Павлодар қаласының №38 негізгі жалпы білім беру мектебі



бет1/10
Дата22.11.2023
өлшемі120,62 Kb.
#192981
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Агылшын, 1612851568384

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ №38 НЕГІЗГІ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ

31 тамыз 2022 жылғы педагогикалық кеңесте қаралды және бекітілді. Хаттама №1










2022-2023 жылдарға арналған
мектептің жұмыс жоспары

Павлодар – 2022 жыл


Мектептің жұмыс тақырыбы: «Соңғы нәтижеге бағыттталған мектеп жүйесін құру арқылы бәсекеге қабілетті, шығармашыл, өзін-өзі анықтаған түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру»


Мақсаты: Қазақстандық дәстүрлерді, халықаралық тәжірибе мен практиканы үйлестіретін мектепте гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағытында бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін білім берудің инновациялық, шығармашылығы жан – жақты дамыған, өзін-өзі анықтаған түлектің жеке тұлғасын қалыптастыру арқылы Қазақстанның зияткерлік әлеуетін арттыруға ықпал ету.


2022-2023 оқу жылына қойылатын міндеттер:

1. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сай білім беру мен тәрбие мазмұнының сапасын арттыру;


2. Жаңашылдық тәжірибелерді зерттеуге, таратуға және оқу тәрбие үрдісіне енгізуге жағдай жасау;
3.Жаңартылған білім беру мазмұны және үштілділікті дамыту;
4. Бейінді оқытуды және бейіналды даярлықты ұйымдастыру;
5. Мектеп бітірушілердің қорытынды емтихан, PISA, PIRLS, TIMES тестілеріне дайындауда жүйелі жұмыс жүргізу;
6. Оқу-тәрбие жұмысына жүргізілетін мектепішілік сараптама мониторинг
кестесін жүргізу;
7. Мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын
жалғастыру;
8. «Оқуға құштар мектеп» ұлттық жобасының іске асыру.
9. Білім сапасын арттыру жолында мектеп психологының ролін күшейту.
10. Балалар денсаулығына байланысты диагностиканы жүйеге келтіру.
11. Жас ерекшеліктеріне байланысты оқушылардың психологиялық
ерекшеліктерін зерттеуді жүйелі жүргізу.
12. Мұғалімдердің жұмысын рейтингілік жүйеде бағалауды жалғастыру,
қосымша бөлімдер енгізу.
13. Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында оқушылардың білім сапасын арттыру;
14. «Мәңгілік Ел» идеясы жобасында білім беру жүйесін жаңалау;
15. Елбасымыздың «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» мақаласы бойынша туған жерге, Отанға деген оқушылардың патриоттық сезімдерін тереңдету.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет