Павлодар қаласының №29 жалпы орта білім беру мектебі Апсалямова Әсемгүл Арыстанқызы қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі



бет3/3
Дата06.07.2018
өлшемі192,88 Kb.
#47779
1   2   3

Сабақты жақсы меңгерту үшін ынталандыру мен дәлелдеу қажет: Сонымен қатар бағалаудың тек қана суммативті түрін қолданбай, балаларды формативті түрде бағалауға дағдыландыру қажет.

Бүгінде оқу ісінде оқушының оқушымен не мұғаліммен бірігіп жұмыс істеуінің немесе оқу ісін ұйымдастырудың төрт формасы белгілі: жеке, жұптық, топтық, ұжымдық.

Әр оқушы топтағы жеке оқушылармен жұп құрап жұмыс істейді, жаңа ұғымды өзіүйренеді және оны біруге үйретеді. Алмасып жұптық оқу – оқыту әдісі емес, тіпті білім берудің жеке формасы деп те қарауға болады деген пікірлер де бар. Бұл ауысымды жұптық оқу мұғалім басшылығымен іске асады. Оқушы бірде мұғалім, бірде оқушы ретінде болады. Жеке оқыту ешқашанда ұжымдық оқыту бола алмайды. Ал жұптық оқыту – мұғалім мен оқушы немесе екі оқушының бірігіп оқуы, яғни пар тұрақты, тұйықталған, екі адам да ұжымдық емес.

Оқу ісін ұйымдастырудың ұжымдық формасында біреуі басқалардан жоғары тұрмайды (мұғалім), барлық оқушы жұптық оқуға тартылып кезекпен ауысып жұмыс істейді. Ал топтық оқуда біреуі топқа қарап сөйлейді, оқытады. Ұжымдық оқытуды екінші сыныпта қолдануға болады, оқытудың ұжымдық әдісімен оқушылардың ауысымды жұптық жұмысын кезеңмен іске асырған қолайлы.

1.Кезең. Мәтінмен жан-жақты жұмыс. Шешендік сөзге талдау жасайды, түсінбеген сөздің мағынасына үңіледі, жаңа сөздермен танысады, мағынасын ашады, талдайды.

2.Кезең. Тұрақты жұптық жұмыс. Екі оқушы жұп құрап жұмыс істейді. Бірі түсінбеген сөздердің мағынасын екіншісі түсіндіреді, көріктеуіш құралдарды табады, мәтінді бірге талдайды.

3.Кезең. Топтық жұмыс. Жұмыстың нәтижесі, сапалылығы топтағы әр оқушы жұмысының орындалу нәтижесіне тікелей байланысты.

4.Кезең. Ауысымды жұптық жұмыс. Жалпы, ұжымдық оқытуды жаңа сөздерді меңгертуде қолданса, ең тиімді әдістердің бірі болатынына сенуге болады.

Бұл технологиямен оқыту уақыты оқушылардың жұмыс істеу дағдысының қалыптасуына, алдын ала қойылған дидактикалық мақсатқа, оқу материалдарының көлеміне байланысты белгіленеді. Оқушылардың барлығы оқу қызметінің көптеген түріне қатыса отырып, әрқайсысы өз мүмкіндігі деңгейінде жұмыс істейді. Өзіндік жұмыс атқарады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Әдебиетті оқытуда шешендік сөздердің алатын орны

Шешендік өнер көп халықтарда ертеден келе жатқан дәстүр.Тіпті ежелгі Рим империясы мен Мысыр елдеріндегі оқу орындарында “Риторика” негізгі пәндердің бірі болып оқытылғаны белгілі. Онда болашақ ел басшыларын, заң қызметкерлерін, қоғам қайраткерлерін ешқашан қағазға қарамай , шешен сөйлеуге үйреткен.

Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде “риторика” дейді. Риторика ғылымының негізін салушы грек софисті Протогор деп есептеледі. Риторика дегеніміз - сендіре білу, яғни тыңдаушының сана-сезіміне барынша әсер ету, оның еркін билеп алу, ықпал ету, иландыру.

Шешендік өнер негізінен ақыл-ойға еркіндік кең жерде, халықтық-демакратиялық қоғамдарда өсіп өркендеген.

Шешендік өнер –ежелгі дәуірден белгілі пән. Сөз өнері ескі Грек, Рим заманында пайда болған.Ол дүниежүзіне әйгілі осы өнердің негізін қалаған Демосбен, Цицирон сияқты әрі саяси қайраткер, әрі әйгілі шешен адамдардың есімімен тығыз байланысты. Көне Грек, Рим шешендік өнері сол тұстың өзінде-ақ ғылым ретінде танылып , теория мен тәжірибеден өтіп шыңдалып келген.

Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған “ түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” дейтін нақыл да оны қазақ шешендерінің басы деуге дәлел бола алады.

Қазақтың шешендік өнерінің екінші кезеңі Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерімен байланысты. Асан қайғының Әз Жәнібек ханды сынайтын толғауы, Жиреншенің Әз Жәнібектің сұрақтарына берген жауаптары және Қарашаш сұлумен әзілдесетін тапқырлық сөздері нағыз шешендік сөздердің үлгілері. Сондықтан да, қазақ шешендік өнері он екі –он үшінші ғасырларда Майқы би мен Аяз билерден басталып, Асанқайғы мен Жиренше шешендермен қалыптасып, он үшінші ғасырларда өркендей түскен.

Халқымыздың тарихына көз жүгіртсек, өмір бойы бітіп болмайтын жер дауы, жесір дауынан бастап тіршіліктегі дау-дамай атаулының бәрін билер шешкен. Небір қиын мәселелерді байыппен қарап, ақылға салып әділ шешімін, тура үкімін айтқан аузы дуалы, қадірменді адамды би атаған. Билік айтқан адам сөзге сұңғыла шешен болған.

“Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті”.

Шешендік өнерге біздің ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз ерте кезден-ақ мән беріп зерттеу жасаған. Қазақтың шешендік тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғылымдардың бірі- Ы. Алтынсарин. Ол өзінің “ Қазақ хрестоматиясына” шешендік сөздерді енгізіп оқуға ұсынды. Аса ірі зиялыларымыздың бірі-А. Байтұрсынов өзінің “ Әдебиет танытқыш” деген еңбегінде шешендік сөзге былайша талдау жасаған:

“а) мемлекет қайраткерлерінің белгілі бір мақсатпен дүйім жұртты аузына қаратып, нандырып , сендіріп сөйлегенін-саясаткер шешен сөзі,

ә) сотта айыпкер адамды ақтау, я қаралау мақсатымен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтылған сөздер - билік шешен сөзі,

б) білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлегені -білімді шешен сөзі,

в) біреудің еткен еңбегін , өткізген қызметін халық алдында мақтап сөйлеген сөзі - қошамет шешен сөзі,

г) дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзін-уағыз сөз”,- деп бөлген.

Шешендік өнерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі - М. Әуезов. Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға арналған “ Әдебиет тарихы” деген еңбегіне “ Билер айтысы” атты тарау енгізіп , шешендік сөздердің жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы екенін айтады.

Шешендік өнерді меңгертуге арналған сабақ, шешендік сөз бойынша өтетін тақырыптар үстірт түсіндіріле салмай, олардың әрқайсысының оқушының тілін дамытуда, сөздік қорын байытуда, әдеби тіл нормаларына сай сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыруда тілдік сезімдер мен логикалық ойлау жүйесін жетілдіруде ерекше орын алатын амал тәсілдерін іздестіру қажет.

Бала бастауыш сыныпта сөз болу үшін ол белгілі бір ұғымды танытуы керек екендігін, ал оның тікелей лексикалық мағынаға келіп тірелетіндігін меңгереді. Сондай-ақ, сөз құрамындағы бір дыбыстың өзгеруінен мағынаның басқаша сипат алатынын да біліп, сөздің сыртқы пішінін тіл дыбыстары құрса, оның ішкі мазмұнын лексикалық мағынасы белгілейтіндігі жөнінде мәлімет алады. Оқушының ауызекі сөйлеу нормаларын сақтап, орфоэпия заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, ойын сауатты құрумен қатар әсерлі, әуезді жеткізу дағдылары да қалыптастырылады. Оқушы ойын сауатты құрумен қатар әсерлі, әуезді жеткізу дағдыларын қалыптастыруы қажет, ол үшін әдебиет сабақтарында шешендік сөздерді меңгерткенде, олардың айтылуы мен жазылуы арасындағы ерекшеліктерді де қамти отыру керек, мағынасын жете түсіндіру қажет.



Сондықтан да әдебиет сабақтарында шешендік сөздер маңызды рөл атқарады.

Шешендік сөздерді жаңа технология арқылы оқыту

Бастауыш сыныпта әдебиет сабағында жаңа технологияны қолданудың өзіндік тиімді жақтары мол. Оқытудың дәстүрлі түрімен салыстырғанда қол жеткізер нәтижелері де қомақты.

Оқытудың дәстүрлі түрлері түсіндірмелі – иллюстративті, проблемалық оқыту, модульдік, бағдарламалап оқыту, оқыту элементтері қолданылатын әр алуан әдіс-тәсілдер (репродуктивтік әдіс, сұқбат, дөңгелек үстел, іскерлік ойындар) оқушылардың белсенді әрекеттеріне бағытталады. Шешендік сөздерді меңгертудегі негізгі мақсат: әдебиет пәні арқылы бастауыш сынып оқушысының жас ерекшелігіне сай таным мүмкіндігін, белсенді сөздік қорын қалыптастырып, сөйлеудің, оның ішінде шешендік сөйлеудің негізін игеріп, қарым-қатынас жасауда қолданып, әңгімелесуге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу және шығармашылық қабілетін дамыту.Шешендік сөздерді меңгерту үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады:



  • сөздік қорын молайту;

  • синоним, омоним, антоним сөздерді айыра білу,

  • мәтіннен бейнелі, теңеу сөздерді табу;

  • астарлы, тұспалдап айтылған сөздердің мағынасын түсіну;

  • шаршы топ алдында сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

- баланың көркем сөйлей білуіне көмектесу.

Шешендік сөздерді деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту

Әрбір педагогикалық технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдерімен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдер мұғалімнің ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктелініп, қалыптасқан жағдайға сәйкес ең тиімдісі қолданылады. Оқушыларға жүйелі білім беру және алған білімі негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру сияқты оқу процесінің негізгі мәселелері сабақ беру арқылы жүзеге асады. Сондықтан сабақ беру әдістеріне әрқашан да ерекше көңіл бөлініп, оны жетілдіру күн тәртібінен түспей келеді.

Бастауыш сыныптарда әдебиет сабағында шешендік сөздерді меңгертуде қолданылатын тиімді әдістердің бірі ретінде деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертуді айтуға болады. Шешендік өнерді үйретуде деңгейлік тапсырмалар қолдану арқылы жаңа сөзді, мағыналы да мәнді, әсерлі, яғни эмоционалды, экспрессивті сөздерді сапалы меңгертуге болады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгертудің негізгі ерекшеліктері біріншіден, үнемі тілдік қатынастың жүргізілуін қамтамасыз етеді, екіншіден, әр оқушының жеке бас қасиетін, қабілетін ескеру белгісі. Сыныптағы оқушылар бір-бірінен өздерінің сөйлеу, ойлау қабілеті, қызығушылығы т.б. қасиеттері арқылы ажыратылады. Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту осы жеке қасиеттерінің барлығын ескере отырып, әр оқушының танымына, қабілетіне қызығушылығына сай ұйымдастырылады.

Үшіншіден, деңгейлік тапсырмалар арқылы шешендік сөздерді меңгертуде проблемалық түрі де басты орын алады, төртіншіден деңгейлік тапсырмалар арқылы шешендік сөздерді меңгертудің басты ерекшелігі – оқу үрдісінің үнемі өзгеріп отыруымен байланысты, яғни жаңашылдығы. Деңгейлік тапсырмаларда меңгеруге тиісті міндеттермен қоса, күрделі тапсырмаларда қамтылады, әрі оқушының қабілетіне қарай орындауға тапсырма беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар – жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесі.

Деңгейлік тапсырмалар оқушының ойлауын дамытып, дүниетанымын кеңейтеді. Жеке өзіндік көзқарасын қалыптастырып, ізденушілікке баулиды. Жалпы, деңгейлік тапсырмаларды қолдану оқушының жеке қабілетін ашуға, өзіне деген сенімін арттыруға, әдебиет пәніне деген қызығушылығын арттыруға жол ашады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқытудың тағы бір ерекшелігіне тоқталар болсақ, деңгейге бөліп оқытуға бола ма? Оның тиімділігі неде? Өзіндік ерекшелігі қандай? Жеке тұлға тәрбиелеуге қандай көмегі бар? деген сұрақтарды туғызады.

Деңгейлік тапсырмаларды шешендік сөздерді, ұшқыр мағыналы ұғымдарды терең және жан-жақты меңгертуге қолдануға болады. Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі оқушы белгілі бір тақырып бойынша түрлі тапсырмалармен жұмыс жасайды. Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға қарағанда ізденімділік пен шығармашылық деңгейде орындалатын жұмыстардың мазмұны мен жүргізілу жолдары қиынырақ болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, әр деңгейде орындалатын тапсырмалар әр түрлі және түрлі талаптарға сай келеді. Деңгейден деңгейге көшкен сайын тапсырмаларға қойылатын талаптар да артып, тапсырма мазмұны күшейе түседі.

В.П. Беспалько деңгейлерді төртке бөледі. Ол төмендегі схемада көрсетілді. Негізі деңгейлік тапсырмаларды енгізудегі басты мақсат -– сынып оқушыларын қабілетті, қабілетсіз деп жасанды әр түрлі жіктерге бөлуді болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту, сонымен қатар барлық оқушыға қатысты ізгілендіру ұстанымдары сақталады.

ІV шығармашылық

ІІІ эвристикалық

ІІ алгоритмдік

І оқушылық

Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше”.

Профессор Ф.Ш.Оразбаева мен Н.Х.Шадиеваның деңгейлік тапсырмаларға төмендегідей сипаттама береді:

Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:


  • мұғалім түсіндіпген білімді оқушы қайталап бере алатындай болуы керек;

  • оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез келген жағдайда тани алуға дағдыландыратын болуы қажет;

  • жоғарыдағы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы тиіс”.

Бұл деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Алдындағы мақсатты шешуге ұмтылады, бұрынғы білімдерін де пайдаланады.

Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

- өткен материалдармен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек;


  • сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуы қажет;

  • тапсырмада лексикалық тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс;

  • тапсырмада берілген ойды жалғастыратындай болуы керек”.

Алгоритмдік деңгейде мақсат пен шешілуге тиісті ситуация анық, оқушы бұрынғы жинақталған білімін пайдалана отырып, мақсатқа жету үшін өз бетімен жұмыс істейді.

Ізденімділік деңгейде орындалатын тапсырмалар:



  • оқушыны іздендіре отырып,нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын қамтамасыз ететін болуы керек;

  • оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуге бағыттайтын болуы қажет;

  • оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырмалар болуы қажет ( сөзжұмбақ, ребус, жұмбақ)” .

Бұл эвристикалық деңгейде мақсат анық, ситуация түсініксіз, оны оқушының өзі толықтырады, табады, шешеді. Мұнда да бұрынғы білім көмекке келеді. Оқушы жаңа хабар, білімді өз ізденісімен ала алады. Бұл деңгей - өнімді деңгей.

“Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:



  • Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек (сурет салу, шығарма, фантастикалық әңгіме, ой толғау, өлең, әзіл өлең жазу)

  • Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға баулитын болуы қажет (реферат, рецензия, баяндама, өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар, т.б.)

  • Тапсырманы мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытытын болуы тиіс”.

Шығармашылық деңгей – мақсат жалпылама, анық емес. Оқушы оны анықтайды, жаңа нәрсені табады, өз бетінше жаңа дүние әкеледі.

Шығармашылық деңгейге жету жолдары оңай емес. Бұл деңгей баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды. Бала тек мұғалімді тыңдаушы ғана емес, ол- зерттеуші, ізденуші, жаңалық ашушы. Ал мұғалім оқушы іс әрекетін ұйымдастырушы, бағытберуші. Оқушының дағды іскерлігі белгілі бір проблема, ситуацияны шешу арқылы қалыптасады.

Әр деңгейде өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалады.

Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар олардың тек теориялық білімін тереңдетумен шектелмей, ойлау мәдениетін де жетілдіретіндей сипатта берілуі, бір жағынан, жас өспірімдердің тілдік құбылыстарды саналы түсінуіне негіз болса, екінші жағынан, білімге, білуге қызығуын арттырады. Бұл әсіресе ізденімділік деңгейдегі тапсырмаларды түрлендіру арқылы жүзеге асады.

Мұғалімнің оқыту әдістерін таңдаған кезде олардың оқушы ойын дамытуға, өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға ықпалы қандай екенін алдын ала болжап анықтай алуы үлкен мәнге ие “Бұл технологияның бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады”.

Ізденімділік деңгейдегі тапсырмалардың оқушының сөз мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндігі мол, оны шеберлікпен пайдалана білу – сапалы білімнің негізгі көзі. Ал баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын шығармашылық деңгейде,оның қабілеттерінің қажет етеді.

Ғалымдар әр баланың өзіндік қабілеті бар екендігін дәлелдеген, әрі қабілет іс-әрекетарқылы дамып, жетіліп отырады. Шығармашылық қабілет – баланың өз бетінше ізденуі, мәселенің шешімін өзгеше шешуі, бұрын алған білімін пайдалана отырып, жаңа әдіс, жаңа жол таба білуі. Жан-жақты және үйлесімді жеке бастың аса маңызды көрсеткіші – оның жоғары дәрежеде ойлау қабілетінің болуы.

Ғалым В.Л.Беспалько оқу материалдарын меңгертудің деңгейін көрсетіп, шығармашылық деңгейде баланың дарындылығы, таланты, тапсырмаларды орындаудағы іздемпаздылығы танымдық, рухани интеллектуалдық шеберлікке ұштасатындығын айтады. Шығармашылық деңгейдегі тапсырмалар баланың ой-шапшаңдығын, сөз байлығын дамытып, өз ойын қағаз бетіне түсіре білуге дағдыландырып, шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулиды.



Бастауыш сыныптарда ана тілі сабақтарында шешендік сөздерді меңгертуге арналған деңгейлік тапсырмалар:

Ана тілі 1-сынып.

Сабақтың тақырыбы: “Үш би” өлеңі. Авторы Н.Оразалин.

1 деңгей.

Өлеңді мәнерлеп оқы.



2 деңгей.

Өлеңді көшіріп жазып, буынға бөлу.



3 деңгей.

Өлеңді жаттау, мазмұны бойынша шығармашылық жұмыс, сурет салу



4деңгей

Берілген өлеңдегі таныс емес сөздердің мағынасына талдау жаса, сөйлем құрастыр



Үш би мәтіні бойынша деңгейлік тапсырмалар:

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқу.



2 деңгей

Мәтінді оқу жылдамдығына, минутына 30-35 сөз оқу.



3 деңгей

Мәтінді мазмұндау.



4 деңгей

Мәтін бойынша шығармашылық жұмыс. Шешендік сөздер туралы мақал-мәтелдер жаттау, қолданып сөйлем құрау. Мысалы,



Жүз оқушының жүз мінезі бар.

Ұлы жүздің биі – Төле би, орта жүздің биі – Қазбек би.

Жүз оқушының ішінен суырылып шыққандардың арасында өзінің аты-жөнін естігенде баланың жүзі жайнап, суда еркін жүзді.

Екінші сынып ана тілі сабақтарында шешендік сөздерді меңгертуге арналған деңгейлік тапсырмалар:

Сабақтың тақырыбы. Кедейлік неден?

І деңгей

1.Мәтінді мәнерлеп оқу.



2деңгей

Түсініксіз сөздерді дәптерге жазу, түсіндірме сөздікпен жұмыс.



3 деңгей

Кежірлік, еріншектік, ұйқышылдық- кедейлік үш ағайынды дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды жаз.



4 деңгей

Төле бидің айтқаны дұрыс деп ойлайсың ба? Өз ойыңды дәлелде.



Сабақтың тақырыбы: Жақсы жігіт белгісі.

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп түсініп, оқы.



2деңгей

Мәтінді рөлге бөліп оқы, оқу жылдамдығына оқы.



3 деңгей

Түсініксіз сөздерді дәптерге жазу, түсіндірме сөздікпен жұмыс.

Арғымақтың құйрығы,

Сатса – жібек, кессе – қыл.

Жақсы жігіт белгісі,

Түзде мырза, үйде – құл”.

4 деңгей

Жақсы жігіт белгісі қандай? Өз ойыңды жаз



Сабақтың тақырыбы: Шешендік сөздер

1 деңгей

Мәтінді түсініп оқы.

2 деңгей

Мәтінді мазмұнда



3 деңгей

Төле бидің шешендік сөздерін тауып, дәптерге көшір. Осыған сай мақал-мәтел жинақта.

4 деңгей

Сөздікпен жұмыс. Жорық – соғысқа жауға аттану.

Шеңгел – тікенекті бұта.

Іргесі – тұсы, қасы, жаны.

Мамық – үлпілдеген, майда, жұмсақ құс жүні


Сабақтың тақырыбы: Қазыбектің Төле бимен кездесуі.

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп түсініп оқы.

2 деңгей

Төмендегі мәтін шығарманың қай түріне жатады.



  • баз бала әкесінен өтіп туады,

  • баз бала әкесіне жетіп туады,

  • баз бала кері кетіп туады.

а) мақал ма?

ә) өлең бе?

б) шешендік сөз бе?

3 деңгей

Осы мәтіндегі ұйқасып тұрған сөз тіркестерін тауып, бағанмен жаз.

4 деңгей

“Баз бала әкесіне жетіп туады” деген сөйлемдегі “жетіп туады” тіркесін қандай тіркеспен өзгертсең қарама-қарсы мәнді сөйлем шығады?


Сабақтың тақырыбы: Жігіттің жақсысы.

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқы. Әйтеке, Төле, Қазбек биге жігіт қандай шағыммен келді?

2 деңгей

“Елдің қамын жоқтау”, “сөзге тоқтау” дегенді қалай түсінесің? Өз ойыңды қысқаша жаз.

3 деңгей

Сөзікпен жұмыс, “Жампоз” сөзіне қарама-қарсы мәнді сөз жаз.

4 деңгей

Әйтеке бидің шешендік сөздеріне сүйеніп, жақсы жігіт белгілерін санамалап, айтып шық.



Бастауыш мектептің үшінші сыныбында шешендік сөздерді меңгерту

Сабақтың тақырыбы: Абылай хан. Авторы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқы. “Май қатығы не?” деген жұмбақты шешкен Жанайдар жауабын жатқа айт.



2 деңгей

Берілген жұмбақтардың шешуін тауып, мағынасын аш.



3 деңгей

Оқу жылдамдығына оқы.



4 деңгей

Осы мазмұндас шешендік сөзге мысал келтір.



Сабақтың тақырыбы: Қазбектің шешендік сөздерінің бірі.

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқы.



2 деңгей

“Бір бала атаға жете туады, бір бала атадан өте туады” дегенді түсіндір.



3 деңгей

Қазыбек толғауын жатқа айт.



4 деңгей

Қазыбектің тоқтау айтқан сөздерін дәптерге теріп жаз.




Сабақтың тақырыбы: Бала Әйтекенің билігі.

1 деңгей

Мәтіннен Әйтекеге берілген бағаны дауыстап оқы.



2 деңгей

Жол соқтылау болып” тіркесін басқа сөзбен алмастыр.



3 деңгей

Босағада тепсе - бүтін құн, жабыққа тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірі” дегеннің шешімін тап.



4 деңгей

Мәтінде кездесетін жаңа сөздермен жұмыс жаса, шағын мәтін құрастыр.



Сабақтың тақырыбы: Әнет баба әңгімелері.

1 деңгей

Мәтінді мәнерлеп оқы.



2 деңгей

“Әкім” сөзінің әр әрпінің мазмұнын таратып оқып, жаттап ал.

“Ә” дегені - әділ бол,

“К” дегені – күншіл болма, көпшіл бол,

“І” дегені – ілтипатты бол,

“М” дегені – менмен болма, мейірман бол.



3 деңгей Әнет бабаның Қазыбек биге өсиет айтқысы келмеу себебін түсіндір.

4 деңгей Мәтіннен “тағылым” сөзінің мағыналас қатарын тап.

Жеті модуль қамтылған сабақтары негізінде бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді меңгерту

Ұcтaз бaлaғa тepeң бiлiм бepіп, зaмaн тaлaбынa caй aқпapaттық-кoммуникaциялық тexнoлoгиялapын мeңгepтіп, oның жeтicтiктepiн caбaқ үpдiciндe тиiмдi пaйдaлaнa бiлуi тиіс. Оқыту мен оқудағы жаңа әдic – тәciлдep apқылы өткiзгeн әpбip caбaқ oқушылapдың oйлaуынa жәнe қиялынa нeгiздeлiп кeлeдi, бaлaның тepeңдe жaтқaн oйын дaмытып, oлapды cөйлeугe үйpeтeдi. Мұғaлiм түpлi әдicтeмeлiк тәciлдepді пaйдaлaну apқылы қaбiлeттi әp түpлi бaлaлapдың opтacынaн қaбiлeтi жoғapы бaлaны iздeп, oнымeн жұмыc жacaу жасай отырып, oны жaн-жaқты тaнуды oйлaп, oқушылapдың шығapмaшылық дeңгeйiн бaқылaп oтыpуы кepeк. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» деуінің өзі - үлкен көрегендіктің белгісі. Бүгінгі таңдағы оқыту үрдісі жаңа әдіс- тәсілдерді, жаңаша идеяларды қолдануды талап етеді. Әр мұғалім өз іс- тәжірибесінде көптеген қиындықтармен, кедергілермен кездеседі. Ол заман көшіне ілесу үшін өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.  Білім берудегі Кембридждік әдістің теориялық негізін оқып, таныса отырып, оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – 7 модульді бастауыш сыныптарда шешендік өнерді оқыту тақырыптары аясында сабақ жоспарларды ұсынып отырмын.

    Жаңа әдістерін жетілдіру мақсатында педагогтардың біліктілігін  арттыру курсының  бізге ұсынылып  отырған бағдарламасы  мына  жеті  модульді  қамтыған:

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және  оқыту. 

7. Білім  берудегі  басқару және көшбасшылы

         Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппіз. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.  Біз қолданып отырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан, сындарлы оқыту негіздері қамтылған. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО)  бағдарламасының  қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан  ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түпкір- түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп сол курста негізге алынған  жеті модуль туралы қысқаша тоқталайын.

1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер

«Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйретуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік –сындарлылық көзқарасымен тығыз  байланысты. «Қалай оқу керектігін үйрету » немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше  жалғастыра   алатын  білім  жинау жауапкершілігін  түсінуге  және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

 2. Сыни тұрғыдан ойлауға оқыту

Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз – ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау. Өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.

 3 Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау –одан арғы білім туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Мұғалімдер мен оқушылар  өздерінің қандай мақсатқа жететіндіктерінің өлшемдерін түсіну. Осыған байланысты бағдарлама критерийлі бағалау тәсілдерін қарастырады.

 4.  Оқытуда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды АКТ пайдалану

Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді. Жоспарланған сабақты тиімді өткізуге көмектеседі, оқушының ой өрісінің дамуына, зерттеулік жұмыстар жүргізуіне ықпал етеді. Бағдарлама соңында мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологияларды сенімді және сыни тұрғыдан пайдаланушыларға айналады.

 5.  Талантты және дарынды балаларды оқыту

Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде осындай балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасау. Оқушылардың қабілеттерін дер кезінде анықтай білген ұстаз болашақ талантты да тани біледі.

 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту

Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктері деп атайды. Сондықтан педагогика және психология балалардың жас ерекшеліктеріндегі ширақтықты, өзгерімпаздықты айқындайды, тәрбиеленушінің және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатынастар жүйесіне тәуелді болатынын атап көрсетеді.

7. Білім берудегі  басқару және көшбасшылық

Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға сыйады. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді.  Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни  тұрғыдан бағалау, өзгерту және  тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп  жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.          

Сабақ үлгілерінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері үлгі түрінде беріліп отыр. Сабақ кезеңдерін үйлесімді құруда оқушыларға психологиялық жағымды ахуал және уәж тудыру, топқа бөлудің түрлері, оқу үшін бағалау және оқуды бағалау, дарынды және талантты балалардың қабілетін бағыттай отырып, жас ерекшеліктеріне сай оқытып, көшбасшылық қабілеттерін көрсете білуінде жаңа әдіс-тәсілдер ұсынылған.

Сын тұрғысынан ойлау – белгілі бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, оны жүйелілікпен салыстыру, пайдалану, оқушының ой шыңдатып, кез-келген мәселеге сын көзбен қарауы.



Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.

  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеяларды, пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.

  5. Қолайсыз жағдайға ұрынған оқушыны күлкіге айналдырмау.

  6. Бір-бірінің жауабына жасалған оқушылардың сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының статегиялары оқу процесіне көп өзгерімдер енгізе алады. Стратегиялар сабақ құрылдымының үш кезеңі бойынша қолданылады.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының бірініші кезеңі «Қызығушылықты ояту» деп аталады. Оқушыларды «Ой қозғау» арқылы сол тақырыпқа әкелу осы тақырып туралы бұрынғы білетіндерін анықтау, әрі қарай не болатынына қызықтыру, білгенділіктерін ояту.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының екінші кезеңі «Мағынаны ажырату».Жаңа мазмұнды ашу жолы. Оқушы жаңа ақпаратпен танысады тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының үшінші «Ой талпыныс» кезеңінде,сабақта үйренгенін бекіту жаңадан алған ақпаратты пайдалана отырып, біліім жетілдіру.

Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасы арқылы сапалы білім берумен қатар, болашақ жастарды рухани адамгершілікке тәрбиелей отырып, әр оқушының жүрегіне жол табуына, ішкі сезімін толғанысқа түсіруге, танысдық өрісін кеңейтуге болады.

Сын тұрғысынан ойлау – белгілі бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, оны жүйелілікпен салыстыру, пайдалану, оқушының ой шыңдатып, кез-келген мәселеге сын көзбен қарауы.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.


  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.

  2. Оқушыларға ойланып – толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

  3. Әр түрлі идеяларды, пікірлерді қабылдау.

  4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.

  5. Қолайсыз жағдайға ұрынған оқушыны күлкіге айналдырмау.

  6. Бір-бірінің жауабына жасалған оқушылардың сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

  7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Жеті модуль бағдарламасы негізінде шешендік сөздерді меңгерту мақсатында өткізілген сабақ үлгісі:

Сынып: 1


Шешендік сөздер

Оқыту мақсаты: Ауыз әдебиетінің барлық саласына байланысты болып келетін шешендік сөздің ерекшелігін меңгерту. Шешендер шығармасымен жақын танысу.

Күтілетін нәтиже: Шешендік сөздің мәнін түсіну, мағынасын ашу, жұптасып

мазмұнымен танысу. Шешендер сөдерін салыстыра алу, сипаттау, шешендік сөздердің ұқсастығын ажырата алу.

Көрнекі құралдар: Оқулық, Жыраулар поэзиясы, “ Үш пайғамбар” кітабы, Баспа материалы, интербелсенді тақта .

Кезең

Уақыт

Ресурстар

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Модуль

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин.

Шаттық шеңбері:

1 топ Тапқырлар тобы,

2 топ Дарындылар тобы ,

3 топ Зеректер тобы

1. Амандасады.

2. Психологиялық дайындық

Тренинг: «Өз жүрегім»



1. Амандасады.

2.Тренинг

3.Шашылған әріптерден сөздерді жинап, топ құрастырады. (Сөздерді атайды).

1 топ. Тапқырлар тобы

2 топ. Дарындылар тобы

3 топ. Зеректер тобы



Басбармақ Вербальды бағалау.






ОЖТ

СТОү,ОЖЕСО



Білу

Кіріспе бөлімі.

Қызығушылықты ояту.

Тақырыпқа шығу

3мин




1.Сұрақ қояды: Шешен деген сөзді естігенде көз алдарыңа нендей нәрселер келеді? Қандай ой келеді?

Интербелсенді тақтада ассоциация сөздерді жазу.

  1. Адамның аты

  2. Жер аты

  3. Жанр түрі

  4. Адамның қасиеті

  5. Зат атауы

Бойынша топтастырады.

Сабақтың тақырыбын анықтайды.



Шапалақ соғу



АКТ

Түсіну

Мағынаны тану


5 мин

Сөздер,сөздік

Бағдаршам,



1 деңгей

Мәтінді түсініп оқы.

2 деңгей

Мәтінді мазмұнда



3 деңгей

Төле бидің шешендік сөздерін тауып, дәптерге көшір. Осыған сай мақал-мәтел жинақта.

4 деңгей

Сөздікпен жұмыс. Жорық – соғысқа жауға аттану.

Шеңгел – тікенекті бұта.

Іргесі – тұсы, қасы, жаны.

Мамық – үлпілдеген, майда, жұмсақ құс жүні.

“Қазбек би” тақырыбын жұптасып оқып, жұптасып талдайды.




Берілген мәтіннен өздеріне таныс емес сөздерді теріп, жұптасып талдайды.

Бағдаршам


ОЖТ,

СТО, ОүБОБ




Қолдану

12мин

"Екі жазбалы күнделік"

Екі жазбалы күнделік” стратегиясын пайдаланып тексереміз.

Оқушылар өздері таңдап үш цитата алады, соған түсінік береді.



1. Кесте бойынша әр цитатаға түсінік береді.



















Дұрыс жауабы -

Дұрыс емес жауабы




ОЖТ,С ТО, ОүБОБ



ДжТБО





3 мин

Интерактивті тақта

Сергіту сәті. «Мен сені қалаймын»

Жаттығуды қайталайды







Талдау

7мин

«Оқы, Үйрен,Ізден» стратегиясы

Мұғалім тақырып оқушыларға семантикалық картаны ұсынады


Семантикалық картаны толтыру:


Дұрыс жауабы -1

ТжДБ,СТО

Синтез

10мин

Постер,маркер

Постер жасау, оны қорғау.

Қай топтың постері ең жақсы болды?

Мәтін бойынша постер құрастырады.

Әр топ ортаға шығып, жұмысын қорғайды.



Стикермен бағалайды

ТжДБО,СТО,

ОүБОБ


Бағалау

3 мин

Смайликтер

«Смайликтер» арқылы сабақта қандай көңіл - күйіде болғанын білдіреді.

Үй жұмысы: «Өткір де асыл ана тілім» тақырыбына шығарма.




СТО, ОүБОБ


Эксперимент жұмыстары және олардың нәтижелері

Павлодар облысы Павлодар қаласындағы №29 орта мектебінің 1-4 сыныптарында ұйымдастырылған эксперимент жұмысының БАҒДАРЛАМАСЫ

Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын молайтып, шешен сөйлеуге дағдыландыру, шешендік сөздерді меңгерту үшін мұғалім шебер де шешен сөйлей білуі тиіс. Қазіргі кезде ойын шашыратып, бірді айтып, бірге кететін, дәл жауап бере алмайтын жас ұрпақты ана тілін терең меңгерген, орынды да жүйелі сөйлей білетін, ата салтын бойына сіңірген ұрпақ етіп тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Павлодар қаласындағы №29 орта мектебінде 1-4 сыныптарын іріктеп, аталмыш бағдарламаға сәйкес эксперимент жұмысын ұйымдастырдық:

Эксперименттің ғылыми аппараты:

Зерттеу көкейкестілігі:

Бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінде өз ұлтымыздың тағылымдарын пайдалану әлі де болса жүйелі түрде жолға қойылмаған, қазақтың даналық сөздерін меңгерту, ұлттық танымымызды көрсететін, ұлттық байлығымыз болып табылатын шешендік сөздерді меңгерту, бастауыш мектепте әлі де болса белгілі бір жүйеге түсе қоймаған. Осы мәселені қарастыратын арнайы тұжырымдамалар мен бағдарламалар, оқу жоспарлары мүлдем жоқ. Біз бітіру жұмысының шеңберіндегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеу шараларының барысында баланың білімін кеңейиу, бала бойына ұлттық тіліміздің байлығын, сөздік қорын молайтып, мәдениетті де, шешен сйлеуге қалыптастыру қаншалықты өзекті мәселе болса, осы шәкірт бойына шешендікті қазақтың ұлттық тағылымдарының негізінде қалыптастыру соншалықты көкейкесті мәселе деп қарастырамыз.



Зерттеу мақсаты:

Бастауыш мектептің оқушыларына шешендік сөз өнерін танытып, сөздік қорын қалыптастыруда халық тағылымдарын пайдалану жолдарын анықтау.



Зерттеу нысаны:

Бастауыш мектепте халық тағылымдары негізінде шешендік сөздерді меңгертудегі оқу-тәрбие процесі және әдебиет сабақтарында шешендік сөздердің рөлі.



Зерттеу пәні:

Бастауыш мектептің әдебиет сабағындағы шешендік сөздердің алатын орны, шешендік өнерді оқушы бойына қалыптастыру жолдарын анықтау .



Зерттеу болжамы:

Бастауыш мектептің оқушыларына шешендік сөз өнерін танытып, сөздік қорын қалыптастыруда халық тағылымдарын пайдалансақ, бастауыш мектептің оқу-тәрбие процесін қазақтың ұлттық тәрбие тағылымдарын пайдалана отырып ұйымдастырсақ, оқушылардың білім сапасы мен тәрбиелеу деңгейін жоғары сапалық көрсеткіштерге жеткізуге болады.



Зерттеу міндеттері:

  • тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми-теориялық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;

  • оқу-тәрбие үрдісін бақылау жасап, білім сапасын бағалау;

  • озат-тәжірибелі және жас мұғалімдердің сабақтарына қатысып, пікір алмасу;

  • тақырып бойынша жинақталған материалдарға сипаттама жасау; Зерттеу әдістері:

  • ғылыми-теориялық әдебиеттерді талдау;

  • бастауыш мектептегі озат педагогтардың іс-тәжирбесімен танысып, оқу-тәрбие үрдісіне шолу жасау;

  • оқу-тәрбие үрдісін бақылау нәтижесінде салыстырмалы түрде талдау, бағалау;

  • әртүрлі проблемалық жағдаяттар туғызып сырттай бақылау, әңгімелесу;

  • диагностикалық зерттеу ұйымдастыру, оның нәтижесін саралау, қорытындылау.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы мен практикалық құндылығы:

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі көптеген ғылыми-теориялық әдебиеттер мен нормативті-құқықтық құжаттардың негізінде тұжырымдалған, сондықтан бұл жұысты мектеп мұғалімдерге тиімділігі мол, мәні де маңызды ғылыми әдістемелік құрал болып табылады.



ЗЕРТТЕУ КЕЗЕҢДЕРІ

  1. ДИАГНОСТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ

1.1 Тақырыптың мазмұнын қарастырған ғылыми-теориалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды зерттеу;

1.2 Оқу-тәрбие үрдісін бақылау жасап, білім сапасын бағалау;

1.3 Озат-тәжірибелі және жас мұғалімдердің сабақтарына қатысып, пікір алмасу;

1.4 Эксперимент бағдарламасын құру;

1.5 Тақырып бойынша жинақталаған материалдарға сипаттама жасау.

  1. ЭКСПЕРИМЕНТТІК КЕЗЕҢ

2.1 1-4 сыныптары оқушыларының эксперимент басындағы білім деңгейін кесінді арқылы белгілеу, диагностика жасау;

2.2 Оқушыларға шешендік өнерді қалыптастыру мақсатында ұлттық оқу-тәрбие тағылымдарын оқу үрдісінде жүйелі түрде пайдалану;

2.3 Эксперимент барысында оқушылардың сөздік қорын, ұлттық дүниетанымын, жалпы білім дәрежесі мен тұлғалық қасиеттерін дамытуға байланысты ұлттық оқу-тәрбие тағылымдарын пайдалану үрдісінде кездескен ерекшеліктерді анықтау, талдау.

ҚОРЫТЫНДЫ КЕЗЕҢ

    1. Эксперимент соңында, 1-4 сыныптарының тұлғалық қасиеттері мен білім сапаларының сапалық деңгейін анықтау мақсатында екі сыныптың білім, біліктері мен дарындылық қабілеттерін салыстырмалы талдау, диагностикалау.

    2. Шешендік сөздерді меңгертуде ұлттық оқу-тәрбие тағылымдарын пайдалану мүмкіндігінің тиімділігіне талдау жасау.

    3. Эксперимент бағдарламасына өзгерістер енгізу, жинақталған деректерді кешенді талдау қорытынды жасау.

ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Эксперимент бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылған эксперимент жұмысын қорытындылай келе тұжырымдайтын болсам, зерттеу жұмысымызды ғылыми-теориялық әдебиеттер мен тақырыптың мазмұндық сипатын қарастырған мерзімді басылымдарды зерттеумен бастадық. Осы аталған зерттеу жұмысымыздың барысында мен танымал ғалымдар:, т.б. сияқты психолог-педагог ғалымдардың еңбектерімен таныстым. Танысу барысында шешендік өнердің ғасырлар бойы халқымыздың ешқашан күн тәртібінен түспеген өзекті мәселесі екеніне көзім жетті.

Бұл қызметті белгілі дәрежеде зерттеп болысымен мен бағдарламада белгіленгендей бастауыш мектептердің оқу-тәрбие үрдістеріне бақылау жасап, озат тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыстым. Сабақтарға қатысу барысында олардың өз тәжірибелерінде қазақтың ұлттық тағылымдарын пайдалану деңгейімен сонымен қатар олардың шешендік сөздерді әдебиет және қазақ тілі сабақтарында меңгертуге байланысты әдіс-тәсілдерімен, педагогикалық қызметтерімен таныстым, пікір алмастым.

Келесі ұйымдастырған зерттеу жұмысымыз ұлттық тәрбие тағылымдарының мектеп қабырғасында даму дәрежесіне шолу жасау болды. Бұл мәселе бойынша мен Павлодар қаласындағы №38, 32, 21, 33, 37 мектептерінде болып ашық сабақтарына қатысып, іс-тәжірибе алмастым. Дегенмен осы мәселені зерттеу нәтижесі мектептердегі шешендік сөздерді меңгерту тек әдебиет сабақтарында ғана қолданылып, тәрбие жұмысы бойынша жоспарлы түрде ұйымдастырыламайтынына, ал оқушыларды пән көлемінде тың теориялық біліммен сусындандыруда бұл жұмыс әлі де болса шеберлік пен жүйелілікті қажет ететініне көзім жеткіздім.

Шешендік сөздерді жаңа технологиямен меңгертудің маңызы:

Әдебиет сабақтарында шешендік сөздерді оқыту шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Сондай-ақ, жаңа оқыту технологияларын әдебиет сабақтарында қолдану оқушыларға мынандай мүмкіндік береді:

1.Мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;

2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;

3.Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;

4. Білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;

5.Құр мәлімет алумен шектелмей әсерлі сабақтар барысында өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізуге;

6. Ой өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері тәрбиелеп дамытуға;

7.Сабақтың сапасын арттырып, балалардың таным белсенділігі мен дербестігін арттыруға ықпалын жоғарлатуда.

Сонымен қортындылай келгенде, жаңа технологиялар арқылы әдебиет сабақтарында шешендік өнерді меңгерту оқушыларды өз ойын еркін жеткізуге дайындайтындығымен, сабақты өткізу барысында стратегиялардың барлығы арқылы жүзеге асатын тиімділігімен, мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызуымен, оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерінің молдығымен, ғылыми-теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен тиімді.

Зерттеу жұмысының нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасын артып, шығармашылықпен жұмыс істеуге, берілген тақырыпты жан-жақты ашуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойын ашық айтып жеткізуге, өзгенің пікірін сыйлауға қол жеткіздім.

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлеу – ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлесе отырып атқара ісі.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

1. Қазақстан Республикасы "Тіл туралы" Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”.

2. Ж.Қараев Мектепте оқытудың педагогикалық жүйесін жетілдірудің әдіснамалық негіздері // Бастауыш мектеп.1996 №7.

3. Қараев Ж., Кобдикова Ж. Об одной педагогической технологии обычения//Поиск “Ізденіс” 1998 ж.

4.Ж.Қараев. Педагогическая технология Ж.Караева. Алматы, 1999 ж.

5. В.Л.Беспалько. Слагаемые педагогической технологии. Москва, 1989,192 с. 6. Лихачев. Современые образовательные технологии.М.:2000 7.Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы. Бағдарламалар. Әдебиеттік оқу жалпы білім беретін орта мектептің 2-4- сыныптарына арналған. Алматы, 2013

9.А.Байтұрсынов.Әдебиет танытқыш,алматы,1989.

10.М.Әуезов. Шығармалар, 12-том, Мақалалар, зерттеулер. Алматы,1969.

11. Н. Шадиева. Лексиканы оқытуда қолданылатын деңгейлік тапсырмалар жүйесі.// Ізденіс журналы, №1, 2002ж.

12. Н.Шадиева.Оқыту процесінде жаңа технологияны қолдану // Ізденіс, 2003



13.С.Негимов. Шешендік өнер, Алматы,1997.

14.Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 2-сыныбына арналған оқулық.

15.Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 3-сыныбына арналған оқулық.

16.Ана тілі. Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық.

Пайдаланған ғылыми басылымдар тізімі

1.Білім журналы№13.2003 жыл.

2.Қазақ тілі мен әдебиеті №12 2002 жыл.

3.Қазақ тілі мен әдебиеті №7 2003 жыл.

4. Қазақстан мұғалімі №5 2003 жыл.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет