«Құдай ЖҚТБ-мен ауырған адамды сауықтыра ала ма?» Иә! Құдай Құдай болғандықтан, Өз қалауының бәрін істейді. Ол өмір сыйлаушы және Ұлы шипагер. Ол ЖҚТБ-мен ауырған адамды ракпен ауырған және басқа да науқастар тәрізді сауықтыра алады. Құдайдың не үшін біреуді емдеп, екіншісін емдемеуін ешкім түсінбейді. Ол біз мінажат еткендердің бәріне бірдей денсаулық бермейді. Мен әдетте кедей елдерде тұратын табиғаттан тыс сезімдері күшті тұрғындар арасында АҚТҚ мен ЖҚТБ-дан сауыққандығы туралы көптеген куәліктер естігенмін. Бірақ өз басым ЖҚТБ ауруынан айыққан ешкімді білмеймін. Алайда АҚТҚ тапсырылған анализдері оң нәтижелі болғанымен, мінажаттың нәтижесінде АҚТҚ жұқтырған сансыз адамдардың денсаулықтарының жалпы жақсарғандығы жайында мәлімет болды.
Сауығу үшін сеніммен мінажат етуге қарағанда, қорқынышпен мінажат ету оңайырақ. Кейде біз адамның өлгені жаман деген қате түсінікпен адамның сауығуы үшін дұға етеміз. Бірақ Киелі кітап бізге сенушінің өлімі оның ақыры емес деп үйретеді. Исаның соңынан ерушіге өлім — катастрофа емес, керісінше, мәңгілік өмірге деген үміт. Пауыл елші: «Мәсіх — менің өмірім, ал өлім ұтыспен тең», — деген. Сондықтан біз сауықтыру жайлы мінажат еткенде, Құдайдың еркі болсын деп те дұға етуіміз керек. Пауыл өзінің қиянат көрген «шаншылып түйрелу азабынан» сауықпаған. Тімотеде ас қорыту мәселесі болған. Әкесі Исаға Оның біз үшін айқышқа шегеленуіне жол берген. Сол сияқты бүгінгі күнде де Құдай кейбір адамдардың Ізгі хабар үшін қиянатпен өлуіне жол береді.