Оны үйден қуып шығыңыз Бірде біздің үйге бір ерлі-зайыптылардың келгені есімде. Әдеттегідей әңгіме барысында ЖҚТБ туралы сөз қозғадық. Содан сөзіміз гомосексуалдық және өсіп-жетілу барысында әртүрлі адамдардың даму жолдары туралы жалғасты. Мені сондағы үрейімді ұшырған нәрсе әлгі әйелдің еш шімірікпестен айтқан сөзі болды. Ол өзінің бес жасар ұлының гомосексуалдарға тән қылық танытса, оның пәктігі сақталғанына қарамастан оны үйден қуып шығатынын және ешқашан көрмейтінін айтқаны еді. ЖҚТБ-ға шалдыққандардың көпшілігі өздерінің ауруларын амалсыздан мойындайтыны таңғаларлық нәрсе емес. Адамдардың көзқарасы бойынша егер сіз ЖҚТБ-ға шалдыққаныңызды мойындамасаңыз, адамгершіліктен жұрдай болған азғындардың қатарына қосылғандығыңыз. Алайда біз байқағандай бұл шындыққа еш жанаспайды.
Шын мәнінде Африканың кейбір елдеріндегі АҚТҚ жұқтырған әйелдердің көпшілігі некеге дейін пәктігі мен адалдығын сақтағанымен ақырында ауруға душар болған. Өйткені олардың күйеулері дәл өздеріндей болмаған.
Сүйегін әкету Бірде мен ЖҚТБ науқастарына қарасты бөлімге кіріп барғанымда, жападан жалғыз өлімнен бойын қорқыныш билеген жас жігітті көріп жаным түршікті. Мен одан отбасының қайда екенін сұрадым. Ол оларға не жағдайға ұшырағанын айтуға аузы бармайтынын және оларға бұл хабарды басқа біреудің жеткізгенін қаламайтынын айтты. Оның өмірі көз ілестірмей өте берді. Мүмкін, ұлым аман-есен деп ойлап жүрген анасына баласының сүйегін әкетуін хабарлауға ертең-ақ тура келетін шығар.
Ол мұнда келгенде ұлын танымайтын да шығар. Бұдан 7 ай бұрынғы қалпынан ұлының адам танымастай қу сүйегі ғана қалған. Жақ сүйегі шығып, беті бөртіп кеткен. Денесін ұзақ уақыт аурумен күресіп салынған инелерден қалған тыртықтардың орны басқан. Ол анасының жанына ауыр тимес үшін өзінің өлім туралы куәлігінде оны «өкпе қабынуынан» қайтыс болды деп жазуын өтінді. Егер анасы шындықты білген болса, оны басқаларға ағынан жарылып айта алар ма еді?