2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді. Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа 800 г, бой ұзындығы — 3 см ұзарады, бас айналымы— 1,5 см - 2 ай. Ояу кезінде тыныш жатады, ілулі ойыншықтарды қызықтайды. Ересек адамдар сөйлегенде ұзақ жымияды, басын жақсы көтереді. Физикалық дамуы. Айдың соңында дене салмағы орташа 800 г, бой ұзындығы — 3 см ұзарады, бас айналымы— 1,5 см
- Нәресте өмірінің үшінші айы.
- Тамақтануы. Қажетті — ана сүті. 6 рет емізу әр бір 3,5 сағат сайын 130 — 150 мл.
- Жиі байқалатын жағдайлар:
- Тамақтануы жиі және түнгі уақыттарда. Алғашқы айларда омыраумен емізу кезінде балада ритм өздігінен қалыптасатындықтан шектеудің қажеті жоқ, ал егер жасанды тамақтандыру болса, уақыты бойынша тек 20-30 минутқа ғана ауытқуға болады.
- Ішектік колика жиі мазалайды. Профилактика және көмек: тамақтану алдында ішімен жатқызу, нәресте ішін сағат тілі бойынша сипау және ішіне жылы қоюға болады (жылытылған жаялық), балаларға арналған арнайы фенхелмен шөптер беру; қалпы — тамақтан соң адамның қолында вертикальды түрде.
- Нәресте өзінің қолдарымен ойнайды және көз тоқтатып саусақтарына қарайды. Басын 1 минуттай жоғары және қалыпты ұстайды (45 градуста), оңға және солға бұрады.
- Нәресте өмірінің төртінші айы
- Физикалық дамуы. Орташа дене салмағын қосуы — 750 г, бойының өсуі — 2,5 см. Осы айдан бастап дене массасын әр кезең сайын қосуы 50 г азаяды.
- Психомоторлы дамуы. Анасын көрсе қуанады, басын оңға және солға дыбыс шыққан жаққа бұрады. Ересек адамның еркелетіп шақыруына күледі, қолын көтереді. Қозғалған затқа тікелей қарайды. Ішімен жатып басын 45-90 градусқа көтереді.
Достарыңызбен бөлісу: |