Тіркелді № _____ 2017 жыл "_____" _______________
Түсінік хат
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің 3-сыныбына арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №393 бұйрығымен оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген оқу бағдарламасын негізге ала отырып құрастырылды.
Құралған функционалдық сауаттылыққа дамытуға бағытталған құралдың мақсаты: 3 -сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Функционалдық сауаттылыққа бағытталған құралдың міндеттері:
-оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
-оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
-өмір бойы білім алуға;
-шешім қабылдай алуға;
-оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне, ұлттық мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
-оқушылардың оқу білігін, өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
-оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын арттыру.
Тапсырмалар арқылы сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлесуге, сауатты, дұрыс жазуға үйретеді.
Құрастырылған функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар тест тапсырмалары бар мәтіндер жинағы ретінде берілген. Қазақ тілінің тұрмыстағы, қоршаған ортадағы, адамдар арасындағы қатынас құралы қызметін игеруі 3 аяда ұсынылған: әлеуметтік-тұрмыстық ая, әлеуметік-мәдения ая, оқу-еңбек аясы.
Қосымша функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар оқушылардың жалпы пән бойынша білімдерін тексеруге, қалыптастыруға бағытталған.
Осы құралда қырық үш тақырып бойынша тапсырма үлгілері берілген. Олар: «Мен және менің отбасым», «Отбасы мүшелерінің жұмыстары», «Атам ауылда түрады», «Мен бөлмемді жинаймын», «Мен азық -түлік дүкеніне барамын», «Менің оқу құралдарым», «Кітапханаға барамын», «Үйірмеге барамын» және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |