|
Жартлай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады
|
бет | 5/8 | Дата | 06.05.2020 | өлшемі | 326,76 Kb. | | #66135 |
| Жартлай стационарлық үлгідегі ұйымда көрсетілетін әлеуметтік-медициналық қызметке мыналар жатады: - 1) медициналық-әлеуметтік тексеруді ұйымдастыру және жүргізу (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып);
- 2) дәрігерге дейін көмек көрсету;
- 3) медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
- 4) тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға жәрдемдесу;
- 5) емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
- 6) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторлық курорттық емделумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен, міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етуде жәрдемдесу;
- 7) қызмет алушыларды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және міндетті гигиеналық құралдармен пайдалануға үйрету;
- 8) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмек алуға жәрдемдесу;
- 9) әлеуметтік-медициналық мәселелер, оның ішінде жасына байланысты бейімделу мәселесі жөнінде консультация беру;
- 10) бейінді мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарындағы мамандардың медициналық консультация беруіне жәрдемдесу;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|