5. «Еңбекқор» сөзіне сұрақ қойыңыз
А) кім?.
В) қанша?
С) қалай?
Д) не?
Е) қандай?
7. Бақша суарамын
Сөздік
аула – двор
бай – богатый
өседі – растет
күтеміз – ухаживаем
қопсытамыз – рехлим
суарамыз – поливаем
жинап аламыз – собираем
Біздің аулада бақша бар. Ол үлкен әрі көкөніске бай. Бақшада сәбіз, қияр, пияз, картоп, қызанақ, орамжапырақ, қауын, қарбыз өседі. Біз жазда бақшадағы көкөністерді күтеміз. Жерді қопсытамыз,суарамыз, арам шөбін жұламыз. Күзде жинап аламыз.
(32 сөз)
Тест тапсырмалары
1.Сөйлемді толықтырыңыз
Біздің ..... бақша бар.
А) мектепте
В) үйде
С) бақта
D) аулада
Е) сыныпта
2. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді анықтаңыз
А) біздің
В) орамжапырақ
С) жерді
D) қопсытамыз
Е) жұламыз
3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді көрсетіңіз
А) орам-жа-пы-рақ
В) о-ра-мжа-пы-рақ
С) о-рам-жа-пы-рақ
D) о-рам-жап-ыр-ақ
Е) о-рам-жа-пыр-ақ
4. Берілген сөйлемді аяқтаңыз
Арам шөбін ......
А) өсіреміз
В) қопсытамыз
С) суғарамыз
D) жұламыз
Е) дұрыс жауабы жоқ
5. Ашық буынды сөзді табыңыз
А) жерді
В) пияз
С) суғарамыз
D) жұламыз
Е) өседі
8. Қолқанат
Сөздік
оқу озаты – отличник
үйірме – кружок
дайындалады – готовится
көмектеседі – помогает
Мирас ауылда тұрады. Ол -оқу озаты. Мектепте спорт үйірмесіне қатысады. Ата-анасы жұмыс істейді. Мирас сабағына өзі дайындалады.Үйде атасына көмектеседі. Сиырға су береді, тауыққа жем шашады. Жазда бақшаны арамшөптен тазартады. Қыста қар күрейді. Атасы оны « кішкентай қолқанатым » дейді.
(38 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Жіңішке буынды сөздерді анықтаңыз
А) сабағын, үйде
В) жазда, тазартады
С) оқу – озаты
D) үйде, көмектеседі
Е) қар, тазалайды
2. Мәтін бойынша берілген сөйлемді толықтырыңыз
Қыста ..... күрейді
А) шөп
В) жем
С) қар
D) су
Е) дұрыс жауабы жоқ
3. Буынға дұрыс бөлінген сөзді анықтаңыз
А) қол-қан-а-тым
В) қо-лқа-на-тым
С) қол-қа-нат-ым
D) қо-лқан-атым
Е) қол-қа-на-тым
4. Ұяң дауыссыз дыбыстары бар сөзді анықтаңыз
А) бақшаны
В) жазда
С) күрейді
D) мектепте
Е) кішкентай
5. « Помогает» сөзінің дұрыс аудармасын көрсетіңіз
А) көмектеседі
В) суғарады
С) жинайды
D) тазалайды
Е) дайындалады
9. Мен еңбекқор баламын
Сөздік
еңбекқор – трудолюбивый
ерте – рано
таңертең – рано утром
төсек – постель
шашпаймын – не разбрасываю
сыйлаймын – уважаю
тыңдаймын - слушаюсь
Менің атым – Аслан. Мен үшінші сыныпта оқимын. Таңертең ерте тұрып төсегімді жинаймын. Сабақтан келген соң киімдерімді шашпаймын. Анама көмектесемін, тыңдаймын. Бос уақытымда кітап оқимын. Анам мені еңбекқор балам дейді.
(29 сөз)
Тест тапсырмалары
1. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз
А) ең-бе-кқор
В) е-ңбек-қор
С) ең-бек-қор
D) еңбек-қор
Е) ең-бекқ-ор
2. Мәтін бойынша төменде берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз
Сабақтан келген соң ..... шашпаймын.
А) ойыншықтарды
В) дәптерлерді
С) киімдерімді
D) қарындаштарды
Е) төсегімді
3. Ашық буынды сөзді анықтаңыз
А) кітап
В) балам
С) мені
D) оқимын
Е) үшінші
4. Бос уақытында ұл бала немен айналысатынын анықтаңыз
А ұйықтайды
В) ойнайды
С) көмектеседі
D) кітап оқиды
Е) достарымен қыдырады
5. Анасы оны қалай атайтынын табыңыз
А) жалқау балам
В) еңбекқор балам
С) кішкентай балам
Д) үлкен балам
Е) дұрыс жауабы жоқ
10. Мен бөлмемді жинаймын
Сөздік
жарық - светлая ілулі - повешена кілем - ковер шаңсорғыш - пылесос тазалаймын - убираю суарамын - поливаю күнде - ежедневно
Менің бөлмем үлкен, таза, жарық.Үстелдің үстінде компьютер тұр. Қабырғада сөрелер ілулі. Сөрелерде кітаптар, гүлдер, ойыншықтар бар. Еденде әдемі кілем жатыр. Мен ерте тұрамын, төсегімді жинаймын, шаңды сүртемін, шаңсорғышпен еденді тазалаймын, гүлдерді суарамын. Мен күнде бөлмемді жинаймын. Менің бөлмем әрқашан таза.
(41 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |