Тақырыптың өзектілігі: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясында да отанымыздың тарихи маңыздылығын және отан тарихын паш ету арқылы әлемге Қазақстанды танытамыз деген көсемдік көзқарасын білдірген еді. Елбасы өз сөзінде: «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. Қазақстан тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада біз елімізді рухани қабат арқылы паш етеміз» деп атап көрсетті. Ал «Мәдени мұра» бағдарламасы осы бір тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы нақты қадам.
Ендеше, ұлттық мәдениетке ерекше маңызы бар, қазақ халқының мәдени мұрасы саласындағы «Киіз үй – көшпенділердің баспанасы» жобасының әр қырынан ашып іске асыру және тамырларымызды одан әрі зерттеп, ұлан-ғайыр жеріміздің мәдениеті мен тарихын көрсету.
Жұмыстың мақсаты:Қазақ халқы да киіз үйді сан мыңдаған жылдар бойы өзінің төл баспанасы етіп келгенін. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін көрсету.
Жұмыстың міндеттері: Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
Киіз үй түрлерін жан-жақты сипатына тоқталу;
Киіз үйдің шығу тарихымен таныстыру;
Тұмарды адамның сенімін артатын бұйым ретінде қарастыру;
Жиһаздардың орналасу ретімен танысу;
Оқулықтардан дәлелдерді пайдалану;
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Зерттеудің негізі: оқытудың заманауи әдістері, білім беру үрдісіндегі әрекеттік және құзыреттілік тәсілдерін меңгереді.
Зерттеудің болжамы:Қазақ халқының баспанасының түрлеріне қарай, адам әлеуметтік жағдайын анықтау.