Сабақтың түрі: Саяхат сабақ



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі158,77 Kb.
#26541
түріСабақ
  1   2
Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Есеп.

Тақырыбы: Математика мектебі.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Мақсаты: Балаларды 1 ден 20 көлеміндегі сандарды қосу және азайту амалдарына арналған есептерді шығара білуін анықтау. Тірек сызба арқылы заттың көлемін ажыратуға машықтандыру. Дьенеш блогтарын қолдана отырып, геометрикалық пішіндердің түсін, көлемін ажырата алуға үйрету. Кюзинер таяқшаларыны арқылы балалардың ойлау қабілетін, қиялын жетілдіру, қол маторикасын дамыту.

Сабақ барысы:

І. Шаттық шеңбері.

Арайлап таң атты!

Алын сәуле таратты!

Жарқырайды күніміз.

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң балалар.

Қайырлы таң апайлар!

Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз,

Келсе бізге қонақтар

Қуанып қарсы аламыз.

  • Балалар қараңдаршы бізге сауысқан хат әкеліпті. Кімнен келді екен? Ансар сен бізге хатты оқып берші.

  • «Балалар! Аң патшасы арыстан орманда математика мектебін ашты. Ал мектепке тек арыстанның тапсырмасын орындағандар қабылданады деп жарлық етті. Біз сендерден көмек сұрап хат жолдап отырмыз.» Жабайы аңдар.

  • Көмектесеміз бе?

Балалар: Көмектесеміз.

Ендеше орманға саяхатқа аттанайық.



  1. Тиіннің тапсырмасын орындауға көмектесейік. Тиін жаңғақтарындағы есептерін шығара алмай басы қатып отыр екен. Біз есептерін Киюзинер таяқшаларының көмегімен шығарып берейік. ( бір бала тақтада шығарады )

  • Жақсы балалар тиіннің тапсырмасын орындауға көмектестік.

  1. Қоянға қанша жуан, жіңішке және ұзын, қысқа сәбіздері бар екенін сызба түрінде анықтап берейік. Жангир тақтада арқылы көрсетсін. (Әуен).

  • Міне қоянның да тапсырмасын орындауға көмектестік.

  1. – Балалар арыстанның тағы бір тапсырмасы, Кюзинер таяқшаларынан өздерін құрастырып бейнелеу керек. Олай болса аңдарға көмектесіп көрейік.

Балалар қасқыр, қоян, тасбақа, аю, тиіннің бейнесін құрастырады. (Әуен).

Не құрастырғанындарын жұмбақтайды.


Жылқы тұмсық,

Ешкі құйрық

Есек құлақ,

Қорқақ өзі, қыли көзі. (Қоян)
Жазда қыдырады

Қыста тынығады. (Аю)
Бұтадан бұтаға секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң. (Тиін)
Ит сияқты пішінді,

Ұнатпайды ол кісіні. (Қасқыр)
Орманда тұрады, өзі бір қу.

Жүрген жері ағай мен шу. (Түлкі)
Жатып-жатып инелер,

Жүгіріп жаныңа тез келер. (Кірпі)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет