Аллаһ елшісі әз-Мұхаммед 570 жылы сәуір айының 20 жұлдызында Мекке қаласында дүниеге келген. Аллаһ елшісінің әкесі – Абдулла, анасы Әмина болатын. Меккеліктерде сәбилерін сүт аналарына беріп бақтыру салты болатын. Хазірет Пайғамбар сүт анасы Халиманың қолында бес жасына дейін тұрып, анасының жанына оралады. Дүниеге көзін ашпай әкесінен айырылған әз-Мұхаммед 6 жасынан анадан да жетім қалған соң, атасы Әбділмүталіптің тәрбиесінде болды. Хазірет Мұхаммед 8 жасында кіші атасы Абуталіптің қолына келді. Мұхаммед Құрайыш тайпасынан болатын. Әз-Мұхаммед 25 жасында Құрайыш тайпасындағы мәртебелі, бай әйел Хадишаға үйленеді.