Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім берумектебі Төлеубаева Жаңагүл Бағдатқызы педагог-психологі



бет5/7
Дата07.02.2022
өлшемі130,1 Kb.
#96103
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1452750803376 (1)

Зерттеу болжамы: қорытындысы бойынша оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады, жағымды эмоционалды жағдайы қалыптасады, стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі, сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді. Алған білімдер негізінде өзбетінше шешім табуға үйрете отыра, нәтижесінде жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға жағдай тудырылар еді.

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

11 сынып оқушыларының ҰБТ-ға психологиялық дайындық бойынша жеке тұлғаны дамытуда кездесетін кедергілердің теориялық негіздері.
Бiздiң елiмiзде бiлiмнiң сапасын анықтайтын құрал (жүйе) – ұлттық бiрыңғай тест. Оған көпшiлiктiң көңiлi толмайтыны осы ҰБТ енгiзiлгеннен берi талай рет айтылып та, жазылып та жүр. Бұл жүйе оқушылардың бiлiм деңгейiн нақты анықтайтын тәсiл емес, сонымен бiрге мектеп оқушыларының бiлiм сапасының төмендеуiне де, жоғарылауына да өз әсерiн тигiздi.
ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.
Дамыған елу мемлекеттiң көшбасшыларының бiрi – Франция бiлiм сапасын осы сынақпен бағалайтын едi, бiрақ француз халқы көшеге шығып мемлекеттiң бұл тәсiлден бас тартуын талап еттi. Мен осы уақытқа дейiн ұзақ жылдар бойы мектепте ұстаздық еткен бiрнеше бiлiктi мұғалiмдермен әңгiмелестiм. Олардың айтуы бойынша, қазiргi ҰБТ бұрынғы емтихан сынақтарына қарағанда оқушылардың бiлiм деңгейiн шынайы бағалай алмайды. Бұрын мемлекеттiк емтихан сынақтарына оқушылар қатты көңiл бөлетiн едi. Әдебиеттен шығарма жазу, математикадан бақылау есептерiн шығару, гуманитарлық пәндерден билет суырып, өзi бiлетiн мағлұматтарды ауызша айтып, бiрқатары мұғалiмдердiң өзiмен бiлiм таластырып жатушы едi. Бұл өз кезегiнде оқушының шығармашылық қабiлетiнiң дамуына, өз бiлiмiн кез келген жағдайда ауызша айтуына үлкен септiгiн тигiзушi едi.
Бүгінгі таңдағы әрбір адамды толғандырған мәселе, жастардың өзіне-өзі қол жұмсауы. Ертеңіміз болған жастардың осындай аянышты халге түсуі аса қорқыншты. Әсіресе мектеп қабырғасына қош айтып, болашақ студент болуды армандаған жастардың ҰБТ-ға барғанда, төмен бал алып қалса, өзін-өзі кінәлап ақыры ауыр трагедиямен тынады.
Бұл жерде ата-аналар мен мұғалімдерге айтарымыз, балаңызды өзгенің баласымен салыстырып, ұрысып, зекуден абай болыңыз. Емтиханнан құласа да, мейіріммен сүйіспеншіліктен құлаған жоқ қой. Басқа да тірлік жолдарын қарастырып, өзге де жұмыс бабын табуына сіздердің де жауапкершілік борыштарыңыз бар. Сол жастарға айтарымыз, болашақ тек осы бір тестпен өлшенбейді. Алда талай қайырлы істер күтіп тұрғанда болуы керек. Заманның қарыштап дамыған, аса ауытпалы заманында, небір үлкен толқындар адамзат баласының алдынан жолықпай қоймайды. Адам әрқандай қиыншылықты жеңу үшін, бастысы өн бойында сабырлық болғаны жақсы. Қиындықсыз бақытқа жетемін деп ойлаудың өзі күпірлік. Пенде болғасын ыстық пен суық тұрмыста алма-кезек жолығып тұрады.
ҰБТ туралы заңды жасаушылар Жасөспірімдерге физикалық жағынан да және психологиялық жағынан да тек бір сынақтан өту және тек бір ғана емтихан тапсыру жеңіл болмақ деп болжанған еді.
Іс жүзінде уайым азаймады, керісінше барлығы басқаша болды: үдеріске қатысушылардың барлығы – оқушылар да, ұстаздар да және оқушылардың ата-аналары да ҰБТ дайындық пен тапсыру кезінде күйгелектіктің, уайымның артатындығын айтады. Өйткені енді оқушыға тапсырған емтиханы үшін бағаны, оны көп жылдар бойы білетін және оның нақты әлеуетін ұғынатын мектеп мұғалімдері қоймайды. Енді барлығын компьютер шешеді, ал ол болса, барлық оқушыларға бірдей қарап, оның ешқандай бұрынғы еңбектерін бағалап, ескермейді. Компьютер тестілеуде түлек жіберген қателіктің кездейсоқ немесе бұл оның білімінің заңды нәтижесі екенін «көре алмайды». Және де, екінші жағынан, жасөспірімде өзі таңдаған ЖОО қабылдау комиссиясына өзінің білімділік деңгейін көрсететін, ҰБТ басқа мүмкіндігі жоқ.
Оқушыға, ата-анаға психологиялық көмек берудің нәтижесінде ҰБТ қорытындысы жылдан жылға көтерілуде.
ҰБТ қорытындыларының салыстырмалы сараптамасы

Оқу жылы

Түлектер саны

Орташа ұпай

Орындалу пайызы

Грант саны

2010-2011

28

99,7

79,7

15

2011-2012

31

81,97

65,6

16

2012-2013

35

82,3

65,8

16

2013-2014

38

82,26

65,8

13

2014-2015

33

86,9

94

6




Түлектерді релаксация және эмоционалдық және физикалық күш жұмсауды азайту тәсілдерін үйрету, стреске қарсылықтарын жоғарлату, емтихандарға дайындық барысында жұмысқа қабілеттерін, еріктерін қолдау тәсілдерін үйрету, белсенді түрде есте сақтау тәсілдерін үйрету көп көмегін берді. Бұл жағдайды оқушы келбетінен көру қиынға түскен жоқ.
Оқушылар емтиханға көптеген мәтіндік материалды, формуланы, кестелерді, ережелерді есте сақтайды. Есте сақтауға қалай көмектесуге болады осыны түсіну өте маңызды.Сол себептіде есте сақтауға арналған жаттығулар, ойындар көп берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет