бірнеше миллиард адамға тағам әзірлеуге мұршасы жететіндіктен, бұл айтылғандардың бәрі бос сөз.)