КІРІСПЕ
Біздің аяқ басқан ғасырымыз - өркениет дамуының кезеңі, ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дамуының кезеңі. Қазіргі білім жүйесінің негізгі міндеті – адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына бағыттау, соған негіздеу болып табылады. Яғни қазіргі қоғам адамзат алдына, білім беру жүйесіне үлкен мәселелерді қойып отыр. Ондай мәселелердің бірі – мектеп педагогикасының күрделі де маңызды мәселесі – оқушыны оқыту, білім беру үрдісін жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын, жаңа үлгілерін пайдалану, жалпы білім беру реформасын жасау қажеттігі туып отыр. Осы мәселелерге байланысты бірнеше мемлекеттік құжаттар бекітілді. Осы тұрғыдан баса айтатын бір құжат – Қазақстан Республикасы "Тіл туралы" Заңы мен Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы”.
Бұл бағдарламада білім беру, оқыту сапасын көтеру және тілдерді оқытуда белгілі бір нәтижеге аз уақытта жетуге бағытталған оқытудың жаңа технологияларын практикаға енгізу қажеттігі айқын көрсетілген. Соңғы кездерде мектептерде, соның ішінде бастауыш сыныптарда оқытудың әр түрлі жаңа технологиялары пайдаланылып, практикаға енгізілуде.
Жұмыстың өзектілігі: Қазіргі күнде бастауыш мектеп оқушыларының сөздік қорын молайтып, ата-бабамыздан қалған асыл мұра шешендік сөз өнерін жас ұрпаққа меңгерту, шығармашылық қабілетін арттыра отырып олардың дарындылығын қалыптастыру мәселесі енді ғана қолға алынып, зерттелуіде, жоғары сынып оқушыларына шешендік сөзді оқыту мәселесі жөнінде зерттеу еңбектері, диссертациялар баршылық, ал бастауыш сыныптар оқушыларына меңгерту мәселесі әлі де шешімін таппаған тың мәселе екендігі анықталуда. Жұмысының шеңберіндегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық зерттеу шараларының барысында шешендік сөздерді меңгерту, шешендік сөздерді оқытуда жаңа технологиялардың тиімді жақтарын қарастырдық, оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру негізінде шешендік сөздерді меңгерту, күнделікті сөйлеу барысында қолдануға төселдіру, шешендік өнерді қалыптастыру соншалықты өзекті мәселе деп қарастырамыз.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Шешендік сөздерді меңгертуде оқытудың жаңа технологияларын, жаңа әдістерін, инновациялық технологияны қолданудың тиімділігін көрсету. Оны әдебиет сабақтарында пайдалану және ол арқылы оқушы білімін тереңдетіп, оқушының сабақты шығармашылық ізденіспен меңгеруіне септігін тигізетіндігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-жаңа технологиялардың қызметіне сипаттама жасау;
-шешендік өнерді меңгертуде жаңа технологиялардың тиімділігін айқындау;
-оқытудың жаңа технологиясын әдебиет сабағында пайдалану жолдарын көрсету;
-шешендік сөздерді меңгертудің тиімді жақтарын көрсету;
- шешендік сөздерді жаңа технология элементтері арқылы меңгерту;
Зерттеу нысаны: Шешендік сөздерді меңгертудің ұтымды әдістемесін ұсыну. Шешендік сөздерді жаңа технология арқылы, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқытудың тиімді амалдарын көрсету.
Зерттеудің әдістанымдық негізі: Әдебиетті оқыту әдістемесі бойынша әдіскер-ғалымдардың зерттеулері, ғылыми еңбектері, филология, педагогика, психология ғылымдарының әдебиет пәнін оқытудағы соңғы жетістіктері басшылыққа алынды.
Әдебиет сабағында жаңа технологияны қолданудың мақсаттары мен міндеттері
Соңғы жылдардағы әдебиеттерден білім берудің жаңа даму бағытын қамтитын 50-астам оқыту технологиясы пайдаланылып жүр. Бұл оқыту технологиялардың бәрі де – оқытуда белгілі бір нәтижеге жету мақсатын, яғни оқытуды кепілді нәтиже беретін өндірістік- технологиялық үрдіске айналдыру мақсатын көздеуден туындаған оқыту технологиялары болып табылады. Осы оқу үрдісін “технологияландыру” мәселесіне орай педагогика ғылымының лексиконына “педагогикалық технология, “оқыту технологиясы”, “білім берудегі технология” ұғымдары енді.
Педагогикалық технология мәселесі В.М.Монахов, М.Кларин, Н.А.Менчинская, В.М. Шепель, қазақстандық Г.М.Құсайынов, Г.К.Нұртаева, Ж.А.Қараев, Т.Т.Галиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Бұл ғалымдардың барлығы бұл технологияны шеберлікпен өнім алу, нәтижеге жету, белгілі бір жоба, модельмен оқыту деген мағынасын негізге ала отырып, оны оқыту, білім беру үрдісіне қатысты педагогикалық аспектіде қарастырып, әр түрлі анықтамалар береді.
Ғалымдардың тұжырымы бойынша, педагогикалық технология төмендегідей шарттарды жүзеге асыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы дайындықсыз әрекеттерді болдырмау; ә) оқушының оқу – танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі керек; б) оқу мақсатын диагностикалық түрде анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауы қажет.
Ғалым Ж.Қараевтің пікірінше, технология дегеніміз - әдістемелік жүйемен сәйкесті дидактикалық процестер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын жобасы, ол педагогикалық жағдаяттарға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер оның құрамды бөлігі ғана. Оның үстіне қолданылатын әдістер нәтижеге жетуге кепілдік бере алмайды.
Педагогикалық технология оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі. Әрбір педагогикалық технология жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және өзіне-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасауға қажетті обьективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру болашақ педагог-тәрбиешінің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Сонымен, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда жақсы нәтижелерге оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгеріп қана жетуге болады. Ол үшін:
педагог балалардың білімге деген құштарлығын дамытуға көңіл бөлуі керек;
білім алу үрдісі білмейтін дүниелерге саяхат ретінде қарастырылуы қажет:
балалардың жас ерекшелігіне байланысты оқытудың мазмұны шектелмеуі тиіс,
оқытудың өз тәжірибесі, оқытудың негізі, оқыту барысында болжам, қиял, ойлап табу пайдаланылуы қажет;
сезу, ойлау шығармашылық қасиет ретінде қарастырылуы тиіс;
білім алуды қамтамасыз етуге даярлауы тиіс,
балаларға үздіксіз білім алуды үйрету керек.
Оқытудың жаңа түрлерін, озық түрлерін қолдану еліміздің экономикалық және рухани жағдайларын жақсартуға сара жол болып табылады. Негізінен, педагогикалық технология ең әуелі мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды өз ісінде тиімді қолдана білуін талап етеді. Өйткені осындай мұғалім ғана қазіргі заман талабына сай байқампаз, ізденуге жаны құмар, еркін ойлай білетін оқушы тәрбиелеп шығара алады. Дәстүрлі оқытуда оқушы мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі болса, жаңа технологиялар арқылы оқыту нәтижесінде субъект ретінде алға шығады. Яғни ол айналадағы іс-әрекетке өз әсерін тигізе алатындай дәрежеге жетеді. Дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім үлгі арқылы сабақ мазмұнын түсіндіреді, сосын меңгерту жұмыстарын орындатады, кейін баланың білімін тексеру мақсатында тағы түрлі жұмыстар (сұрақ қою, бақылау жұмыстары, тест сұрақтарына жауап беру, т.б.) жүргізеді. Бұл ретте оқушы тек тыңдаушы, орындаушы, тексерілуші ретінде көрінсе, ал дамыта оқыту кезінде сабақтың мақсаттарына ұжымдық іс-әрекеттер арқылы қол жеткізуге болады. Дайын білімді ғана игеріп, мұғалімнің түсіндіруінен аса алмаған баланың дамуы бір деңгейде қалып, оның табиғи мүмкіндіктері шектеледі. Білім берудің жаңа технологияларын мақсатқа сай қолдана білсек, балаға меңгерілетін білік дағдыларды беріп қана қоймай, оны іс жүзінде жүзеге асыра білуге және сауаттылық пен тіл мәдениетін көтеруге қол жеткіземіз.
Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында жоғарыда айтып өткеніміздей, көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқу технологиясы, сынып ішіндегі саралап оқыту технологиясы, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту технологиясы, сабақта жеті модульді қолдану т.б.
Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамен еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі. Оның барлығы бала тұлғасының дамуына өз үлесін қосады. В.Л. Беспалько: “Педагогикалық технология – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба”,-деген анықтама берсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық – педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.
Ал бастауыш мектептің 2-4 сыныптарында әдебиет сабақтарында жаңа технологияны қолданудың мақсаты – балалар әдебиетінің озық үлгілі шығармаларын жүйелі оқыту, оқырманды мәдениетке баулу, оқушының әдеби сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік-эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу. Бастауыш мектептің қазақ тілі пәні бойынша да шешендік сөз үлгілері жаттығу жұмыстарын меңгертуде қолданылатын арнайы материал ретінде беріледі. Бұл оқушылардың сөздік қорын молайтып, мәдени сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, әдеби тіл байлықтарын молайтады.
Жаңа оқыту технологияларын әдебиет сабақтарында қолдану оқушыларға мынандай мүмкіндік береді:
1.Мұғалімге тәуелділіктен арылып, өзінің білім игеру қызметін өздері басқаруға;
2. Білім қажеттілігі мен маңыздылығын түсініп, қажетті іс-әрекетті белсене және өз бетінше орындауға;
3.Жеке ерекшелігі мен қабілетіне сай тапсырмаларды өзі таңдап, іздеп тауып, белсене орындауға;
4. Білім мен мәдени құндылықтарды игеру ісін топтасып және ұжымдасып мұғалім көмегінсіз, дербес атқаруға;
5.Құр мәлімет алумен шектелмей әсерлі сабақтар барысында өз пікірін ашық айтып, өзара шынайы сұхбат жүргізуге;
6. Ой өрісі ғана емес, рухани және әлеуметтік жағынан өздерін-өздері тәрбиелеп дамытуға;
7.Сабақтың сапасын арттырып, балалардың таным белсенділігі мен дербестігін арттыруға ықпалын жоғарлатуда.
Жаңа оқыту үрдісінің нәтижесі:
Дәстүрлі оқыту:
1 2 3
мұғалім - оқушы - оқулық
Жаңаша оқыту:
1 2 3
оқушы - Сабақта қолданылатын жаңа технологиялар - мұғалім
Дәстүрлі
|
Бағыт
|
Жаңаша оқыту
|
Жоспар орындау сыртқы стимул оқытып үйрету.
| Мақсат
Міндет
|
Тұлға қалыптастыру. Ішкі мотив дамыту, тәрбиелеу.
|
Білік-білім, дағды, тұрақты бір бағыт, жалпы нұсқау
|
Мазмұн
Бағдарлама |
Мемлекеттік стандарт жылжымалы көп бағыт, нақты міндет.
|
Қаталдық,әміршілдік, міндетті талап, субъект-объект қатынасы
| Жағдай
Мүмкіндік
|
Ізгілік, жариялылық, еркін қарым-қатынасы.
|
Өнімсіз әдістер
Хабарлау-атқару.
Түсіндіру-қайталау.
|
Оқыту
Әдістері
|
Өнімді әдістер. Бағыттау, ізденіс, басқару-зерттеу
|
Мәлімет айту монологы, қайта жаңғырту, педагогикалық ықпал
|
Әдіс-тәсіл
|
Ізденіске үйрету, диалог, пікір айту, рефлексия, психологиялық әсер.
|
Көрнекі-үлестірме, жалпы, ортақ тапсырма, әдістемелік жүйе.
|
Әдістемелік
Құрал
|
Аудио-видио, компьютер, жеке, деңгейлік тапсырма. Оқыту
Технологиясы.
|
Ортақ талаптарға бағытталған
|
Ұйымдастыру
Жұмысы
|
Жеке ерекшеліктеріне бағытталған, ұжымның өзін-өзі басқаруын негізделген.
|
Ынта, есте сақтау, сұрау, бақылау, мұғалімнің тексеріп, бағалауы.
|
Бақылау,
Бағалау сипаты
|
Жылжу мен нәтиже, рейтинг, мониторинг. Баланың өзін-өзі тексеріп, бағалауы.
|
|
Бағалау өлшемі
|
Жеке тұлғалық өздік эталондар, формативті бағалау
|
Достарыңызбен бөлісу: |