Патшаханов ислам



Дата31.12.2021
өлшемі16,95 Kb.
#107119
Байланысты:
СӨЖ
СӨЖ

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ

Педагогикалық ғылымдар факультеті

Педагогика кафедрасы

СӨЖ

ТАҚЫРЫБЫ:

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАСЫ.



ҚАБЫЛДАҒАН:

ПАТШАХАНОВ ИСЛАМ



ОРЫНДАҒАН:

МЫРЗАХМЕТ АЯУЛЫМ



ТОБЫ:

БО-149а


Жоспар:

І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім:

а) Жеңіл атлетика оқу пәні ретінде;

ә) Олимпиадалық ойындар.

ІІІ. Қорытынды.

ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ ТЕХНИКАСЫ

Жеңіл атлетика- бұл дене жаттығуларының біріккен түрі болып саналады. спорттық жүру, жүгіру, секіру, көпсайыс. Жеңіл атлетика спорттың ең көп тараған түрі. Жеңіл атлетика адамдардың жаппай айналысатын көпшілікке танымал спорттың бір түрі болып табылады. Оған әр түрлі қашықтықта жүгіру мен жүру, ұзындық пен биіктікке секіру, спорттық снарядтарды лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыстар енеді. Жеңіл атлетиканың әртүрлі түрлерімен әуесқой және кәсіби мамандар көптеп айналысады.Спорттың осы түрінің танымалдығын былай түсіндіруге болады, яғни бұл спорт түрі өзінің ұйымдастырылуы үшін аса қымбат тұратын спорттық құрал-жабдықтарды, арнайы құрылысты талап етпейді. Осы жағдайда жеңіл атлетика денсаулықты жақсарту мақсатында көп қолданылатындығы ретінде қарастырылады. Қазіргі таңда бұл спорт түрімен біздің елімізде мыңдаған адамдар шұғылданады. Жеңіл атлетикалық жарыстар ашық және жабық алаңдарда өтетін жеке, командалық және эстафеталық жарыстар болып бөлінеді. Адамдардың жеңіл атлетикамен айналысуы салауатты өмір салтын қалыптастырады, бос уақытын белсенді өткізуге, адамның жалпы дене мәдениетін дамытып, қоршаған орта және табиғатпен байланысуына әрекет етеді.

Жеңіл атлетика сонымен қатар ғылыми дәлелденген пән болып саналады. Өзінің даму тарихы, ілімі, техникасы, тактикасы, үйрету әдістемесі және жаттығулары бар іргелі пән. Сонымен бірге "Жеңіл атлетика" жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында дене тәрбиесінің міндетті оқу бөлімі болып табылады. Жеңіл атлетика өзінің құрылымы жағынан дене тәрбиесінде бірінші орын алады. Бұл спорт түрінің сауықтыру жақтары мол, өйткені жеңіл атлетика таза ауада, табиғат аясында өткізіледі. Жеңіл атлетика жаттығулары адам ағзасының тыныс алу жолдарына, жүйкесіне, барлық бұлшықеттерге, қозғалыс аппараттарына өзінің пайдалы әсерін тигізеді. Осы жеңіл атлетика жаттығулары арқылы адамды жан-жақты үйлесімді дамытуға болады. Жеңіл атлетиканы дене тәрбиесінде қолданудың эстетикалық маңызы зор.Балалар мен жасөспірімдердің қозғалыс қабілеттері олардың морфофункцияналдық негіздерімен тығыз байланысты. Оқушылардың дамуы үздіксіз, бірақ бәрінде бірдей емес. Әрине мектеп оқушыларының өсуіне негізгі жүгіру, секіру сияқты дене жаттығулары белсенді әсер етеді. Мектеп оқушыларының дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

1.Төменгі мектеп жасында

2.Орта мектеп жасында

3.Үлкен мектеп жасында

Төменгі мектеп жасында балалардың өсуі интенсивті бір қалыпта болады. Бұл кезде сонымен қатар өзгерістер болуы мүмкін. Бір жылда бойы - 1см., салмағы -1,2,3 кг. өседі. Осы кезеңде ұлдар мен қыздардың өсуі бірдей болады, қаңқаларының түгел еттеніп болуға көп уақыт бар екенін көрсетеді. Мысалы: 7 - 8 жаста жамбастың жаңа жетілуі басталады. Бұл кезде жамбасқа күш түсетін жаттығуларды жасатпауды естен шығармаған жөн. Дене бұлшық еттерінің дамуы өте нашар болады.

Ал мамандану ретінде дене тәрбиесі жоғары оқу орындарында оқиды. Осы аспектіде жеңіл атлетикада қозғалмалы әрекеттерді орындаудан арнайы әдіс-тәсілдермен сипатталатын, ал сонымен қатар ерекше құрал-жабдықтарды қажет ететін жарыстардың әртүрлі түрлерін кірістіреді.

Халықаралық әуесқойлық жеңіл атлетика федерациясы (ИААФ) 1912 жылы құрылған. Оған қазір 200-ге жуық ұлттық ассоциациялар біріккен. Жеңіл атлетика олимпиадалық спорт түрі және спорттың төресі болып есептеледі. Жеңіл атлетикада Олимпиадалық ойындардың бағдарламасына кіретін спорттың түрлерін де қамтиды. Олимпиадалық ойындар 1896 жылдан(1-Олимпиадалық ойын), дүниежүзілік чемпионат 1983 жылдан өткізіліп келеді. Жеңіл атлетика ойындары өте көнеден белгілі. Ол ежелгі Олимпия ойындарының бағдарламасына енген. Сонымен бірге Олимпиадалық болып табылмайтын жеңіл атлетика түрлері де бар, бірақ олар бойынша әртүрлі жарыстардың түрлері өткізіледі. Дененің қозғалыс белсенділігі аясында жаяу жүрулер және жылдамдыққа жүгірулер адамның ағзасының жалпы нығаюына және жұмыс жасау қабілеттілігінің жоғарлауын қамтамасыз ететін міндетті қозғалыс режимі талаптарының негізі болып табылады.

Қазақстанда алғашқы ресми жеңіл атлетикалық жарыс- Бүкілқазақстандық 1-спартакиада 1928 жылы Петропавл қаласында өтті. Республикада жеңіл атлетикадан тұңғыш рет КСРО-ның спорт шебері атағын Ш.Бекбаев алды (1943). Қазақстанның жеңіл атлеттері Олимпия ойындарында, дүниежүзілік чемпионаттар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерді көрсетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Олар: Е.Кадяйкин, Ұ.Қосанов, Ә.Тұяқов, В.Савинков, Л.Кононова, С.Исабаев, Б.Күреңкеев, В.Муравьев, В.Савин, В.Солдатенко, Л.Микитенко, А.Бадранков, т.б. Қазақстандықтар арасында Олимпиялық ойындарға тұңғыш қатысқан спортшы Е.Кадяйкин болды. Тәуелсіз елімізге тұңғыш алтын медальді 2000 жылы Сиднейде (Австралия) өткен 27-Олимпиялық ойындарда кедергі арқылы жүгіруші О.Шишигина әкелді.

Жеңіл атлетиканың тарихы ежелгі дүние дәуіріндегі халықтардың іс-әрекетінен басталады. Табиғи қозғалыстар, яғни, жүру, тұру, секіру адам бұлшық еттерінің қозғалысы адамзат пайда болған дәуірден бастау алады. Мәліметтерге сүйенсек, жеңіл атлетикадан жарыс біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Бұл туралы Ежелгі Грек олимпиада ойындары туралы жазбаларда анық жазылған. Сол замандарда жарыс тек ұзын-сонар алаңда жүгіру жарысымен шектелген. Ерлер мен әйелдер арасындағы бәсеке жеке-жеке өткізіліпті.

Гректер жұдырық түйістіретін спорт түрі мен күресті ауыр атлетикаға жатқызған. Бұрынғы атлеттердің жетістігі жүгіру шапшаңдығымен өлшенген. Бізге алғашқы олимпиадалық чемпиондардың Ежелгі Грекиядан шыққаны белгілі. Бұл шара біздің эрамызға дейінгі 776 жылы өткізілген. Онда атлеттер тек жүгіру спорт түрінен бақ сынаған. Додаға 192 метрді бағындырған жалғыз атлет жеңімпаз аталған екен. Жеңіс тұғырынан көрінген азамат Элида қаласында жай ғана даяшы болған. Ал, жеңіл атлетика алғаш рет Англияда ұйымдастырылған. 1837 жылдары жарысқа түскендер 2 метр қашықтықта жүгірген. Оған қатысушылар Регби қаласындағы колледжде білім алып жатқан жастар болған. Итон, Оксфорд, Кембридж, Лондондағы оқу орындарында да спорттық жарыстан жиі өтіп тұрған. Кейіннен бағдарламаға қысқа қашықтықта жүгіру, ұзындыққа және биіктіктен секіру сынды шарттар енгізілді. 1865 жылы Лондон атлетика клубы құрылды. Бұның негізінде тұңғыш рет жеңіл атлетикадан ел чемпионаты өтті. 1880 жылы Англияда Британ империясының шеңберінде әуесқойлар атлет қауымдастығы негізін қалады. Ал, АҚШ-та 1868 жылы Нью-Йорк қаласында алғашқы атлет клубы ашылды. Сол жылдары Америкада атлетиканың дамуына үлес қосқандардың басым дені университет ошақтары болды. 1880-90 жылы жеңіл атлетика жеке дара спорт түрі ретінде күллі Еуропаға кең таралды. 1896 жылы өткен олимпиада ойындары жеңіл атлетиканың дамуына орасан жол ашты. Сол жылы Афинада өткен I олимпиада ойындарына жеңіл атлетиканың 12 түрі енгізілді. Додада америкалық жеңіл атлеттер барлық жүлдені қанжығаларына байлады. Алайда, олардың қуанышы ұзаққа бармады. Өйткені, 1952 жылдан бастап олимпиада ойындарына қатыса бастаған КСРО атлеттері олардың бірден-бір қарсылары болды.

1996 жылы Атлантада өткен олимпиада ойындарында өнер көрсеткен атлеттердің саны 2000-ға жетті. Әйелдер арасындағы жарыс 1928 жылдан бастау алады. Нәзік жандар 1999 жылы жаздық әлем чемпионатында және 2000 жылы Сидней олимпиадасында жақсы нәтижеге қол жеткізе білді. 1968 жылы Мехикода өткен жарыста американдық спортшы Боб Бимон - 8м90см ұзындықтан секіруден әлем рекордын жаңартқан. Бұны күллі әлем "21 ғасырдың ең биік көрсеткіші" деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит-Джойнер рекордтық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды.

Пайданылған әдебиеттер:

1. Қазақ энциклопедиясы, 3том.

2. Мектептегі дене шынықтыру №3, 2008ж.

3. Мектептегі дене шынықтыру №5, 2008ж.



4. Валеология, дене тәрбиесі, спорт №6, 2004ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет