Жартылай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-тұрмыстық қызметке мыналар жатады
1) денсаулық жағдайына байланысты өзін-өзі күтудің қарапайым рәсімдерін орындай алмайтын қызмет алушыларға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметті көрсету;
2) жиһазбен және (немесе) тұрмысқа бейімдеуді, оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыруға арналған мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
3) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса алғанда, тамақ ұсыну;
4) осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес көзделген кем емес көлемде жұмсақ мүкәммал (төсек-орын жабдықтарын) ұсыну;
5) қызмет алушыларды үйден жартылай стационарлық үлгідегі ұйымға дейін және кері бағытта, сондай-ақ емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
6) санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету жатады.