5. Менің атам. Менің әжем
Сөздік
зейнеткерлер – пенсионеры
күтеді – ухаживает
бірге – вместе
тойлаймыз – празднуем
сыйлайды – уважают
қонақ – гость
қарсы аламыз – встречаем
Менің атам мен әжем бар. Олар – зейнеткерлер. Атам жеміс ағаштарын егеді. Әжем оларды күтеді. Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды. Мерекелерді бірге тойлаймыз. Мысалы, Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Келген қонақты қарсы аламыз. Мен атам мен әжемді өте жақсы көремін.
(38 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Мағынасы жақын сөздерді көрсетіңіз
Ата
А) апа
В) қарт
С) зейнеткер
D) қонақ
Е) үлкен кісі
2. Мәтінге сәйкес келмейтін сөз тіркесін табыңыз
А) үлкенді құрметтеу
В) ойыншық сыйлау
С) қонақ шақыру
D) жаңа жыл мерекесі
Е) мол дастарқан
3. Мәтін бойынша дұрыс жауапты көрсетіңіз
А) Атам маған ертегі оқиды.
В) Отбасымызда кішілер үлкендерді сыйлайды.
С) Әжем дәмді тамақтар пісіреді.
D) Мен наурыз көже пісіремін.
Е) Дұрыс жауап жоқ.
4. Мәтін бойынша сөйлемді жалғастырыңыз
Менің әжем ... .
А) қонақ күтеді
В) жұмыс істейді
С) ертегі оқиды
D) ағаш күтеді
Е) дұрыс жауап жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |