5.«Бауырсақ» сөзінде неше буын бар екенін табыңыз
А) 2
В) 3
С) 4
D) 1
Е) 5
18. Алдар көсе
Сөздік
сұмдық тоңды - жутко замерз
бозарып - побледнел
армандады - мечтал
кезікті - встретился
тесік – дырявый
жел – ветер
Бірде Алдар далада келе жатып, сұмдық тоңды. Аяқ-қолының жаны кетіп, бет-аузы бозарып, жылы үйді армандады. Сол кезде оған бір бай кезікті. Сонда бай :
Ей, Алдар, күн суықта мына тесік шапанмен қайда барасың?
Бай-еке, менің шапаным жылы. Жел бір тесіктен кіріп, екінші тесіктен шығады, -дейді Алдар.
Шапаныңды маған сатсаңшы? – дейді бай.
Сатпаймын! Мен онсыз тоңамын!- дейді Алдар.
Тоңбайсың, орнына мен саған өз шапанымды беремін.Ол да сондай жылы.Үстіне ат қосып беремін,- дейді бай.
Алдар Көсе байдың шапанын киіп, байдың атына мініп, желмен жарыса жөнеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |