47. Шаңғы тебу
Сөздік шаңғы - лыжи бұлшық ет – мышцы күшейтеді – укрепляет баулу – приучать шыдамдылық - терпеливость
ерте жастан – с малых лет айналысу – заниматься қыс бойы - в зимний период
Адам денсаулығына пайдалы спорт түрінің бірі – шаңғы тебу. Шаңғы спорты баланың аяқ-қол, дене бұлшық еттерін күшейтеді. Шыдамдылыққа баулиды. Шаңғы спортымен ерте жастан айналысқан дұрыс. Қыс бойы отбасымызбен демалыс күндері Астанадағы шаңғы трассасына барып тұрамыз.
(35 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Мәтінге сәйкес келетін ақпаратты белгілеңіз A) Шаңғы спорты баланың ақыл-ойын дамытады B) Шаңғы спортымен бес жасымнан айналысамын C) Адам денсаулығына пайдалы спорт түрінің бірі – шаңғы тебу D) Шаңғы тебу - ұлттық ойындардың бірі E) Балалар шанамен қар үстінде сырғанайды
2. Мәтінге сәйкес келетін сұрақты белгілеңіз A) Қыста шана тебесің бе? B) Шаңғы спортына не қажет? C) Сіз неше жастан шаңғы тебумен айналысасыз? D) Отбасыңда кімдер шана тебеді? E) Шаңғы спорты неге баулиды?
Достарыңызбен бөлісу: |