14. Нан тағамдары. Сүт тағамдары
Сөздік
сатып алды – купил
әр түрлі - разный
қымыз – кумыз
шұбат – шубат
пайдалы – полезный
Бұл - дүкен. Әсел мен Гауһар нан дүкеніне келді. Олар дүкеннен нан, сүт сатып алды. Олар дүкеннен әр түрлі нан сатып алды. Нан ақ, жұмсақ, дәмді. Нан тағамдары: нан, батон, тоқаш, бауырсақ. Сүт тағамдары - айран, қымыз, шұбат, ірімшік, қаймақ, май, құрт т.б. Сүт тағамдары дүкенде және базарда сатылады. Сүт - пайдалы тағам.
(49 сөз)
1. «Дүкен» сөзінің аудармасын табыңыз
А) школа
В) класс
С) семья
D) магазин
Е) аптека
2. Сөйлемді толықтырыңыз
Әсел мен Гауһар ... дүкеніне келді.
А) киім
В) балалар
С) ыдыс
D) аяқ киім
Е) Нан
3. Сүт – пайдалы тағам.
Сөйлем түрін көрсетіңіз
А) хабарлы сөйлем
В) лепті сөйлем
С) сұраулы сөйлем
D) бұйрықты сөйлем
Е) атаулы сөйлем
4. Сүт тағамдары қатарын белгілеңіз
А) май, қуырдақ, айран
В) ірімшік, құрт, май
С) ірімшік, бауырсақ, май
D) құрт, айран, нан
Е) айран, май, шұжық
5. Берілген сөйлемді жалғастырыңыз
Әсел мен Гауһар нан дүкеніне .... .
А) шықты
В) келді
С) қосты
D) апарды
Е) берді
Достарыңызбен бөлісу: |