Иман шарттары: - Аллаһ Тағалаға сену
- Аллаһтың періштелеріне сену
- Аллаһтың кітаптарына сену
- Аллаһтың бүкіл пайғамбарларына сену
- Ахирет күніне сену
- Тағдырдағы жақсылық пен жамандық Аллаһтың жазуымен болатынына, өлгенен соң тірілудің хақ екеніне сену
Исламда періштелерге сену иман шарты болып табылады.Исламдағы төрт үлкен періште: - Жәбірейіл (ә.с.) – Аллаһтың кітаптарын Пайғамбарларға жеткізумен, уахи ісімен айналысады.
- Микәйіл (ә.с.) – табиғат құбылыстарына: жауын-шашын, жел, өсімдіктер әлемінің өсіп-өнуіне жауапты.
- Исрафил (ә.с.) – қиямет күнінің тууы және адамзаттың қияметте қайта тірілуіне қызмет атқаратын періште.
- Әзірейіл (ә.с.) – ажал сағаты жеткендердің рухын алатын періште.
Достарыңызбен бөлісу: |