Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім берумектебі Төлеубаева Жаңагүл Бағдатқызы педагог-психологі
Инновациялық жобаның атауы:
ҰБТ-ға психологиялық дайындық
Жетекші идея:
Оқушылардың дамуына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай туғызу. ҰБТ кезіндегі қорқу, қобалжу деңгейлерін төмендету.
Жоба мақсаты:
Біріңғай мемлекеттік емтиханға дайындық кезіндегі стратегия мен өзін-өзі тексеру, өзін-өзі бақылау дағдысына оқыту, өз күшіне сенімін жоғарылату, қобалжу сезімдерімен күресе білуге үйрету
Жоба міндеттері:
Балалардың өзгеріске бейім әлемге деген көзқарасын, таңдау бостандығын, тең құқығын, шешім қабылдаудағы белсенділігін, эмпатия мен бірдейлік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Стреске қарсы шығуды, сенімді мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдыларын дамыту, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінуге көмектесу, конструктивтік өзара әрекеттестік дағдыларына үйретеді.
Қолдану саласы:
Мектепішілік, қалалық, облыстық конференцияларға қатысу, семинар өткізу; Қала мектептеріндегі оқушыларға, алтын белгіге үміткер оқушыларға тренингтер өткізу; Республикалық деңгейде ата-аналар семинарын өткізу.
Жобаның қысқаша андатпасы:
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
Жүзеге асыруға дайындық дәрежесі:
Оқушылардың ҰБТ кезінде психологиялық жағдайларын жан-жақты дамуындағы жеке танымдық қабілеті мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасын дамыту.
Қолданудан күтілетін нәтижелер:
Оқушылардың өзіндік психологиялық жағдайлары туралы білімі артады, жағымды эмоционалды жағдайы қалыптасады, стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі, сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады, іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді.
Қоғамның басты байлығы ретінде адам факторына бетбұрыс жасау оның интеллектуалдық потенциалын дамыту, даралық, шығармашылық және жеке тұлғаға тән басты қасиеттер қалыптастыру мұғалім қызметімен тікелей байланысты. Әр оқушының дамуына тиімді жағдай жасап, қабілеттерін дамытатын, талантын оятатын, жеке тұлғаны қалыптастырудың психологиялық стратегиясын жүзеге асыратын - мұғалім. Сондықтан да, психологиялық диагностика негіздерін меңгертіп, осы бағыттағы іскерлік дағдыларын қалыптастыруға көмектесетін қолданбалы психологиялық білім берудің маңызы зор, көмегі көп.
Мектептегі психологиялық қызметтің негізгі іс-әрекеті әр баланың дамуына ықпал ететін психологиялық-педагогикалық жағымды жағдай туғызу. Психологиялық қызметтің негізгі мақсаты оқушылардың психикалық денсаулығын қамтамасыз ету.
Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
Мұнда ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
«Бала аурулы, зағып болса, баладан емес,
тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса, бала
кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі; бала сұлулықтан
ләззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала
айыпты емес, тәрбиеші жазалы»
М.Жұмабаев