Пайдалы ма әлде зиянды ма? Егер емханадағы дәрігер агенттіктен ерікті жұмысшыны тауып беруді сұраса, онда ол одан рухани жетекшіні емес, іс жүзінде көмек көрсетушіні күтеді. Қандай да бір қоғамдық ерікті көмекшінің түні бойы аурудың тәубе етуіне әрекет еткені белгілі болғанда, дәрігердің ашулануына барлық құқы бар. Олардың пікірінше бұндай қоғамдық тегін жұмыстың еш пайдасы жоқ.
Бұның оған дәрігер ретінде көмегі тимейді, өйткені оған дәл сол агенттікке қайтадан өтініш жасау тым қиынға соғады. Бұның ауырған адамға да пайдасы болмады, өйткені ол жақсы сырлас бола алатын адамды және көмекті күтті, ал оның орнына ол уағызшыға кез болды!
Дәрігер бұл бағдарлама сенімге келетін жаңа адамдарды іздейтін діни қызметкерлердің пайдасы үшін деген қорытындыға келеді. Егер осылай болса, онда дәрігер әріптестерінің бәріне де осындай пайдасыз, зиянды адамдар туралы хабардар етуі керек.