Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім берумектебі Төлеубаева Жаңагүл Бағдатқызы педагог-психологі



бет7/7
Дата07.02.2022
өлшемі130,1 Kb.
#96103
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1452750803376 (1)
1452750803376 (1)
Жорамалданатын нәтиже:

  • Бағдарлама қорытындысы бойынша:

  • Оқушылардың өзіндік психикалық жағдайлары туралы білімі артады;

  • Жағымды эмоционалды жағдай қалыптасады;

  • Стресті жеңіп өз-өзін реттей біледі;

  • Сенімді мінез-құлық дағдысы қалыптасады;

  • Ішкі резервтерді тірек етіп, өзін-өзі бақылау дағдылары қалыптасады;

  • Іс-әрекетін талдағанда өз жауапкершілігін сезінеді.

Тақырыптық жоспар



Тақырыптар

Сағат саны

1

Емтиханға психологиялық әзірлену

2

2

Өз-өзіне сенімділік

1

3

Ашуды қалай жеңуге болады?

2

4

Өз жұлдызыңды тап

2

5

ҰБТ-ға оқушыларды психологиялық тұрғыда дайындау тренингі

1

6

Өз күшіне сенімді бол!

1

7

Психикалық жүйке күйзелісін төмендету әдістері

2

8

ҰБТ-ға дайындық барысында оқушылардың қобалжу деңгейін төмендету

1

9

Емтиханға жинақылық дағдысын қалыптастыру

1

10

Көңіл-күйімізді басқара білейік

1

11

Зейінді шоғырландыруға арналған жаттығулар

5



Психологтың жоғары сынып оқушыларын
емтихан алдында дайындау жөнінде ата-аналарға
ұсынылатын кеңестері
Балаларыңызға емтиханға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

  • Емтихан алдында балаңыздың қобалжуын көтермеңіз. Бұл тестілеудің нәтижесінде теріс әсер етуі мүмкін, Өйткені бала өзінің жас ерекшеліктеріне байланысты өзінің эмоцияларын ұстай алмауы мүмкін;

  • Үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Балаңыз дайындалған кезде ешкім оған бөгет жасамасын;

  • Балаңыздың дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

  • Тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіз. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағатты беріңіз;

  • Балаңызды емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, балаңызды жаттықтырыңыз. Өйткені тестілеу балаңызға таныс ауызша мен жазбаша емтихандардан өзгеше;

  • Балаңызды мадақтап, өзіне деген сенімін жоғарлатуды ұмытпаңыз;

  • Балаңыздың ішетін тағамына көңіл аударыңыздар. Балық, ірімшік, жаңғақ, курага және т.с.с бас миының жұмысын белсендіреді;

  • Емтихан алдында балаңыз толымды демалу үшін жағдай жасаңыз. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалуы қажет;

  • Емтиханнан кейін балаңызды сынға алмаңыздар және оған ашу байқатпаңыз;

  • Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – балаңызды емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға дайындалу үшін қажетті жағдайлар туғызу керек.

Психологтың жоғары сынып оқушыларын
емтихан алдында дайындау жөнінде ұстаздарға
ұсынылатын кеңестері
ҰБТ-ді жемісті тапсырудың себептерінің бірі ол бұған ұстаздардың қатынасынан және олардың оған қалай қарайтынына байланысты. Сондықтан да, оқушыларға емтихандарға тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыздар:

  • Жоғары сынып оқушыларының дайындалатын тақырыптарын күндерге бөліп, жоспарлаңыз;

  • Жоғары сынып оқушыларын емтихандарға дайындалу әдістемесімен таныстырыңыз. Пәндер бойынша тестік тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларын дайындаңыз да, оларды жаттықтырыңыз;

  • Тестік тапсырмаларды орындаған кезде жоғары сынып оқушыларына уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер;

  • Жоғары сынып оқушыларын әрқашан мадақтап, олардың өзіне-өзі сенімін жоғарылатыңыз;

  • Емтихан алдында оқушылардың қобалжуын көтермеңіздер. Бұл кері әсер беруі мүмкін;

  • Тестілеу алдында және одан кейін оқушыларға ашу байқатпаңыз;

  • Есіңізде болсын: Ең бастысы және негізгісі – жоғары сынып оқушыларында емтиханмен байланысты қобалжу деңгейін төмендету керек және оларға ашуланбау керек.

Емтихап кезінде және емтиханнан кейінгі қылықтар туралы ұсыныстар
1. Емтиханға бір күн қалғанда еш нәрсемен айналыспа. Егер сен бір нәрселерді жаттап улгермесең, солай қоя сал, жаттама. Демал, көңілінді көтер, емтихан жөнінде ұмыт.
2. Емтихан алдында жақсылап ұйықтап ал.
3. Міне, сен сыныптың жанындасың. Тыныштал! «Мен тынышпын» деп бірнеше рет қайтала. Бірінші қатарда жауап беруге тырыс. Егер кірмей көп уайымдап тұрсаң, қорқыныш сезімі жаралап, қобалжисың, өзіңе сенімсіздік туындайды.
4. Ойларыңды жинақтап, эмоцияларыңды ретте.
5. Сыныпқа «Барлығы жақсы болады»деген сеніммен кір.
6. Жақсылап отырып, арқан.ды тік ұста. Өзіңді барлығынан жоғары деп сана. «Менде барлығы жақсы деген пікірді ұстап, оны асықпай бірнеше рет қайтала. Соңында қолыңды жұмырдықтап қатты қыс.
7. Қобалжуды жеңетін тыныс жолдарына арналған жаттығулар жаса:
• Жайлы отыр.
• Мұрын арқылы терең дем алу (4-6 секунд).
• Дем алуды тоқтатып (2-3 секунд) отыр.
8. Тестілеу кезінде қажетсіз сұрақ қоймау үшін, зейін қойып тыңда. Саған бланкті қалай толтыру, қандай әріптермен жазу, мектеп нөмірін қалай кодтау керек екенін түсіндіреді
9. Жан-жағыңа көңіл аудармай, зейін тұрақтылығына тырыс. Сен үшін тек тестті орындау уақыты және тапсырма берілген бланкі маңызды. Тапсырманы соңына дейін оқы.Тапсырманы бірінші сөздерінен түсінікті деп ойлап қалып, аяғын өзім ойлап табам деп асығысқа жол берме.
10. Өзін сенімді сұрақтарға жауап беруден баста. Сонда сен жұмыс жасауға дайын боласың. Кез келген сұраққа сен жауап бере аласың, тек сен ойларыңды жинақта.
11. Келесі тапсырмаға көшкенде, алдыңғы тапсырмана ұмыт, олар бірбіріне ұқсамайды.
І 2. Шегеру әдісін пайдалан! Сәйкес келмейтін жауаптарды ретімен сызып таста.
13. Егер сен жауап беруде күмәндансаң, өзіңнін интуицияңа сен!
14. Өз жүмысыңды тексеріп шығуға уақыт калдыр, қателерді байқау үшін көзіңмен жүгіртіп өт
15. Барлық тапсырманы орындауға тырыс, бірақ тәжірибе жүзінде мүмкін емес екенін есіңе сақта. Тесттік тапсырмалар максимальды еңбектенуге арналған, ад жақсы баға алу үшін тапсырмалардың 70 % орындау керек.
-Жауап беру кезіндегі әрекет
-Егер емтихан қабылдаушы адам - жігерлі болса, сенің ақырын, үзіліс жасап айтқан жауабың оған мүмкін ұнамайды. Соны ескеріп отыр.
-Егер емтихан қабылдаушы адам - сабырлы, байсалды кісі болса, сен оған қатты дауыспен, мимикамен, ишарамен жауап берме. Ешқашан шектен шығып кетпеуді ұмытпа. Артық ештеңе болмауы тиіс!
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға
ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
Өз тәжірибемде сабақ сапасын арттыруда, жақсы білім дәрежесіне жетуде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып келемін. Оқушыға білімнің білігін, тәрбиенің тәлімін бере отырып, оқушылардың демократиялық қасиеттерін, таңдау бостандығын,өздігінен іздену қабілеттерін, жеке тұлғаны дамыту мақсатында мектебімізде тек қана оқушылар ғана емес сонымен қатар ұстаздар қауымы да шығармашылық іс-шараларға белсене ат салысу керек екендігіне көзім жетті.
Әр түрлі тренингтер, семинарлар, кездесу, кеңес берулердің нәтижесінде мектебімізде оқушыларда ҰБТ кезінде жақсы жағынан көрінуде. Қобалжу, қорқу деңгейлерінің төмендегені байқалуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет