Павлодар облысының білім басқармасы Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауға арналған тапсырмалар химия Емтихан жұмысының сипаттамасы



бет1/3
Дата05.05.2023
өлшемі44,7 Kb.
#176165
  1   2   3
Байланысты:
ҚА ХИМИЯ 9 КЛ 2 нұсқа


Павлодар облысының білім басқармасы

Білім алушыларды қорытынды аттестаттауға дайындауға арналған тапсырмалар


химия
Емтихан жұмысының сипаттамасы



Орындау уақыты

2 сағат

Жазбаша жұмыс екі бөлімнең тұрады:
А бөлімі 15 тапсырмалардан тұрады, ұсынылған төрт жауаптың ішінен бір дұрыс жауапты таңдау керек. Әр тапсырма 1 баллмен бағаланады.
В бөлімінде қысқа немесе толық жауаптарды қажет ететін бірнеше сұрақтардан тұратын 4-5 құрылымдалған тапсырмалар бар.
Тапсырмалар 2-10 балл аралығында бағаланады.
Барлығы 50 балл
Оқушылар калькуляторды, «Д .И. Менделеевтің химиялық элементтердің периодтық жүйесі», Қышқылдардың, негіздердің және тұздардың ерігіштігі», «Металлдардың белсенділік қатары» кестелерін қолдана алады.
Барлық тапсырманы міндетті түрде орындау қажет.
Тапсырмалар дәптер парақтарында орындалуы керек.

2 нұсқа
А бөлімі


Нұсқаулық: бір дұрыс жауабы бар тапсырмаларды орындаңыздар1. Бейэлектролиттер:
A) ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізетін заттар
B) суда еритін заттар
C) ерітіндісі немесе балқымасы электр тогын өткізпейтін заттар
D) барлық жауаптар дұрыс [1]

2. Әлсіз электролит


A) көмір қышқылы
B) күкірт қышқылы
C) натрии гидроксиді
D) калии хлориді [1]

3. Молекуласында ___ байланысы бар заттар диссоциацияланады


A) ионды
B) ковалентті полюсті
C) донор-акцепторлы
D) ковалентті полюссіз [1]

4. Тұздар диссоциацияланғанда түзіледі


A) металл атомы, қышқыл қалдығы анионы
B) металл катионы, қышқыл қалдығы анионы
C) металл анионы, қышқыл қалдығы катионы
D) сутек катионы, қышқыл қалдығы анионы [1]

5. Барий сульфаты диссоциацияланғанда түзілетін анион заряды


A) -3
B) -4
C) -2
D) 0 [1]

6. Реакцияда газ түзіледі


A) AgNO3 + NaCl →
B) CuCl2 + NaOH→
C) ZnS + HCl →
D) FeCl2 + NaOH →
[1]

7. Мыс (II) хлориді мен натрий гидроксиді арасында жүретін реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі


A) CuOH- + OH- → CuOH
B) Cu2+ + OH- → Cu(OH)2↓
C) 2Cu2+ + 2OH- → Cu(OH)2↓
D) Cu2+ + 2OH-→Cu(OH)2↓
[1]
8. Ион алмасу реакциясы соңына дейін жүреді егер:
A) газ түзілсе
B) тұнба түзілсе
C) аз еритін зат түзілсе
D) барлық жауап дұрыс
[1]
9. 2H++ S2-→H2S↑теңдеу бойынша бастапқы әрекеттескен заттар жұбы
A) тұз қышқылы + натрий сульфиті
B) тұз қышқылы + натрий сульфиді
C) тұз қышқылы + натрий сульфаты
D) тұз қышқылы + натрий карбонаты
[1]
10. Сутек ионын анықтайды
A) лакмуспен
B) гидроксид - ионмен
C) фенол-фталеинмен
D) мыс ионымен
[1]
11.Натрий хлориді мен күкірт қышқылы әрекеттескенде түзіледі
A) көмірқышқыл газы
B) сары тұнба түседі
C) су түзіледі
D) ақ тұнба түзіледі
[1]
12. Реакцияда көк тұнба түзіледі
A) барий сульфаты + натрий гидроксиді
B) мыс (II) сульфаты + натрий гидроксиді
C) темір (II) сульфаты + натрий гидроксиді
D) кальций сульфаты + натрий гидроксиді
[1]
13. Соңына дейін жүретін реакция (қайтымсыз)
A) CuSO4 + KOH →
B) CuCl2 + KCl →
C) CuOH + KOH →
D) CuSO4 + K2SO4
[1]
14. Зат мөлшері бірдей NaCl мен KCl араластырылғанда түзілген ерітіндіні булатқанда қалған құрғақ қалдық құрамында болады:
A) екі түрлі тұз
B) үш түрлі тұз
C) төрт түрлі тұз
D) бір түрлі тұз
[1]
15. Екі негізді қышқылдар орналасқан топ
A) күкірт, тұз, бромсутек
B) күкірт, көмір, күкіртсутек
C) күкірт, азот, тұз
D) дұрыс жауап жоқ
[1]





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет