Ешқандайжаңалық жоқ Адамдар ЖҚТБ эпидемиясын ойлап қатты абыржиды. Олардың ойынша ЖҚТБ төбеден жай түсіретіндей тылсым дүние іспетті. Олардың жасы кішілері үлкендермен сөйлескені немесе тарихи кітаптарды оқығаны жақсы. Өзіміз байқағандай, ЖҚТБ жыныстық жолмен таралатын көптеген аурулардың бірі ғана. Бұл аурулар адамдар арасында жүздеген жылдар бойы болғандықтан, ЖҚТБ-ның де ғасырлар бойы қандай да бір түрде бар болуы әбден мүмкін.
Мерез (сифилис) Құдайдың қарғысы болып па еді? Ол бірнеше ғасыр бұрын бастап оба (чума) секілді таралып келді. Мерездің ешқандай дауасы болмады. Ол адамдарды бедеу етіп, түрлі аурулар туғызатын. Мерез жүректің, қан тамырларының, бүйректің, бауырдың ақыр аяғы мидың да жұмысын бұзған. Ертеректе бұл дерттің соңғы сатысын «санасыз мүгедек» деп атаған. Ол сондай жанға аса жағымды өлім емес!
Пенициллинді ойлап тапқан кезде неге Құдай кенет ойын өзгертіп, эпидемияның тоқталуына жол берді? Егер ЖҚТБ Құдайдың қарғысы болса, онда мерездің де қарғыс болғаны.
Киелі кітап бізге көптеген нәрселерден ләззәт ала алатынымызды, бірақ шектен асқандық біз үшін зиян екендігін айтады. Міне, сондықтан ішімдікке салыну жақсы емес. Осыған орай адамның ішімдікке салынып, бауыр циррозынан не басқа аурудан қайтыс болуын Құдайдың қарғысы деп айтуға бола ма?
Мен дәрігер болғандықтан ЖҚТБ-ның жай ғана ауру екенін білемін. Ол ұзақ уақыт бойы жануарларда болған әдеттегі вирустан шыққан. Секс — бұл еріншек вирустың бір адамнан екіншісіне берілуінің ыңғайлы әдісі және оған қоса вирустың мөлшері бірден көп беріледі. Болашақта ЖҚТБ-ның шипасы табылса, жыныстық жолдармен таралып, ауру тудыратын көптеген басқа қоздырғыштардың пайда болатыны даусыз. Сондықтан ЖҚТБ ешқандай гейлердің обасы емес және мен оны бәрімізді бірдей дүрліктіру үшін Құдайдың жіберген қаһары деп те ойламаймын.