Павлодар қаласы №25 жалпы орта білім берумектебі Төлеубаева Жаңагүл Бағдатқызы педагог-психологі



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі130,1 Kb.
#96103
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1452750803376 (1)

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік тәжірибелер қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген, оқушының жан дүниесін түсіне білетін педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Қазіргі қоғамда ҰБТ жаңалық емес, шындыққа келсек бұл үрдіс өзіне саналылық қатынасты талап етеді. Сондықтан мектеп ұжымы осы маңызды міндетті орындауда тиянақты дайындалуы қажет.
ҰБТ түлектердің қорытынды мемлекеттік аттестациясы мен жоғары оқу орнына тапсыратын қабылдау емтиханын біріктірген үлкен сынақ болғандықтан, бұл бала бойындағы психологиялық күйзеліс жағдайының қайталауын төмендетеді. Сонымен қатар ҰБТ-ның психологиялық ерекшеліктеріде бар, оларды мектеп түлектерін емтиханға дайындаған кезде есепке алу қажет.
Оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық өзектілігін бағаламау мүмкін емес. Қандай емтихан болмасын балада күйзеліс тудырады, себебі ҰБТ-ның ережелері тапсырмалары жылдан жылға өзгеріп отырады, көптеген оқушыда қорқыныш пен қобалжу сезімі пайда болады
Мұнда ҰБТ-ға байланысты жеке тұлғаны жан-жақты дамытып, өзін-өзі басқару, ҰБТ-ға дайындық үрдісін ғана көтеріп қоймай, сонымен бірге емтихан, яғни ҰБТ кезінде оқушының өзін-өзі эмоционалдық тұрғыдан ұстауын, ойлау қабілетін, жеке кезеңде өз білімін реттей алуына көмек беріледі. Бұл бағдарламаның негізгі бөлімі оқушыларға релаксациялық жаттығулар мен жүйке-бұлшықеттерінің қозуын төмендетуге арналған жаттығуларды меңгеруге көмектеседі.
Сабақтарда оқушылардың қарым-қатынасын дамыту үшін тренингтер қолданылады. Тренингтер оқушыларға адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясын меңгеруіне, іскерлік сапаларын шындауға, ұжым мүшелерінің арасында бірін-бірі түсіну арқылы жағымды психологиялық ахуалды құруға көмектеседі.
Бойында қарым-қатынас жасау және өзін-өзі таныстыру дағдыларының қалыптаспағаны, өзінің эмоционалды қалпын басқара алмауы, өзін-өзі төмен бағалау және тағы да сондай сияқты жағдайлар әр түлекте кездесуі мүмкін. Сондықтан да түлектерге арнайы өткізілетін емтихандар алдындағы психологиялық көмектің маңызы зор болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет