1
|
Оқушылар, зерттеушілер, тексерушілер алдындағы психологтың ерекше жауапкершілігі.
|
2
|
Оқушылармен жұмыс кезінде психолог сыпайылық танытуы
|
3
|
Педагог-психологтың жұмысы әр адамның тәуелсіз интеллектуалды және тұлғалық даму жолындағы шектеулерді жою бағытталған
|
4
|
Педагог-психолог өз жұмысын оқушы тұлғасының құқығын сақтай және белсенді түрде қорғай отырып істейді
|
5
|
Педагог-психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, сонымен қатар өзінің талдаулары мен ұсыныс беруінде мұқият және ұқыпты болуы тиіс
|
6
|
Педагог-психолог адамның дамуында және бостандығына физикалық және психологиялық құқығына қол сұқпауы және шектемеуі керек
|
7
|
Педагог-психолог өзін басқарушы тұлғаға ақпараттандырып оытруы міндетті, сонымен қатар басқа тұлғалардың адам құқығын бұзуын байқаған жағдайда өзінің кәсіби бірлестігімен мәлімдеуі керек
|
8
|
Педагог-психолог тек өзі жетік меңгерген білімі және квалификациясы бойынша ғана көмек көрсетуі тиіс
|
9
|
Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді, барлық ғылыми стандарттарға жауап беруші немесе толық апробациядан өтпеген жағдайда амалсыздан өткізу керектігін, қызығушылық танытқан тұлғаларды ескертіп және өз таңдаулары мен ұсыныстарында ерекше мұқият болуы тиіс
|
10
|
Педагог-психолог психодиагностикалық, психокоррекциялық және психотерапиялық әдістерді компоненттілігі жоқ тұлғаларға беруге құқығы жоқ.
|
11
|
Психологиялық білімі жөнінде дайындығы жоқ және осы сферада білімсіз психологияқ қызмет көрсетіп жүрген адамдарға психодиагностикалық және психологиялық әсер ету әдістерін қолдануға қарсылық танытып, оларды ескертіп, қолдануға психолог тыйым салуы қажет.
|
12
|
Педагог-психолог оқушының қалауы бойынша зерттеуді және кеңес беру барысында басқа адамдардың қатысуына қарсылық көрсетпеуі керек (психологиялық немесе медициналық психологиялық заңды түрде анықталған сарапшыизалардан басқалары)
|
13
|
Педагог-психолог индивидуалды психологиялық зерттеулер нәтижелерін үшінші бір адамға беру және мәлімдеу тек клиенттердің келісімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
|
14
|
Педагог-психолог мұғалімдерге, ата-аналарға, олардың орнын басушы тұлғаларға, оқу-тәрбие мекемелерінің әкімшілігіне бала жайындағы мәліметтер, тек балаға олар зиян келтірмейтін болған жағдайда ғана мәлімдеуге болады.
|
15
|
Педагог-психологтар психологиялық компоненттілігі төмен адамдардан психологиялық көмектерге жүгінуде кері әсерлердің болу мүмкінділігінің болуы жайында ескертіп, кәсіби психологиялық көмектін кімнен алуы керектігін нұсқауы керек.
|
16
|
Педагог-психолог адамдарға қасірет тигізетін жұмыстары мен іс-әрекеттердегі рөлдерге өзін қатыстыруға мүмкіншілік бермеуі тиіс.
|
17
|
Педагог-психолог оқушыға өзі қолынан келмейтін, орындай алмайтын уәделер бермеуі тиіс.
|
18
|
Егер баланың зерттелінуі немесе психологиялық әсер етулер басқа қызмет тұлғалардың талаптарымен жүзеге асырылатын болса, психолог осы жайында баланың ата-аналарын немесе олардың орнын алмастырушы тұлғаларға мәлімдеуі тиіс
|
19
|
Педагог-психолог өзінің жұмыс жүргізіп жүрген клиенттер жайындағы ақпараттарды құпия түрде сақтауда жауапкершіл болуы тиіс
|
20
|
Педагог-психолог өз жұмысын ұйымдастыруда өз зерттелінушілерінің денсаулығына, көңіл-күйіне немесе әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізбеу принципін ұстануы керек.
|
21
|
Зерттелінушілерге жүргізілетін әдістемелерді қауіпсіздік ережелері. Педагог-психолог зерттеу әдістемелерінің,зерттелінушінің денсаулығына, көңіл-күйіне, әсер етуші жалған ақпараттар бермейтін әдістемелерді қолдана алады.
|
22
|
Зерттелінушіге қатысты адекватты емес әсер етулер жайындағы ескертулер ережелері. Педагог-психолог өз клиенттерімен келісілген шарттар бойынша өз ұсыныстарын жүйелеп, зерттеу нәтижелерін сақауды ұйымдастыруды, осы ақпараттардың таралмауына және басқа да көздеген жеке мақсаттарда қоданбауды қамтамасыз етеді. Педагог-психолог зерттелінуші жайында ақпараттарды клиентке хабарлап отыруы тек зерттелушінің келісімін алған жағдайда ғана жүзеге асырылалы.
|
23
|
Педагог-психологтың кәсіби құзіреттілік ережесі, психологтан кәсіби игерген сұрақтармен жұмыс және құқықтарға сәйкестелінген практикалық әдістермен жұмыс жасауы талап етіледі.
|
24
|
Педагог-психолог пен оқушының бірлесіп жұмыс жүргізу ережелері, оқушы тұлғасының мазасыздандыратын сұрақтар аумағындағы психология ғылымындағы психологтың өз мүмкіндіктер шегін ақпараттандыруын талап етеді. Психолог оқушы тұлғасына психологиялық іс-әрекеттердің ережелері мен принциптерін айтып және осы ережелерді, әдістерді қолдануда оларға жетекшілік етуге оқушының келісімін алуы қажет
|
25
|
Педагог-психолог пен оқушының кәсіби қарым-қатынас ережелері психологиялық әңгімелесу әдістерін, бақылау және алға қойылған міндеттерді шешуде максимальды тиімді деңгейде әсер етуді және де, психологпен қарым-қатынастан зерттелінушінің қанағаттануын, симпатия сезімі мен сенімін тудыруды талап етіледі.
|
26
|
Зерттеу нәтижелерін негіздеу ережелері психологты зерттеу нәтижелерін психология ғылымында қабылданған терминдер мен түсініктерде жүйелеп, өз қорытындыларын алғашқы зерттеу материалын көрсете отырып, математикалық-статистикалық өңделген мәліметтермен жүйелеуін талап етеді.
|
27
|
Педагог-психолог оқушыға деген қандай да субъективті жағымсыздық сезімін танытып, оған психологтың көмегімен психологиялық кері әсер етушілігін болдырмауы қажет
|
28
|
Педагог-психолог іс-әрекетінің құпиялылық принципі сенімді қарым-қатынас негізінде психологтың зерттелінушімен жұмыс үрдісінде алынған материалдың сапалы түрде немесе кездейсоқ таралуын болдырмауы және осы мәліметтер тапсырыс берушінің, не зерттелінушінің, не психологтың, не болмаса психология ғылымына компромис жасалмайтындай етіп көрсетілуі тиіс.
|