|
Үш буынды сөзді табыңыз
|
Дата | 08.09.2017 | өлшемі | 58,11 Kb. | | #30194 |
| -
Үш буынды сөзді табыңыз.
-
Апа.
-
*Қарындас.
-
Ағаларым.
-
Іні.
-
Сіңлі.
-
Түбір сөзді белгілеңіз.
-
Жаздыгүні.
-
*Арман.
-
Жап-жасыл.
-
Орманды.
-
Сулы.
-
Туынды сөзді анықтаңыз.
-
Жаға.
-
*Бірлік.
-
Жиырма.
-
Он төрт.
-
Адал.
-
Күрделі сын есімді көрсетіңіз.
-
Сұрғылттау.
-
Қаралау.
-
*Қызыл қоңыр.
-
Көгілдір.
-
Ақшылтым.
-
Жинақтық сан есімді көрсетіңіз.
-
*Жетеу.
-
Елу мың.
-
Жеті жүз.
-
Жетіден бес.
-
Қырықыншы.
-
Жалпылау есімдігін белгілеңіз.
Астана, Алматы, Қарағанды – бәрі үлкен қалалар.
-
Астана.
-
Үлкен.
-
*Бәрі.
-
Алматы.
-
Қалалар.
-
Етістікті табыңыз.
-
Терезе.
-
Мәреге.
-
Бөдене.
-
Шағала.
-
*Шегеле.
-
Жасалған іс-әрекетті, қимылды білдіретін сөзді көрсетіңіз.
-
Ашық.
-
Әдемі.
-
Менде.
-
Көшеде.
-
*Жазып отыр.
-
Атақты «Менің Қазақстаным» әнін жазған композиторды көрсетіңіз.
-
М.Төлебаев.
-
*Ш.Қалдаяқов.
-
Е.Брусиловский.
-
Н.Тілендиев.
-
А.Жұбанов.
-
Ауыспалы мағынада тұрған сөз тіркесін табыңыз.
-
Терең көл.
-
Дәптер ашық.
-
Ашық есік.
-
Адамның басы.
-
*Терең ой.
-
Антоним сөздер бар сөйлемді анықтаңыз.
-
Күзде күн салқын, ауа райы дымқыл.
-
Жиі-жиі жаңбыр жауады.
-
Шөптер, жапырақтар сарғаяды, солады.
-
Көкөністер, жемістер піседі.
-
*Күн қысқарады, түн ұзарады.
-
Қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталатын сөз қатарын анықтаңыз.
-
*Шелек, кітап, құлақ.
-
Оқушы, мұғалім, тақта.
-
Жұлдыз, аспан, теңіз.
-
Ардақ, асыл, биік.
-
Тіл, көз, қол.
-
Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаны табыңыз.
-
-дар, -дер, -тар, -тер.
-
-ға, ге, -қа, -ке.
-
-дың, -дің, -тың, -нікі.
-
*-мен, -бен, -пен.
-
-ны, -ні, -ды, -ді.
-
Сөйлемдегі септік жалғаулы сөзді табыңыз: Отаным өз ұлын ешқашан ұмытпайды.
-
Отаным.
-
Өз.
-
Ұмытпайды.
-
*Ұлын.
-
Ешқашан.
-
Септеулік шылауларын көрсетіңіз.
-
түгіл, тұрсын.
-
ма, ме.
-
немесе, әлде.
-
менен, бенен.
-
*дейін, шейін.
-
Атаулы сөйлемді табыңыз.
-
Сабақ басталды.
-
*Аппақ қар.
-
Оқушылар үйге келді.
-
Мен әлі отырмын.
-
Олар кешігіп келді.
-
Одағайлы сөйлемге тән тыныс белгілерін табыңыз.
-
Нүкте, үтір.
-
Үтір, сызықша.
-
Сұрау белгісі, нүкте.
-
*Леп белгісі, үтір.
-
Сызықша, дефис.
-
Баурайында Алматы қаласы орналасқан тауды белгілеңіз.
-
Бурабай.
-
*Іле Алатауы.
-
Тарбағатай.
-
Тянь-Шань.
-
Оқжетпес.
-
Мақалдың мағынасына сай сөзді анықтаңыз: «Мектеп – кеме, білім – ....».
-
*Теңіз.
-
Оқулық.
-
Ұшақ.
-
Мұхит.
-
Оқу.
-
Синонимдік қатарды анықтаңыз.
-
Жаман, жақсы.
-
Үлкен, кіші.
-
*Шәкірт, оқушы.
-
Ерте, кеш.
-
Бүгін, ертең.
-
Берілген сөздер қандай дауыстылардан жасалғанын көрсетіңіз.
Кептер, кекілік, үлгілі, өзен.
-
Дауыссыз дыбыстардан.
-
Жуан дауысты дыбыстардан.
-
Жуан және жіңішке дауыстылардан.
-
*Жіңішке дауысты дыбыстардан.
-
Ашық дауыстылардан.
-
Қатаң дауыссыз дыбысқа жатпайтын дыбыстарды көрсетіңіз.
-
Ч, х, щ.
-
*Ғ, г, д.
-
Т, с, ш.
-
Һ, ц, ж.
-
П, ф, к.
-
Зат есімге сөз тудырушы жұрнақ жалғанса, оның қалай аталатынын белгілеңіз.
-
Негізгі зат есім.
-
Күрделі зат есім.
-
Тәуелденген зат есім.
-
Жіктелген зат есім.
-
*Туынды зат есім.
-
Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.
-
Оқушылар келген соң, сабақ басталды.
-
Мен барғанша, ол кетіп қалды.
-
Күн жылы болады деп, біз серуенге шықтық.
-
Ол келіссе, біз кешке киноға барамыз.
-
*Қонақтарға әр түрлі базарлық алу үшін, біз бірнеше дүкендерді араладық.
-
Тыныс белгілері дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
-
„Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта”, – деді.
-
„Анам маңдайымнан сипап Ұлым арыңды жасыңнан сақта”, – деді.
-
Анам маңдайымнан сипап: „Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді. ”
-
Анам маңдайымнан сипап, Ұлым, арыңды жасыңнан сақта деді.
-
*Анам маңдайымнан сипап: „Ұлым, арыңды жасыңнан сақта”, – деді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|